Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасынатығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын шығара алмайәлек болады.
Түлкі:
Әу, құмыра! Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды?- дейді. Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды. Түлкі ашуланып:
Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын, – деп жүгіріп келіп, өзенге қойып кетіпті. Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек.
Ы. Алтынсарин
Бір уыс мақта
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:
Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.Шешесі:
Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.
Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны желкөтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:
Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? –деп сұрады.
Әжесі айтты:
Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.
Ыбырай Алтынсарин
Әтеш пен тоты құс
Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, аң мен құстардың ең әдемісі, сымбаттысы әтеш болыпты. Сондықтан ол өте такаппар екен. Жүріп-тұрса да маңғазданып, сылаңдай басады екен. Қоқыраяды да жүреді. Бірде-бір аңмен, не құспен сөйлеспейді. Жалғыз серігі тоты құс болыпты.
Тоты байғұстың үстінде жібі түзу, жөнді киімі де жоқ. Мына түріммен қалай барамын. Мен сенің досың деп білетін ел мазақтайды ғой. Маған үстіңдегі әдемі киіміңді бере тұршы, - деп қиыла жалыныпты.
Әтеш досының сөзіне сеніп, үстіндегі әдемі киімдерінің бәрін шешіп беріпті. Сөйтіп, тоты құс жасанып тұрып киініп алады. Қай мезгілде келетінін айтады.
Егер мен кешіксем, дауыстап шақыр. Келмей жатсам, тағы да шақыр, дауысыңды естиін, - дейді.
Сөйтіп, тоты құс әсем киініп, тойға кетеді. Бірақ ол қайтып оралмайды.
Әтеш ол естісін деп үсті-үстіне шақырады. Ешқандай хабар болмайды.
Содан күні бүгінге дейін әтеш тоты құс пен әдемі киімін іздеп, таң қылаң бергеннен, күн батқанға дейін айқайлап шақыра береді екен.
Ыбырай Алтынсарин
Достарыңызбен бөлісу: |