Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (Жол полиция қызметкері)
|
Айдында жүзеді,
Тірі күміс сүзеді.(Балықшы)
|
Өнерге тән жаратқан, Көкірегі кең аспан
Барша жұртты қаратқан, Бейнегер кім тым асқан? (Қылқалам шебері)
|
Маңдайға жағып шырақты, Лавалардан тұрақты, Ағызып отын өзенін,
Жылытқан кім өз елін? (Шахтер)
|
Адамның жүзін, Басы мен көзін. Айнытпай келбетін,
Салатын кім суретін?(Суретші)
|
Жасыл желек көгалда, Бірде артқа,
Бірде алға, Желаяқ көп бала,
Таласып жүр бір шарға. (Футболшылар)
|
Жолының көп азабы, Сондадағы тынбайды. Жаңалықты жазады, Көпшілікті таңдайды. (Журналист)
|
Кең байтақ туған жеріме, Кетпесін деп жат із өтіп, Тыныштық тілеп еліме, Отанды кім тұр күзетіп. (Шекарашы)
|
Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес ,бірақ та, Дәм мәзірін қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
|
Өрнектеп сәндеп, Тігістерін бүгетін, Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (Тігінші)
|
Қүміс қанат сұңқары. Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді.
(Ұшқыш)
|
Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
|
Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы,
Әдемілеп баптайды. (Етікші)
|
Дабылға тез жететін Жалынға сүңгіп кететін Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім
Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)
|
Достарыңызбен бөлісу: |