«Ауғанстан-от жалыны» «Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Оқу бағдарламасында патриоттық сезімге жетелейтін «Алғашқы әскери дайындық» пәні азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр. Алғашқы әскери дайындық – Қазақстан Республикасы азаматтарын Қарулы Күштерде, басқа да әскер және әскери құрамаларда қызмет етуге дайындайтын мемлекеттiк жүйенiң негiзгi құрамы болып табылады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Осыған орай, Қ.Шайменов атындағы ЖОББ мектебінде ақпан айының алтыншы жұлдызында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған аудандық семинар өткен болатын. Семинарға барлық Нұра ауданының АӘД пәнінің мұғалімдері, білім беру бөлімінің әдіскері – Биргебаев Бейімбет Құрышевич және қонаққа Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Семинарға келген ауған ардагерлері – Совитский Иосиф Иосифович, Узденбеков Болат Хамитович. Бұл семинардың мақсаты оқушыларды Отанын, елін сүюге баулу, Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету, оқытудың жаңа инновациялық үлгілерін пайдалана отырып, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастыруға қол жеткізу болатын. Сол күні АӘД пәнінің мұғалімі Елтаев Темирлан Жарасқанұлы «Калашник автоматын бұзу және жинау, оқтауға дейінгі бөлшектері мен механизмдерін орналасу қалпы, оқтау және ату кезіндегі автоматтың механизмдерінің жұмысы» тақырыбында әлемдік стандартқа сай сабақ өткізді. Ол сабақта жаңартылған білім мазмұны бойынша ақпараттық технологияларды, оқыту стратегияларын тиімді пайдалана алды. Сондай-ақ, «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында орыс тілі пәнінің мұғалімі Майкотова Н.Ж. тәрбие сағатын өткізген болатын. Сабақтан соң мектеп ұжымы мен оқушылар бірлесіп акт залында мерекелік іс-шара өткізген болатын. Оқушылар ән шырқап, би билеп, поэзия оқыды. Келген әріптестер тәжірибе алмасып, Ауған соғысының ардагерлері сол зұлмат сәттерін есіне алып, көздеріне жас алды. Бастан өткен оқиғалармен бөлісіп, оқуышылармен сұхбат жүргізілді. Келген қонақтар мектеп ұжымына өздерінің ризашылықтарын, алғыстарын білдіріп кетті.
Қ.Шайменов атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бахриденова З.С.