БағдарламасындағЫ «киелі», «Қасиетті»



бет1/6
Дата28.04.2022
өлшемі57,39 Kb.
#32674
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6


МАЗМҰНЫ





КІРІСПЕ

3

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ «КИЕЛІ», «ҚАСИЕТТІ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ




1.1

Қазақстан Республикасының рухани жаңғыру бағдарламасындағы туризмнің рөлі

5

1.2

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде киелі ұғымының мәнің ашу

14

2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КИЕЛІ ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ОБЬЕКТІЛЕРДІҢ ӘЛЕУЕТІ




2.1

Сакралды (киелі) география туралы түсінік және оның Қазақстанның туризмін дамытудағы рөлі

19

2.2

Қазақстан Республикасының сакралды (киелі) географиясына енген обьектілерге шолу

22

3

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ САКРАЛДЫ (КИЕЛІ) ТУРИСТІК - РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ




3.1

Алматы өңірінің сакралды (киелі) туристік-рекреациялық нысандарына жалпы шолу

26

3.2

«Тамшыбұлақ – шипалы бұлақ» - «Қапал Батыр кесенесі» атты табиғи - экскурсиялық маршрут

47




ҚОРЫТЫНДЫ

53




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

54




Қосымшалар

56


КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның өзектілігі: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстанның негізінде сакралды туристік - рекреациялық обьектілерінің әлеуетін айқындай отырып, Алматы облысының Қазақстанның сакралды географиясына енген танымал емес обьектілеріне туристік маршрут құрастырып, туризмді дамыту. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл - шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективадағы қазақстандық қоғам дамуының өзіндік идеалогиялық платформасы деп батыл айтуға болады. Қоғамдық сананың жаңаруы ортақ әлеуметтік кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың қажеттіліктерімен тікелей байланысты. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез - құлық тәжірибесі, салт - дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді [1].

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басып келеді. Біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Қазақстанның сакралды туристік - рекреациялық обьектілерінің әлеуетін қарастырып көрдік. Қазіргі таңда Қазақстанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» «Туған жер» жобаларын құру мәселелері талқылану үстінде. Бағдарлама аясында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді қолға алу көзделген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында елімізде көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Қазақстанның Республикалық маңызы бар сакралды 100 обьектісіне Алматы облысынан 17 обьекті кірді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Алматы облысының Туризм басқармасының атқарып отырған жұмыстары көп. Алматы облысының туристік обьектілері шетел қонақтары мен еліміздің азаматтары арасында танымалдығы жоғары деңгейде. Туризмді дамыту мақсатында мемлекетіміз үнемі жаңа бағдарламаларды ұсынуда. Соның бірі «Ғасырлар тоғысында» атты жобасы.

Экскурсия мүмкіндігі шектеулі балаларға және жағдайы төмен отбасынан шыққан туристік клубтардың қатысушыларына арналған. Оның мақсаты балалар туризмін дамыту және олардың дүниетанымын кеңейту. Оған 50 бала қатысып, «Алтын Емел» ұлттық - табиғи паркімен танысып қайтты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды. Алматы облысының сакралды туристік обьекітілерінің маңызы үлкен болып келеді. Елімізге туристтерді шақыруда еліміздің сакралды обьектілеріне жарнама көп жасалу керек, жарнама арқылы біз туристтерді тиімді шақыра аламыз. Алматы облысының табиғаты көркем әрі ерекше мекен болғандықтан, ондағы туризм саласын дамыту соның ішінде сакралды нысандардың тарихын маңыздылығын насихаттай отырып, еліміздің рухани жаңғыруын басты міндет деп есептейтін боламыз [1].

Зерттеу нысаны: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Алматы облысының негізінде сакралды (киелі) туристік - рекреациялық обьектілері.

Зерттеу пәні: Қазақстанның киелі объектілері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет