Енисей жазбалары), орта ғасырлық түркі тілдерінде (Қашқари, Абу-Хайян,
жіктелуінің қазақ тіліне үқсас әзгеше қүбылыста-ры. Ерекше қүбылыстардың
тарихи-тілдік негіздері.
Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің түбір морфемасы жайлы сөз
қозғалғаңда, түбірдің фонетикалық қүрылысы мен сыпаты, аумақ көлемі
жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің
байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Сейтіп түбір морфема
екінші жағынан буын ретінде де үғынылады. Сондықтан да алғашқы түбір,
негізгі түбір дейтін үғымдар сол түбірді қүрайтын буынның сыпаты жайлы
үғыммен тығыз байланысты болады.
Лексикалық қордың үйтқысы бір
буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына
жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады. Бүл ерекшелік,
яғниібайырғы түбірдің бір буындылығы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да
сақталған. Қазіргі қазақ тілінің сездік қорында бір буынды түбірлер, екі
томдық "Қазақ тілінің түсіңдірме сөздігі" бойынша 60 процентке жуық, яғни,
қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының жарымынан кобі тек қана бір буынды
түбірлер. Сәз топтары ьщғайынан қарастырғанда, етістіктер қүрамында бір
буынды түбірлердің саны екі буындыларға қарағанда әлдеқайда аз, бірақ сол
азғана топ бір буындылар барлық етістіктердің үйтқысы болып отырады.
Бір буыңды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға (екі
буынды, кейде үш буынды) айналып, кейін осының езі түрақты қүбылысқа
айналған. Қазіргі тілдегі екі буынды байырғы түбірлердің кебісі-ақ жай
кәздің өзіне де байырғы түбір мен қосымшаға ажырайды. Мысалы, аршы,
ашы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек есімдерімен және
айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, -үр шығады.
Дегенмен, екі буындылардың (тіпті кейбір үш буындылардың да)
қалыптасуын беріде болған қүбылыс деп қарауға болмайды. Егер
хронологиялық жүйемен қарастырсақ, бір буындылармен қатар 2—3 буынды
түбірлердің актив қолданылуын Ү-ҮІІІ ғ. ескерткіштерінен үшыратамыз.
Орхон-Енисей тобына жататын ескерткіштер ішіндегі ежелгілерінің бірі,
зерттеулерге қарағанда, Енисей ескерткіштері. И. А. Батманов бір
буындылармен қатар екі буынды түбірлердің, сондай-ақ үш буынды
түбірлердің де Енисей ескерткіштері тілінен кездесетіндігін, бірақ бір
буындылардың басымдығын көрсетеді. Орхон ескерткіштерін зерттеуші Ғ.
Айдаров ол жазбалар тілінде түбір зат есімдердің кебіне бір буынды, екі
буынды болып отыратындығын көрсетеді. Ал үш буынды зат есімдер күрделі
сөз түрінде келетіндігін айтады. Бірақ Ғ. Айдаров зерттеуінше етістік түбірлер
тек бір буынды, не екі буынды ғана болып келеді.
2
Дегенмен, сол екі буынды
етістік түбірлердің кейбірін түбір мен қосымшаға ажыратуға болады. Ғ.
Айдаров керсететін уды (үйықтау) етістігін сол жазбаларда кездесетін у
есімімен салыстыруға болады, сонда соңғы -ды қосымша болып шығады, сол
сияқты йасы, тыңда, йаңыл тіс гіктерін де түбір (йас, тың, йаң) мен
қосымшаға ажыратуға әбден болды. Көне үйғыр жазбалары тілін жете
зерттеген В. М. Насилов
сондай ескі қалдықтарды салыстыру арқылы
дөлелдене алады. Түркі тілдерінің көпшілігіндегі сияқты, қазақ тілі де көне
түркілік г, г, д, б дыбыстарының дауысты дыбыстармен тіркесі дифтонгілерге
айналған тілдер тобына жатады. Бірақ қазақ тілінде дифтонгілермен
айтылатын түбірлермен қатар, көне г, г, д, ^дыбыстарының жаңа сапаға —
қатаңға айналған түрін сақтаған да сөздер бар. Қазіргі қазақ тілінде екі топ
параллельдер (әрине, тарихи) үшырасады. Бір тобы дыбыстардың жоғарғы
айтылған тарихи ауысуларының негізінде қалыптасқандар. Бірақ ондай
түбірлер сан жағынан аз. Олар: бій, бек, сөз, сап (сөз саптау тіркесінің
қүрамында), тақ, тау, сық (бір нәрсені сықты), сый (сыйып отырды), тоқ,
Достарыңызбен бөлісу: