Пәнді оқыту мақсаты: «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» курсы бүгінгі
тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымның осы күйге жету жолын,
эволюциясын тарихи салыстырма әдіс негізінде түсіндіруді міндет етеді.
Сондықтан тарихи грамматика курсы сөздердің грамматикалық кластарға
жіктеу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу
эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың
тілдің лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсері тәрізді
мәселелерді тексеруі керек.
Халықтардың қалыптасу дәуірінде, сондай-ақ даму барысында болып
отырған әр түрлі экстралингвистикалық факторлар тарихи грамматика
курсында белгілі бір грамматикалық категория әлде грамматикалық тұлғаның
қалыптасу тарихын түсіндіретін қосымша дәлел ретәнде қаралады
.
Достарыңызбен бөлісу: |