Бағдарламасының магистранттарына ӛзіндік жұмыстарды орындауға арналған Әдістемелік нҧСҚАУ



Pdf көрінісі
бет33/47
Дата09.10.2024
өлшемі1,02 Mb.
#147493
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау 2024

 
МӚЖ 
құрылымы тӛмендегіше болады: 
1.
Тақырыптың анықталуы. 
2.
Тапсырмалар мен сұрақтардың нақтылануы. 
3.
Кеңесті ӛткізу немесе қабылдау формасы. 
4.
Таратылатын материалдармен жұмыс. 
5.
Қажетті әдебиеттер мен интернет сайттарын анықтау. 
6.
Сабақты бекіту. 
Оқытушымен бірге магистранттың ӛздік жұмысы кредиттік жүйедегі 
аудиторлық сабақ түрінде жүргізілетін білім берудің бір түрі. МОӚЖ кеңес 
беру және бақылаушылық қызметтерін атқарады. МОӚЖ бұл оқытушымен 
студенттер бірігіп диалог режимінде жүргізілетін оқу сабағы, мысалы тренинг, 
пікірсайыс, іскерлік және дидактикалық ойындар, тұсаукесер, кейс құрастыру, 
жеке, топтық жобаларды ӛңдеу және т.б.
Әрбір МӚЖ-ге әр түрлі материалдар дайындалуы қажет (кейстер, ойындар, 
тестер, сӛзжұмбақтар, т.б.). Олар қандай да бір сұрақтарды шешуге, оларды 
кеңейтуге, әр түрлі жағдайларды, тапсырмаларды және тағы басқаларды 
шешуге, талдауға негізделеді. 
МӚЖ келесі қызметтерді атқарады: кеңес беру және бақылаушылық. 
Кеңес беру қызметтері:

әрбір пән бойынша магистранттың ӛздік жұмысына кӛмек беру; 

материалдарды меңгеруге қандай әдісті қолдану керектігін таңдауға 
студентке кӛмек беру;

студенттерге қиындық тудыратын тақырыптарға қосымша түсінік беру;

оқу материалдарын тереңдетіп оқытуға меңгерту;

ғылымилықпен айналысудағы магистранттың ӛздік жұмысына кӛмек 
беру. 
МӚЖ бақылаушылық қызметі білім алуда магистранттың ынтасын 
жоғарылату үшін ағымдағы межелік және қорытындылау мен магистранттың 


52 
білімін бағалау барысында жүзеге асырылады. МӚЖ барысында магистрант 
тютерден кеңес алып, бақылау, семестрлік және курстық жұмыстарды 
орындауға тапсырма алады (ағымдағы және рейтингтік бақылау).
Қазақ тілінің стилистикасы пәні бойынша МӚЖ түріне реферат, 
баяндамалар, конспект, сондай-ақ мысалдар теріп карточка жасап ӛткізуді 
жатқызуға болады. 
Оларға дайындалу негізінде магистранттың ізденуі, алдын-ала қажетті 
әдебиеттерді іздестіруі, керекті материалдар жинауы, ӛзіндік кӛзқарасын 
білдіре білуі, оларды орындаудағы жоспар жасауы магистранттың ӛз бетімен 
жұмыс жасай білуіне кӛмегі зор. 
Жұмыс түрлері магистранттың ойлау қабілетін дамытады және оқыған 
материалдарына талдау жасай білуіне кӛмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет