Ескерту: Егер студент тапсырманы кестеге сәйкес дұрыс тапсырмаса, ұпай саны шегеріледі. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ЖҤЙЕСІ Бақылауға арналған тапсырмалар 1-нҧсқа № 1 тапсырма. Берілген мәтіндік үзіндіден стильдік белгілерді анықтап, олардың функционалдық стильдің қай түріне тән екенін ажыратыңыз. Тілдік құралдардың қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасаңыз. Түйсіну деп ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім
мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде олардың жеке қасиеттерінің
сәулеленуін айтады. Түйсінуді біздің барлық біліміміздің бұлағы деуге болады.
Түйсіну дегеніміз – қозғалушы материяның бейнесі. Түйсіну болмаса, біз басқа
жолмен заттың, қозғалыстың ешқандай формалары туралы ешнәрсе біле
алмаймыз. Түйсіну қозғалуы материяның біздің сезім мүшелерімізге әсер
етуінен туады. Адам ақиқат дүниені ең алдымен, ӛзінің сезім мүшелері арқылы
ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер
тигізбесе, түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам әсер етуші заттың,
я құбылыстың жеке қызметтерін, олардың қаттылығын, не жұмсақтығын,
тегістігін, бұдырлығын, ауыр я жеңілдігін, ыстық-суықтығын, иісін, дәмін,
түсін, шығаратын дыбысын, тағы басқа қасиеттерін сезеді (Т.Тәжібаев).
№ 2 – тапсырма. Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтап, тілдік құралдардың стилистикалық қызметіне талдау жасаңыз. Қазіргі бал араларының ата тегі мен жер бетіндегі гүлді ӛсімдіктердің
арасындағы қарым-қатынас гүлдің тозаңдануына және онда бал шырынының
жасалуына себепші болды. Мұндай ерекше құбылыс азық іздеген алғашқы
адамның кӛзіне шалынды. Бұған тасқа жазылған суреттер дәлел бола алады.
Мысалы, шығыс Испания үңгірлерінен ағаш басынан бал жинап жүрген адам
бейнесі бар суреттер табылды.
Ғалымдардың болжамына қарағанда, бұл суреттердің жасалғанына он мың
жыл болған.
Сондай-ақ Орталық Үндістандағы ертедегі адамдар тұрған үңгірден де
осындай суреттер табылған. Оның бірі кӛлемді ыдысқа бал тосып алып жатса,
екіншісі баспалдақпен жоғары шығып бара жатыр.
Ғалымдар Алтайдағы Алтынкӛлдің жағасын, Сібір жерлеріндегі тарихи
ескерткіштерді зерттегенде, бал арасын бейнелейтін суреттер тапқан
(Қ.Сыбанбеков).