9
- лингвистикалық түсіндірме-қазіргі қазақ әдеби тілін қазіргі әдеби
нормамен шендестіру тұрғысында тілдік бірліктерді, соның ішінде тілдік
бірліктердің функциялық-стильдік және стилистикалық бояуын қарастыру;
- семантикалау, ұғымы кӛмескілеу сӛздерді, сол сияқты идеялық-
теориялық жүктемесі (лексика-фразеологиялық деңгейі) ауырлау сӛздерді
түсіндіру. Бұл мағынада сӛйлем мәтіннің бейнелілігі мен тілдің эстетикалық
тұрғысынан статикалы, шартты болып келуін кӛрсетеді (микробейнелерді,
кӛркемдік және нақыш формаларын және т.б. табу).
Мәтінді талдаудың негізгі деңгейлері:
- бейнелік-тілдік (сӛздің бейнелеу құралдары);
- құрылымдық-композициялық;
- идеялық-тақырыптық.
Мәтінді лингвистикалық талдаудың негізгі принциптері:
- историзм принципі (шығарма жазылған тілдік дәуірді ескеру);
- шығарманың формасы мен мазмұнының ӛзара байланысын, ӛзара
шарттылығын ескеру принципі (мазмұнға, сондай-ақ, сол мазмұнның әсерлік
сипатын күшейтуге, прагматикалық функциясына бағытталған тіл құралдарын
ескеру);
- мәтінді талдауға деңгейлік принцип (мәтіндегі тілдік жүйенің барлық
таңбалық деңгейлерін зерттеу);
- жалпы мен жекені үйлестіру принципі (мәтіндегі жалпы тілділік, жалпы
стильдік, жалпы жанрлық пен жеке авторлықтың ӛзара әрекеттестігін ескеру).
Достарыңызбен бөлісу: