Күтілетін нәтиже: Жануарлар әлеміндегі оқулықта жоқ мәліметтермен кеңінен танысып, дүниетаным көкжиегін кеңейткен, пәнге деген қызығушылығы жоғары деңгейдегі , алған білімін өмірде қолдануға бейімделген тұлға
Оқушы білуі тиіс:
-Жануарлар әлемінің жіктелуін;
-Жануарлардың тіршілік әрекетін
-Жануарлардың маңызы мен оларды қорғауды ;
Оқушылар жасай алуы тиіс:
-Шығармашылық жұмысты өздігінен жасай алу;
-Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу;
-Алған ақпаратты талдай білу және қорытынды жасай білу;
-Шығармашылықпен жұмыс жасай білу
Қызықты зоология курсы 7 сыныпта 34 сағатқа арналып жасалған.
Курс сынақ алумен аяқталады. Оқушылар сынақ тапсыру барысында жыл бойы зерттеген жұмыстарын тапсырады.
Курстың мазмұны:
1тарау. Қоршаған орта және олардың тіршілік иелері 2 сағат.
Ауада, суда, топырақта, жер астында тіршілік ететін тірі ағзалар.
Жануарлардың қоршаған ортасына бейімделуі
2 тарау.Жануарлар әлеміндегі алыптар мен ергежейлілер; 2 сағат
Мұхит алыптары /акула мен скаттар/, құрлық алыптары /піл, мүйізтұмсық, аюлар/ Қарапайымдар
3 тарау.Сауытты жануарлар. 2 сағат
Тасбақалар, жыландар кесірткелер, балықтар. Жануарлардың жасырынғыш жабыны, Сауыттың беріктігі мен әлсіздігі.
5тарау.Улы жануарлар 4сағат.
Удың қасиеттері, Улы бездің орналасуы. Улы медузалар, аралар, соналар, өрмекшілер, қосмекенділер мен жыландар. Улы жәндік шаққандағы алғашқы көмек.
6 тарау.Құрылысшы жануарлар. 2 сағат
Су кәмшатының тіршілігі, олардың құрылысы, құрылысқа пайдаланатын материалдары. Өрмекшілер, аралар, құстар - керемет құрылысшылар.
7 тарау.Ұрпағына қамқорлық. 2 сағат
Ұрпағына қамқорлық жасайтын жануарлар. Ұрпағына қамқорлық жасамайтын жануарлар. Жануарлардың ұрпағына қамқорлық жасау себептері.
8 тарау.Жануарлардың тілі. 2
Аралардың биі, жарқанаттардың, дельфиндердің ультрадыбыспен қозғалуы, құстардың сайрауы, Химиялық тіл және оларды танып білу
Достарыңызбен бөлісу: |