«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Бағыты: «Қазақ елі – зиялылар мекені» Тақырыбы: «Ардақты, бар Нәзипа деген ханым»
Орындаған: Бекенова Мөлдір, Ақылбекқызы Жаннұр Мамандығы, курсы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 4 курс Жетекшісі: Комаева Маржан Сейфуллаевна «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Семей қаласы
Жоспары: I.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Нәзипа Құлжанованың өмірі мен шығармашылығы
2.2 Нәзипа Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбиеге қосқан үлесі
2.3 Кіші ғылыми орталығын зерттеу нәтижелері
III.ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі күні ұстаз, ағартушы, қайраткер Н.С.Құлжанованың туғанына 135 жыл толып отыр. Сол жылдар уақыт аралығында Нәзипа Құлжанованың қаншама еңбектерін жазып, мектепке дейінгі тәрбиеге өз үлесін қосқандығында байқауға болады. Нәзипа Құлжанованың мектепке дейінгі білім беруде қолдануға болатын түрлі еңбектерің жаза отырып мектепке дейінгі педагогиканың негізін қалаушы екендігін бір сөбен айтқанда Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың ізбасары, қазақтын көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың аяулы ұстазы.
Ғылыми жобаның болжамы:Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөліміне арнайылап ашылған «Кіші ғылыми зерттеу орталығының» жұмыс нәтижесі ретінде болашаққа үлгі- өнеге болатындығы үшін баспаға ұсыну.
Жобаның мақсаты:Н.Құлжанова мақалаларын негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерін, даму ерекшеліктерін қалыптастыру.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ Мен тақырыбымды ашпастан бұрын С.Торайғыровтың мына бір өлең жолдарымен бастағым келеді.
Ардақты, бар Нәзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел оқысын деп,
Оқығандар бағалар сөздің мәнін.
Неше күн қыдырсанда таба алмайсың,
Семейдің одан өтер адал жаның.... осы өлең жолдарынан-ақ Нәзипа Құлжанованың кім екенің тануға болады.