Зерттеу жұмысы Тақырыбы: «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ» АРХЕТИПІ»
Бағыты: гуманитарлық
Секция: этномәдениеттану
Орындаған: Кеңесбай Сымбат
7-сынып оқушысы
А. Байтұрсынұлы атындағы гимназия
Қаратау қаласы, Талас ауданы, Жамбыл облысы
I . КІРІСПЕ.........................................................................................................4-5
II . ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Архетип – ұлттық болмысқа үңілудің жолы......................................6-9
Қара шаңырақ архетипінің көркем прозада көрініс табуы...........10-13
III . ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................15
ҚОСЫМШАЛАР
АННОТАЦИЯ
Ұсынып отырған жұмысым әлемдік көркем шығармаларда кездесетін архетип ұғымын қазақ прозасынан тауып, дәлелдер келтіру. Әлі де тың, аса зерттеле қоймаған тақырып менің қызығушылығымды тудырды. Қазақ халқындағы «жеті ата», ру мен текті білу ұрпақтан-ұрпаққа қанмен берілетін ұлттық архетиптер менталдық деңгейде санамызда сақталып қалады. Ертеден салт-дәстүрімізде қалыптасқан ұғымдардың болуы: қазақ үшін шаңырақ киелі саналады, ұлттық ою-өрнектегі бейнелер мен төрт түлік малға қатысты ұғымдардың ата-бабамыздың тұрмыс-салтының бір көрінісі, мүшел жас, ас атасы - нан мен сүтті – ақ деп қастерлеуі сияқты архетип символдар жадымызда сақталған. К.Г. Юнг жеке тұлғаның қалыптасуында да ұлттық архетип бағыт-бағдар беруші, адамның ішкі діңі ретінде түсіндіреді. Өз кезегінде, адам санасында сақталған архетиптер шығармашылық ізденіс барысында, мысалы, ақын-жазушыларда бейсаналы түрде жаңғырып, шығармаларында көрініс табады. Мәселен, қазақ әдебиетінде М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Әуезовтердің көркем туындыларында ұлттық архетиптерді кездестіреміз. Осы жазушылардың шығармаларында обал, сауап, қиянат жайлы халықтық ұғымдарды ұрпаққа ұлағат ету үшін жинақты, тұспалды ой айтудың құралында пайдаланғандығы аңғарылады. Жазушылар кейіпкердің өзін және оның айналасын өлім арқылы сынап, жалғандық пен шынайылықтың бет-бейнесін ашады. Мысалы, мифтік ұғым бойынша есік тұтқасы – игерілген кеңістік пен сырт кеңістіктің аралық нүктесі шығармадағы үй есігінің ашылуы, жабылуына мән берілу арқылы да жазушы өткен мен бүгін, өлім мен өмір, ізгілік пен зұлымдықтың ара қатынасын, яғни алмасып жататын өмір құбылыстарын бейнелеген.
Демек қандай кезеңдерде де архетип пен әдебиеттің байланысы бірде табиғи, бірде мақсатты түрде үнемі жалғасып отырған.