Бағытталады. Тоқ ішек іш қуысы мен жамбас астау қуысының аралығындаорналаскан



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата20.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#69379
1   2   3   4
БЕЛОКТАРДЫҢ ІШЕКТЕ ҚОРЫТЫЛУЫ

Барлық омыртқалы жануарлардың ұйқы безінде трипсиноген,химотрипсиноген, 
прокарбоксипептидаза А және В, проэластаза сияқты проферменттер жасалып
шығады да, сөлмен бірге он екі елі ішекке барады. Он екі елі ішекте трипсиногенді ішек
энтерокиназасы активтендіреді, алхимотрипсиногенді трипсин активтендіреді. Сөйтіп
активті фермент трипсинмен химотрипсин түзіледі . 

Трипсин пептидтерін үзіп бөліп жіберу арқылы басқа да проферменттерді
деактивтендіреді, соның нәтижесінде активті карбоксипептидаза А және В.эластаза
түзіледі. Баяндалғаннан байқалып отырғандай, асқорытушы бездерден бөлініп шығатын
ферменттер активті емес екен. Оның ерекше маңызы бар, егер олар активті болса, 
ұлпаның өзі белоктарын ыдыратып бұзар еді.

Ішектердің ішкі жалқаяғында протеолиттік ферменттер аминопепти-дазалар және әр
түрлі дипептидазалар болады. Ол ферменттер клетка ішінде әрекет жасайды. Осы 
айтылғандардан мынадай ұғым қалыптасады: қарыннанкелетін белоктар мен 
полипептидтердің қоспасын ішектерде протеолиттік ферменттердің қуатты тобы қарсы
алады..



Трипсиннің әсерінен белок молекуласында немесе полипептидте лизинніңнемесе
аргининнің карбоксильдік топтары түзген пептидтік байланыстаргидролизденеді.

Химотрипсин әсіресе ароматты амин қышқылдарының (фен, тир, три)карбоксильдік
топтары түзген пептидтік байланыстарды үзеді. Пепсинніңәсерімен салыстырғанда, 
аталған екі ферменттің әсері субстратты күштігидролизге ұшыратады және төмен
молекулалы пептидтер түзеді.


АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ІШЕК АРҚЫЛЫ
СОРЫЛЫП СІҢУІ

Белоктардың ішінде тек уыздың иммуноглобулині ғана
ыдырамаған күйінде сүтқоректі жануарлардың жаңа
туған төлінің ащы ішегіндегі эпителий бүрлері арқылы
сорылып, тіршілігінің алғашқы 30 сағаты ішінде қанға
сіңеді.Осындай уақыт өткенне кейін
иммуноглобулиндер де басқа белоктар сияқты
қорытылып, өзінің қорғаныш қасиетін жоғалтады.Ащы
ішекте амин қышқылдары талғап сорылады. Негізінен
ол, глюкоза тасымалдағандай, концентрация 
градиентіне қарсы активті тасымалданады.Амин
қышқылдарын тасымалдау үшін тасымалдаушы -
белоктар және Na иондары қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет