Бақылау диктанттары



бет8/15
Дата13.10.2022
өлшемі175,5 Kb.
#42898
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
Диктанттар

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады. Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар.

  1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.

  2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға

  1. Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.

  2. Мәтіннен сан есімді табыңдар.



Тары
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын сызыңдар.
3.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.


Күзгі өсімдік.
Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар бұтаққа симайды. Төгіліп тұр.
Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі тұқым шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады. Бойларындағы азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық қорқынышты емес. (53 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты.

  1. Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

  2. Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

  3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

Шофер
Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді.

  1. Е қандай дыбыстардан құралады?

  2. Дауысты дыбыстарды жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет