Жекелеме таңдау бойынша бақылау- əкімшілік қызметкер (топ менеджерлер) өзінің жеке жоспары бойынша ескертусіз мұғалімнің сабағына қатысады. Бұл тексеру күнделікті мұғалім жұмысына баға беруге бағытталады. Бақылау нəтижесінде сабаққа өзіндік жəне өзара талдау жасалады.
Қосымша бақылау- жас мұғалімдермен, педагогикалық тəжірибелері аз мұғалімдермен жұмыс. Бақылау барысында ескерілетін жайттар: нені бақылайтынын, негізгі критерийлерінің мəнін білу; ішкі жəне сыртқы байланыстарды ажырата алу; бақылау шараларын жүргізуде жағымды атмосфера құру; тиімді қарым-қатынасқа түсу;бақылауды шамадан тыс, артық жүргізбеу;
Мектепішілік бақылау əдістері:
1. Тікелей бақылау əдісі. Пəн мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс əрекетін бақылау: өзара сабаққа қатысу, сыныптан тыс шараларға қатысу, тəрбие жұмыстарын тексеру т.б.
2. Құжаттарды тексеру əдісі – хаттамалар, тəрбиелік іс шара жоспарлары, кысқа мерзімді (ҚМЖ), орта мерзімді жоспарлар (ОМЖ), сынып журналдары, есептер оқушы дəптерлері, ата-аналармен байланыс жұмыстары т.б.
3. Мүдделі топ өкілдерімен (оқушылар, мұғалімдер__________, ата-аналар) əңгімелесу. Ағымдағы жағдайлар бойынша толқсан сайын əңгімелесулер, пікіралмасулар жүргізіліп отырылуы тиіс.
4. Кешенді тексеру əдісі – жекелеме сыныптар тексеріледі. Тексеруші бір сыныптың күні бойғы барлық сабақтарына қатысады. Тексеру мақсаты-əр жағдайда оқушылардың жұмысқа қабілеттіліктері, белсенділіктері, шығармашылық еркіндіктері, талаптарды орындауларын анықтау.
5. Арнайы мамандарды шақыртумен мақсатты тексеру əдісі- мектеп басшысы белгілі пəн мұғалімдерін маман ретінде бақылауға қосу арқылы жекелеме мұғалім жұмысына немесе үрдіске əділетті баға беруін ұйымдастырады.
6. Ауызша бақылау əдісі – мұғалімдермен оқыту немесе тəрбие үрдісі жайлы сөйлесе отырып, оқушылармен өтілген тақырыптар бойынша əңгімелесе отырып, бақылау жүргізіледі.
7. Аралас бақылау əдісі – ауызша жəне жазбаша əдістерді біріктіре отырып жүргізілетін бақылау əдісі.
8. Озат педагогикалық тəжірибелерді зерттеу əдісі
9. Əлеуметтік тексеру əдістері – сауалнамалар, сұхбат, əңгімелесу.
10. Диагностикалық əдістер- жинақталған мəліметтерді сараптау.
11. Мектеп құжаттарын тексеру əдісі- оқушының жеке бас құжаттары, үлгерім табелдері, сынып журналдары, хаттамалар жинағы, бұйрықтар жинағы, факультатив журналы, мектеп бітіру аттестатын тіркеу кітабы т.б. Бақылау үшін қажетті ақпараттарды сондай-ақ мектеп мұрағатынан да алуға болады, онда құжаттар 5 жыл көлемінде сақталады.
Қазіргі уақытта фотоесеп əдісі де қолданылады. Фотоесеп – еңбекке кеткен уақытты тұтастай өлшеуде қолданылатын нормативті бақылау түрі.[25, 33] Фотоесеп орындалған жұмыс түрінің жүру барыс жайлы визуалды ақпарат береді. Мысалы, жүргізілген іс-шара, сабақтың барысынан түсірілген суреттер т.б. Бақылау əдістерін таңдау бақылау мақсаты мен нысанына, уақытқа байланысты. Бақылауды тым асыра жүргізу қызметкерлердің тыныштығын бұзып, ішкі күйзеліс, психологиялық қысымға əкелуі мүмкін. Бақылаусыз оқу-тəрбие үрдісінің жалпы сапасы түсіп кетуі де мүмкін, сол себепті басшылық тарапынан бақылау жүйелі, бірізді, жоспарлы ұйымдастырылып отыруы тиіс. Бақылау стратегиялық бағытта, белгілі нəтижелерге
бағдарланған, іске сай, уақытымен жүргізілген, икемді, уақыт үнемділігін сақтайтындай негізде жүргізілуі тиіс. Қазіргі менеджмент талаптарына сай іс-шараларды іске асыру үдерісті қадағалау – үдерісті бақылау, кеңес беру, түзету болып табылады. Білім беру ұйымында кері байланыс жүйесі болады жəне ол тиімді қызмет етуі тиіс. Кері байланыс тетіктері: электронды журнал, оқу орнының веб сайты, мектеп басшылығына арналған «шағымдар мен ұсыныс жəшігі» т.б. Мектеп басшылыған келіп түсетін шағымдар мен ұсыныстар, өтініштерге уақытында жауап беріліп, орындалуына басшылық кепілдік беруі тиіс.
Кесте 1. Мектепішілік бақылау жоспары үлгісі
№
|
Бақылау мазмұны
|
нысаны
|
мақсаты
|
түрі
|
бақыл ау əдісі
|
мер зімі
|
жау апт ы
|
Бақылау қорыты ндысы
|
1
|
Қауіпсіздік шаралары
|
Кабинет паспорттары
, қауіпсіздік дəптерлері
|
Қауіпсіздік (Техникалық, жеке т.б.) талаптарының сақталуы, оқу жылына дайындық
|
Жек е
|
Құжат тарды тексер у
|
Қы ркү йек
|
Бақ ыла у тоб ы мүш есі
|
Анықта ма
|
2
|
Бастауыш сынып мұғалімдері нің əдістемелік оқу құралдарын
шығаруы
|
Бастауыш сынып мұғалімдері нің əдістемелік құралдары
|
Мұғалімдерді ң ғылыми- шығармашыл ық əлеуетін дамыту
|
Жек е
|
Аралас
-
бақыла у
|
Қар аш а
|
Мек теп əдіс кері
|
Анықта ма
|
3
|
Бастауыш сынып
|
Бастауыш сынып
|
Педагогикалы қ
|
кеш енді
|
Əлеум еттік
|
жел тоқ
|
əдіс кер
|
Професс
|
Кесте 2.Бастауыш сыныпта пəндердің берілуін мектепішілк бақылаудың
жоспар-үлгісі
№
|
Бақылау мазмұны
|
Бақылау нысаны
|
Бақылау түрі
|
Бақылау мерзімі
|
Жауапты
|
Бақылау қорытынд ысы
|
1
|
Оқу журналдарын тексеру
|
3-4
сыныпта р
|
ағымдық
|
Қыркүек- қазан
|
Оқу ісінің орынбасар ы
|
анықтама
|
2
|
Дүниетану пəні бойынша білім кесіндісін алу,
қорытындылары
|
2 сынып
|
ағымдық
|
қараша
|
Бақылау тобы
|
анықтама
|
3
|
Білім алушылардың үлгерімі жəне сабаққа қатысуы.
|
1-4
сыныпта р
|
қорытын ды
|
қаңтар
|
Пəн оқытушыс ы
|
есеп
|
Достарыңызбен бөлісу: |