Бақылау және оның түрлері
Бақылаудың үш негізгі түрі бар: алдын ала, ағымдағы және қорытынды. Жүргізілу түрі бойынша бұлардың барлығы ұқсас, өйткені бір мақсатты көздейді, тек атқарылу уақыты жағынан ғана өзгешеленеді.
Алдын ала бақылау. Бақылаудың бұл түрінің негізгі құралдары - белгілі бір ережелерді, рәсімдерді (процедураларды) және мінез-құлық, тәртіп жүйесін жүзеге асыру (иә, нақ жүзеге асыру, құру емес). Ұйымдарда алдын ала бақылау үш басты ауқымда - адам, материалдық және қаржылық ресурстарға байланысты қолданылады.
Адам ресурстары ауқымындағы алдын ала бақылауға атқарушыға аса қажетті іскер және кәсіби білім мен дағдыларды талдау арқылы қол жетеді. Көптеген ұйымдарда адам ресурстарын алдын ала бақылау оларды оқыту курсы барысында жалдаған соң да жалғаса береді. Алдын ала оқыту курсы жалданған еңбеккерлердің тиімді жұмыс істеу ықтималдығын арттырады.
Жоғары сапалы (бәсекеге мумкіншілікті) өнімді нашар шикізаттан жасау мүмкін емес. Сондықтан, өнеркәсіп фирмалары өздері қолданатын материалдық ресурстарға (сапа стаңдарттарын жасау, заттай тексеру, қорларды қамтамасыз етуге және т,б.) міндетті түрде алдын ала бақылау орнатады.
Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудың маңызды құралы жоспарлаудың міндетті қызмет аясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бюджет (ағымдағы қаржылық жоспар) болып табылады. Бюджеттер шығындардың шекті мәнін белгілейді және солайша қайсыбір бөлімге немесе ұйымға өзінің қолма-қол қаражатын түп-түгел түзетуге мүмкіндік бермейді.
Ағымдағы бақылау жұмыс жүргізу барысында тікелей жүргізіледі. Бағыныштылардың жұмысын жүйелі түрде тексеруг жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен пайда болған проблемаларды талқылау межеленген жоспар мен нұскаулардан ауытқуды болдырмауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін басқару аппаратына кері байланыс қажет.
Кері байланыс жүйесі басшылыққа көптеген болжанбаған мәселелерді айқындап, өзінің мінез-құлық, тәртіп жүйесін түзеуге мүмкіндік береді.
Кері байланыс жүйесінің көмегімен бақылау ұйьмды басқару теориясын табу болып саналмайды. Мұндай жүйелер -табиғаттың ең кең таралған құбылыстарының бірі.
Барлық тірі организм тіршілік ету үшін кері байланыс негізіндегі бақылау жүйесін қолданады.
Кері байлаиысты ұйымдастыру жүйелерініңмынадай құрылымы бар:
1. Мақсаттың болуы.
2. Сыртқы ресурстарды пайдалану.
3. Сыртқы ресурстарды ішкі пайдалану үшін өзгерту,
түрлендіру.
4. Белгіленген мақсаттардан едәуір ауытқуларды тексеру.
5. Мақсатқа жетуді камтамасыз ету үшін бұл бұрмалауларды түзеу.
Басшы-менеджер бұл жүйеге жүйелі түрде ықпал жасайды, оның мақсаттарына да, жұмысына да өзгерістер енгізеді. Басқаруда дәл сондай ашық типтегі жүйелер қажет, өйткені ұйымға көптеген езгермелі шамалар әсер етеді.
Қорытынды бақылау. Қорытынды бақылау төңірегінде кері байланыс жұмыс орындалған соң ғана қолданылады. Не бақыланатын қызмет біткен соң бірден, не болмаса алдын ала белгіленген уақыт кезеңі өткен соң іс жүзінде алынған нәтижелер талап етілетіндермен салыстырылады.
Профессор Ульям Ньюменнің пікірінше, қорытынды бақылаудың екі функциясы бар:
1. Олардың бірі - бақылау, ұқсас болашақта жүргізу деп болжанса, жоспарлауға қажетті ақпаратты басшылықтың ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Іс жүзінде алынған және талап етілген корытындыларды салыстыра келе, басшылық жасаған жоспарлардың қаншалықты шынайы екендігін жақсырақ бағалау мүмкіндігіне ие болады.
2. Қорытынды бақылаудың екінші функциясы — туғызу. Ұйым басшылығы себепкерлік (мотивациялық) сыйақыларды желіліктің белгілі бір деңгейіне жетумен байланыстырса, онда
бәлкім, іс жүзінде жеткен нәтижелілікті объективті түрде дәл
өлшеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |