Бақылау сұрақтары: Компьютерлік желінің атқаратын қызметі, түрлері?



бет2/2
Дата31.10.2022
өлшемі39,69 Kb.
#46460
1   2
Байланысты:
1 тәжірибелік жұмыс

Желі топологиясы негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу кұрылымын анықтайды.
Желілік техникалық құралдар –компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық құралдар-компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер- желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралы.
Хаттамалар(Протоколдар)- желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.


Негізгі желілік топологиялар
Желінің атқаратын қвзметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін.
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе могистральға(кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларыныңбарлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайд.



Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін- желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырад. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп бпрлық жұмыс ст\анцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясыныңістен шығуы жалпы байланысты бұзады.

3. Бір рангілі желі Сервердің негізіндегі желі Негізгі жағдайлар  Барлық ДК-дің құқықтары бірдей  Әрбір ДК client ретінде де және server ретінде де қызмет етеді  Әрбір қолданушы өз ДК-нің қандай деректерін желіде ортақ пайдалануға болатынын өзі анықтайды. Бөлінген (белгіленген) сервер дегеніміз – сервер ретінде жұмыс істейтін және желілік клиенттердің сұраныстарын тез өңдеу үшін оңтайландырылған ДК. Серверлер әртүрлі болып келеді:  Файлдар мен баспа серверлері  Қосымшалар серверлері  Пошталық серверлер  Факс серверлер  Коммуникациялық серверлер  Каталогтар қызметі серверлері Өлшемі Желідегі ДК-дің саны 10-нан аспайды. Бірнеше мың қолданушы. Сервер мен желінің аппараттық жабдықталуымен шектеледі. Құны Қуатты сервердің қажеті жоқ, сондықтан желінің құны төмен. Операциялық жүйелер Microsoft (98, NT Workstation, Workgroups) фирмасының операциялық жүйелерінде бір рангілі желіні қолдау орнатылған, сондықтан қосымша программалық жабдықтаудың қажеті жоқ. Желінің барлық аппараттық ресурстарын орындай алатындай операциялық жүйе қажет (Microsoft Windows NT Server 4.0) Басқару  Жүйелік администратор тағайындалмайды.  Әрбір қолданушы өзінің ДК-ін өзі басқарады.  Орталықтанған, яғни администратор тағайындалады.  Ең болмағанда бір администратор қажет. Ресурстар Барлық қолданушылар өз ресурстарымен басқалармен бөліседі. Ресурстар орталықтанып орналасқан, бұл оларды іздеу мен қызмет көрсетуді тездетеді және көшірмелерін үнемі алып отыруға, сақтауға мүмкіндік береді. ДК-ге қойылатын талаптар  Ресурстардың үлкен бөлігі қожайындікі. Қалған бөлігі желілік қолданушыларға ұсынылады. Клиенттік ДК-ге қойылатын талаптарды қолданушы өзі анықтайды (ОЗУ 32 – 64 Мб). Қорғау Желі қорғанысы төмен, себебі әрбір қолданушы өзі анықтайды. Деректерді жан-жақты, орталықтандырылған қорғау Қолданушы ларды оқыту Қолданушылардың білім деңгейлері жеткілікті түрде жоғары Қолданушының білім деңгейіне жоғары талап қойылмайды 6 Сервердің аппараттық жабдықталуы Жедел есептеу құрылғысы 12-32 Мб 64 Мб-тан жоғары Процессор 386-ден жоғары Pentium Қатты диск Қолданушы талабына сәйкес анықталады. Ұйым талабына сәйкес анықталады (2 Мб жоғары)

4. Windows XP желілік операциялық жүйесі
Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.
Егер компьютерде қандай да бір қызметтер активті болса, онда оларға желінің басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін алуға болады.
Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі және баспаға шығару қызметі орнатылған.
Файлдық қызмет
Файлдық қызметтің міндетіне басқа дербес компьютерге оқу, өзгерту және жаңа файлдар құру мүмкіндігін қамтамасыз ету жатады. Бір файлмен көп қолданушы жұмыс жасаған жағдайда, олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға файлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.
Компьютерге жаңа қондырғы орнатылған кезде, Windows іске қосылғандажүйеавтоматты түрде оны анықтап, оның жұмысына қажеттінің бәрінөзі орнатуғатырысады. Бірақ, егер жаңа қондырғыны автоматты түрде анықтауорыналмаса,Сізөзіңіз қондырғы орнату шеберін іске қоса аласыз. Көбіне өте ескі немесеөтежаңақұрылғылардың автоматты түрде анықтала бермейтінін айта кетуімізкерек.Ескіқұрылғылар автоматты түрде анықталуды қолдамайды, ал жаңа құрылғыларжүйешығып кеткеннен кейін пайда болғандықтан Windows XP онытаниалмайды.Кейдекең таралмаған құрылғылар да таныла қоймайды. Қайсыбір құрылғылардыңWindowsXP сәйкес келмеуі де мүмкін, осыны да ескеруіміз керек. Мұндайжағдайдаештеңеістей алмаймыз және құрылғыны орната алмайсыз. Егер құрылғыWindowsXPоперациялық жүйесінде жұмыс істеуі тиіс болып, қажетті драйверлеравтоматтытүрде орнатылмаса, онда қондырғы орнату шеберінің қызметіне жүгінукерек.

5. Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арќылы тез арада біле аламыз.


Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.
Телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).
Компьютерлік желілер желгілікті (локальный) және ауќымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттыќ және бағдарламалыќ ќамту ќұралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.
Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.
Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы ќажет.
Компьютердің желілік аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.
Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization) Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.
ЖКЖ үшін ќазіргі кезде келесі аќпаратты берудің физикалыќ орталары ќолданылады:
- Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, біраќ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-150 м-ге дейін;
- Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға ќарағанда ќымбат орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-500 м-ге дейін;
- Көпталшыќты сым (сур.4) – ең ќымбат нұсќа, көбінесе ќуатты компьютерлерге ќолданылады; компьютерлердің араќашыќтыќ ұзаќтығы 2 км-ге дейін;
- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалыќ радиоканал ќолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды ќажет етпейді, біраќ сымды байланыстарға ќарағанда ќымбат.
Компьютерлерді ќосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр ќосылу – деректер үшін жаңа маршрут.
Желі топологиясы – бұл оның геометриялыќ пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне ќатысты физикалыќ орналасуы.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, саќина, және шина).
Клиенттік компьютерлерді және қызметтерді ұсынатын серверлері бар жергілікті желілер «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған желілер деп аталады. Егер компьютерлер бірдей құқылы болса, онда бұл функцияның осы желінің барлық компьютерлерімен бірігу мүмкіндігі бар. Бірдей құқылы дербес компьютерден тұратын жергілікті желі бір рангті желі деп аталады.
Windows XP желілік операциялық жүйесі
Желілік мүмкіндіктер Windows XP операциялық жүйесінің құрамына енгізілген, тек баптауды және активтендіруді қажет етеді.
Егер компьютерде қандай да бір қызметтер активті болса, онда оларға желінің басқа компьютерлерінен кіру мүмкіндігін алуға болады.
Операциялық жүйеге файлдарға ену қызметі және баспаға шығару қызметі орнатылған.
Файлдық қызмет
Файлдық қызметтің міндетіне басқа дербес компьютерге оқу, өзгерту және жаңа файлдар құру мүмкіндігін қамтамасыз ету жатады. Бір файлмен көп қолданушы жұмыс жасаған жағдайда, олар бір-біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға файлды тек оқуға, яғни өзгертуге рұқсат берілмейді. Осыған орай файлдық қызмет ену құқығын шектейтін механизмді ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет