Бақылау сұрақтарына жауап Шикізат дегенне?



бет25/38
Дата27.11.2023
өлшемі165,54 Kb.
#130271
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38
Байланысты:
Тақырып Шикізат-emirsaba.org

Механикалық тазарту мақсаты – ағын судан фильтрация, еріту, сору, сорғыту және басқа да процестер арқылы ірі және ұсақ механикалық бөлшектерді бөлу. Механикалық тазалау – түрлі темір торлардан өткізуден, құм аулаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері ластанған ағынды сулардын түрлеріне (тұрмыстық/өндірістік ағын сулардын құрамына) байланысты. Физика-химиялық тазарту әдіс ұсақ бөлшектерді және коллоидті заттарды өндірістік ластанған ағынды суларда, сонымен қатар, иондардан, қышқылдардан және сілтілерден жою үшін қолданылады. Физико-химиялық әдістің ішіне: электролиз, сорбция, экстракция, нейтрализация (әк, аммиак), коагуляция (минералды қосылыстардан тазарту – алюминий, темір тұздары) және флокуляция (органикалық қосылыстардан тазарту – белсендірілген кремний қышқылы) процестер кіреді.Химиялық әдісте ластағыштардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, оларды химиялық агенттерді қолдану арқылы жояды. Химиялық тазалауда қолданылатын негізгі әдістерге: нейтралдау, тотықтыру және тотықсыздандыру жолдары жатады. Нейтралдау процесін құрамында қышқылы немесе сілтісі бар ақаба суының рН мағынасын 6,5-8,5 аралыққа мақсатында қолданылады. Нейтралдау үшін қышқылды ақаба суымен сілтілі ақаба суын араластыруға, реагенттер қосуға, ақаба суын нейтралдау қасиеті бар сүзгіш материалдар арқылы жіберуге болады. Сүзгіш материал ретінде әк, мрамор және доломит қолданылады. Тотықтандыру процесі ақаба суындағы улы қоспаларды басқа жолмен шығару қолайсыз немесе мүмкін емес болғанда ғана қолданылады. Ақаба суды тазалау үшін тотықтырғыш ретінде газ тәрізді немесе сұйылтылған хлор, ауа оттегі, озон, гипохлорид, сутек тотығы, калий перманганаты және басқа реагенттер пайдаланылады.Биологиялық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдыратып, өздерінің қоректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.Микроорганизмдердің қатысуымен екі процес-тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20-30 С щамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс-лайдың ашуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет