Физика-химиялық әдіс – ион алмасу әдісі:Ион алмасу әдісі - суды арнаулы материалдар арқылы өткізгенде солардың құрамындағы Na(I) немесе H(I) иондары судың құрамындағы Ca(II) Mg(II) иондарына алмастырылады.
Суды Na – катиониты арқылы өткізіп кальций және магний иондарынан тазартып, натрий ионын Н-катионит арқылы өткізіп сутек ионымен алмастырып, әрі қарай анионит сүзгіде судан аниондарды бөліп алып, су сүзгіштен өтіп көміроксидінен (4) тазарту үшін дегазаторға
ауысады, осылай тазартылған су тұтынушыға ұсынылады.
Суды тұзсыздандыру-бұл тұздардың жалпы құрамын тазартылған суға ұсынылған мәндерге дейін төмендету процесі (ГОСТ 6709-96) және одан төмен, яғни 5 мг/л және одан төмен. Қолданыстағы суды тұщыландыру және тұзсыздандыру әдістері екі негізгі топқа бөлінеді: судың агрегация күйін өзгертетін және өзгертпейтін.
22. Электрокоагуляция әдісі. Электрокоагуляция – суға батырылған электродтарға берілетін тұрақты токтың көмегімен суды тазарту әдісі. Процесс барысында электродтар бірте-бірте ериді, металл иондары ластаушы заттармен әрекеттесіп, судан оңай шығарылатын қабыршақты шөгінділер түзеді.
Электрокоагуляция өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды және айналмалы суларын тазарту үшін қолданылады. Бұл технологияны тұрмыстық және ауыз суды тазарту үшін пайдалану ұсынылмайды, өйткені процесті реттеу және бақылау қиын мәселе.
23. Суды тұндыру әдісі? Суды тұндыру - суда, өзіне сіңіріп алатын және тұнбаға түсетін ұлпа қауыздар арқылы гидрозольдер мен бірқатар ерігіш заттардың араласып кеткіш қасиеттеріне негізделген, суды тазарту барысындағы оны алдын ала ағартып, түссіздендіру әдісі.
Суды тұндырған кездеқалқымалы бөлшектерден тазарту үшін су тұндырғышқа түскенге дейін оған тұндырғыш – коагулянттарды қосады. Ол үшін көбінесе алюминий (глинозем) қолданылады. Күкірт қышқылды глинозем қалқымалы заттарға екі түрлі әрекет етеді. Бұл реагенттің өзінің электрлік заряды оң, ал қалқымалы заттар теріс зарядталған. Әр аттас зарядтар өзара бір – біріне тартылып, бекінеді де тұнбаға түседі. Сонымен қатар коагулянттар ұлпа түзіп тұнбаға түскенде өздерімен бірге қалқымалы заттарды да ала шөгеді. Коагулянттарды қолданғанда су көптеген қалқымалы заттардан тазартады, бұндайда тұндыру мерзімі 3 – 4 сағатқа қысқартуға болады. Дегенмен, суды коагуляциялауда өте ұсақ заттар мен бактериялар қалып қояды, сондықтан суды құм сүзгіштерарқылы сүзуді қолданады. Сүзгіштерді (фильтрлерді) қолданғанда коагулянт ұлпасы мен қалқымалы бөлшектерден құмның бетінде қабықша (пленка) түзіледі. Бұл қабықша қалқымалы заттар мен бактерияларды ұстап қалады.