БАҚЫТҚа іңКӘр адам өмірден бақыт іздеген, мәңгілік өмірді жырлаған



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі119,08 Kb.
#5922

БАҚЫТҚА ІҢКӘР АДАМ 

(Өмірден бақыт іздеген, мәңгілік өмірді жырлаған 

Саттар Ерубаев туралы коллективтік портрет) 

Отызыншы жылдардың ортасында  қазақ даласын ебі-

нің желіндей шайқап өткен, тосын лебі мен тегеуріні 

күшті ағын кезді. Ел әдебиет әлемінде сирек кездесетін  құ-

былысқа  қызыға  қараған. Жан сарайыңды еркін аралай-

тын романтикалық толқын ба, бойыңды баурап, сезіміңді 

шарықтататын эпикалық кеңдік не, болмаса өмір шынды-

ғын айнытпай айтқан реалистік дәлдік пе, әйтеуір жаның-

ды жаулап,  қаныңды  қыздырған, өмірге  құштарлығыңды 

күшейтін, рухани дүниеңді сала-сала еткен жойқын леп! 

Саттар өмірге осылайша  құйындатып, дауылдатып кел-

ді. Бақытты көргісі, мәңгі жасағысы келді. «Мен бақытты 

көрсем деуші едім. 

Біздің  қақпаның алдындағы үлкен  қара жолмен күнде 

бір  қайыршы шал өтетін еді. 

Шал  ұзын асасын жоғары көтеріп алып: 

— Е, азаматтар, бақытты болыңдар!— дейтін еді. 

Менің бақытты көргім келеді.» 

Осылайша ол бақытты көргісі келді де, бақыт туралы 

баллада, новеллалар жаза бастады. Бірақ бұл жай әуестік 

емес, күрмеуге келмейтін  қысқа ғұмырлы адам баласының 

121 


өмірінен көрікті сән, өнікті дән, мәңгілік күй іздеу бо-

латын. 


Жоқ іздеуші Ерубаев ақыры іздеген бақытына да жо-

лықты. Сөйтсе ол жоқшылықта өткен балалықтың арма-

ны — шүберекке түйілген нан да емес,  қолға түспейтін, 

көзге көрінбейтін  құс та емес, «өмірмен араласып, өмір боп 

келетін»,  қолыңды алмайтын, жүрегіңді алатын өзгеше бір 

нәрсе екен. Бақыт дегеннің өзі өмір екен,  қуанышы  қат-

қабат, шаттығы мол тіршілік екен. Осыны білген соң Еру-

баев: «Бақыт өмірмен  қатар келмейді екен, бақыт дегені-

міздің өзі біздің өмір екен?»- деген  қорытындыға келеді. 

Оның әдебиеттегі бақыт туралы концепциясының 

маңызы  қандай деңіз? 

«Өмір — бақыт,— деген егіз сөз Саттардың аузынан екі 

елі түспейтін, әрқашан да ой сала, өзінің көкейтесті әңгі-

мелерін жоқты сылтау ете отырып айтуды жарататын. 

Ауылдан жаңа ғана келген маған, оның әр әңгімесі жаңа-

лық болып керінетін.  Құмарта тыңдайтынмын. 

Осы күні байқасам, оның «өмір, бақыт, адам!»—деген 

сөздері менің көкейімнен де орын алып  қалғандай, жан се-

зіміммен  қайталай бергенімді өзім де аңдамаймын, кейде 

айналамдағы жолдастардың менің осы сөздерді айтқан са-

йын езу тартқанын сеземін. Сүйікті Саттар досымды іш-

тей еске аламын». (Асқар Лекеров). 

«Оның геройы бақытпен кездесуін аса бір бай сезім-

талдықпен айта отырып, өмірге ғашықтығын бейнелеп, 

оның  қызығы мен әсемдігін суреттер жазушы болуды ар-

мандайды. М. Горькийге еліктеп «Сұңқар жыры» сияқты 

тамаша әңгіме айтар адам іздейді. Бірақ ол іздеп тапқан 

қойшы «Макар Чудраны» да, «Сұңқар жырын» да айтпай-

ды, «Терек пеп  қызыл гүл» атты жаңа ертегі айтады». (Се-

рік  Қирабаев). 

«Саттардың бақыт жөніндегі романтикалық сұрағы мен 

жауабы нақты өмір  құбылыстары арқылы шешілгендіктен 

де эстетикалық әсері күшті болып, адал еңбектің өкілі бо-

луға  ұмтылдырады. Новелла көркем формада біздің социа-

листік Отанымыздың негізгі моралін — адал еңбек етсең, 

бақытты боласың деген  ұранды насихаттайды, жастарды 

творчестволық еңбекке шақырады. (Тұрсынбек Кәкішев). 

Көріп отырғанымыздай, Саттар Ерубаев шығармала-

рындағы «бақыт категориясы бүгінгі өмірмен тығыз бай-

ланысты. Яғни, бақыт дегеніміз — социалистік  қоғам шын-

дығы, бүгінгі өмір, берік достық пен адал еңбек. Адам 

бақытын ол нақтылы өмір материалынан шығарады. Өмір-

жағдайында ғана бақытты бола алады. «Өмір деген тұң-

122 


ғиықтың түбінде», «өлім деген суық сөздің тілінде» жүріп 

бақытты болу мүмкін емес. Мұндай жағдайда,  қанау — 

езгіде жүрген кейіпкер «өксігін баса алмайды», «жабық-

қан көңілін аша алмайды». Оған бақыт сәл кейінірек, 

социалистік  қоғамның орнауымен бірге келеді. Бір сөзбен, 

Саттардың суреттеуіндегі бақыт социалистік  қоғаммен 

байланысты. Оның социалистік  қоғамымыздың талантты 

жазушысы болғандығы туралы пікірлерге жүгінсек, 

жиырма үш жасар бала Саттардың, жиырма үш жасар 

дана Саттардың ақындық, азаматтық келбетін көреміз. 

СӘБИТ МҰҚАНОВ: 

"Саттар Ерубаевта нағыз социалистік жазушының 

ынта-тілегі, поэтикалық ерекшелігі бар. Сондықтан да ол 

нақтылы өмір материалдарына көркемдік обобщение жа-

сау арқылы бірден-бір дұрыс жолмен жүрді». 

ЗЕЙІН ШАШКИН: 

«Саттар творчествосында жас жазушыларға үлгі бо-

ларлықтай үш өзгешелік бар еді. Ең әуелі — Саттардың 

бай  қиялын терең білімі жетектеп, әдебиеттің даңғыл жо-

лына салды. Саттар әдебиет тарихын — батыс, орыс әде-

биетін жақсы білетін. XIX—XX ғасыр әдебиетін: орыс, 

француз, неміс, ағылшын әдебиетінің жазушыларын түгел 

оқыған. Ол жазушының фамилиясы мен шығармасының 

атын ғана есінде сақтамаған, жік-жігімен әрбір әдебиет 

ағымының философиялық астарын бес саусақтай талдап, 

айтып беретін. Әсіресе, жақсы көретін жазушы-ақындары: 

Вольтер, Дидро, Гете, Лермонтов, Блок еді. Осылардың көп 

өлеңдерін, кейбір ой үзінділерін жатқа айтатын. Эстетика-

лық мәселесін тең түсінетін. Жазушылар  ұйымының пле-

нумында жасаған Луначарскийдің драматургия туралы 

баяндамасын оқып, күлкі туралы, комедия жасау әдісі 

жайында «Лениншіл жас» газетіне мақала да жазды. Әде-

биет теориясының, оның ішінде поэзиялық нәзік мәселеле-

ріне: өлеңнің мақамы (мотив), сарыны (лейтмотив) дей-

тін адам сезімі арқылы түсінетін,  ұғатын, поэзияны поэзия 

қылатын сырына қанық та еді.» 

МҰХАМЕТЖАН  ҚАРАТАЕВ: 

«Оның адалдығы, әділдігі кезінің нұрынан да, ісі мен 

мінезінен де көрініп тұратын-ды. Күлтілдеу, көлгірсу оған 

жат, ойындағысын тайсалмай тура айтатын, өзінің осы 

шындық, ақиқат деген нәрсесін бар пәрменімен жан сала, 

жалынды сөзбен дәлелдеп бағатын. Ал келіспеген нәрсесін 



123 

бет-жүзге  қарамай айтып салатын, сонымен бірге дәлелде 

тұрмаған, сөзге  қонақ бермеген жағдайда шытыр ете  қала-

тын да мінезі бар еді. Неге олай десем, бұл да жастық ал-

бырттығының, жалынды ақиқатшылдығының белгісі екен 

ғой». 

ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ: 



«Саттар — ақыл-ойы шүпілдеп тұрған, жасына жетпей-

ақ бәрін оқып, бәрін тоқып алған үздік талант еді. Мен дәл 

кезінде Алматыға  қайтқаныма, Саттармен табысқаныма 

осы күнге дейін  қуанамын. Егер Саттармен кезікпесем көп 

нәрседен кенже  қалған болар ма ем, әлде  қайтер едім... 

менен бес жасы кіші болса да, ол маған он жас үлкен аға-

дай үлгі көрсетті. Саттар поэзиядан музыка, философия із-

дейтін, өлеңнен екпін, дауыл тапса  қуанатын. 

— Менің ең жақсы көретінім «Р» харпі. Бұл арыстан 

мен жолбарыстың, Маяковскийдің сүйетін дыбыстары,— 

дейтін Саттар балаша күліп». 

Осылайша Саттар өнер әлеміне өз өрнегін салды. Өзге-

лердің бақытын ойлай отырып, өлмеушілік сырын, мәңгі-

лік өмір жырын толғады. 

Бір адамның бір өмірі маған аз ғой деуші едім, 

Туып-өліп кетуді де маған аз ғой деуші едім. 

Ағаш екеш ағаш тағы көп көгеріп,  қуарар, 

Сенің өмірің бір-ақ рет көгерер де суалар. 

Ебелектей ербең етіп жер бетінен кетерсің, 

Өміріңде өзің жөнді із  қалдырмай өтерсің. 

Ақынның әдеби мұраларын зерттеген, ғалымдар пікірі-

не сүйенсек (алда С.  Қирабаев, Т. Кәкішев пікірлері тыр-

нақшаға алынып отырады) Саттар Ерубаев шығармала-

рындағы мәңгіліктің жырлануы — адамзат өміріндегі мәң-

гілік идеялардың жырлануы болып табылады. 

«Шоқан 30 жасында, Сұлтанмахмұт 27 жасында  қай-

тыс болды. Олардың бізге  қалдырып кеткен тамаша мұра-

лары — соған дейін-ақ жазып үлгергендері. Одан көбірек 

жазса, не істер еді деп ойлайсың олар туралы бүгін. Ал 

Саттар марқұм  қыршын еді ғой, 23 жасында  қазіргі жас-

тың жоғары оқу орнын жаңа бітірер шағында дүниеден 

қайтты. Алайда, ол оқуын бітіріп  қана  қойған жоқ, сол аз 

өмірінің ішінде өмірге белсенді араласып үлгерді, оны шек-

сіз сүйді, өзінің бақыттылығын айтып, бар дауысымен жар 

салды, «мәңгі өлмеудің жолын» тауып кетті. 

Прозаик, аңын, публицист, сатирик Саттар мәңгі жа-

саудың жолын Маркс — Ленин идеяларынан тапты. «Ба-

қыт», «Мәңгілік өмір», «Өмір туралы баллада», тағы басқа 



124 

толып жатқан жырлары мен новеллаларында, публицисти-

калары мен сын мақалаларында сегіз  қырлы, бір сырлы 

таланттың марксизм-ленинизм идеясын берік  ұстанғанды-

ғын, өмір жаңалықтарына ілесе үн  қосып, уақыт шежіре-

сін шабытпен тербегенін көреміз. 

Ал 1937 жылы... 

Саттардың атақты «Менің  құрдастарымы» өмірге келді. 

Саттар есімі мыңдаған оқырмандардың көкейіне  ұялап, 

жүрегінде жатталды. «Ешуақытта Бетховеннің атын, Рем-

брандтың атағын естімеген ешуақытта Гомер аты аталма-

ған, Беранже өлеңін білетін адам жүрмеген» өлкеге — 

баяғы Долбы жазығына — тұщы етіне ащы таяқ тиген 

өлкеге Рахмет келгенін көреміз. Шындығында Рахмет кім 

еді? 


«Рахмет — талғамы күшті, өмірдің барлық саласынан 

жеткілікті хабары бар, мәдениет шыңына кетерілуге та-

лаптанған, оның едәуір биігіне көтеріле алған өршіл жас. 

Рахметтің өз айналасындағылардан шоқтығы биік болуы, 

оларға үлгі болатындай жағымды образ дәрежесінде сурет-

телуі заңды да нанымды. 

Рахмет комбинат — шахтаның жобасын жасап, бүкіл 

құрылыс ісін өз  қолына алған, техниканы жетік білетін 

инженер  қалпында біржақты баяндалмай, өрісі кең, эстети-

калық ләззаты мол совет интеллигенті ретінде суреттелген-

діктен әсерлі де жанды болып шыққан. 

Рахмет — жаңашыл адам. Оның новаторлығы өндіріс 

саласында комбинат — шахтаның жобасын жасау, оның 

құрылысына кірісу арқылы көрінсе, күнделікті тіршілікте 

айналасындағы жастарды мәдениетті, әдепті болуға, сана-

лылықтың биік деңгейіне көтерілуге үндеуінен, оған өзі-

нің үлгі болуынан көрінеді». 

Жазушы Рахметті заманның шын мәніндегі мәдениетті, 

білімді, сезімтал азаматы етіп суреттейді. Оның дүние жүзі 

мәдениетінің озық үлгілерін білуі мен өнеге тұтуы, интел-

лектуалдық биік дәрежесі оқушысын риза етеді. Сондық-

тан да Рахмет роман жазылғаннан бергі дәуірдің бәрінде 

де қазақ жастарының сүйікті образдарының  қатарыңда ке-

леді.» 


Бірақ Рахмет жалғыз келген жоқ. Өз  құрдастары — 

Алексей, Әліп, Шектібай, Бейсен, Илья, Лизалармен бірге 

келді. Жаңа өмір жағалауына  ұмтылған жас толқын жаңа 

өмір сыры мен симфониясын жаза бастаған. 

«Менің  құрдастарым» —  қазақ совет әдебиетінің тари-

хындағы өзіндік орны бар елеулі туынды. Бұл роман арқы-

лы Саттар үлкен прозада өндіріс тақырыбын алғаш көтеру-

125 


шілердің бірі больш,  қазақ жерінде жұмысшы табының 

туьш,  қальштасу процесін көркем суреттейді. Ол роман ге-

ройлары етіп жастарды — өзінің  құрдастарын таңдады. 

Сөйтіп, жаңа социалистік  қоғам орнату ісіне маман жұ-

мысшы — жастардың  қосып жатқан  ұлы еңбегін жырлау-

шы болды.» 

«Менің  құрдастарым» — Саттардың көлемді тұңғыщ та 

ақырғы шығармасы... Саттар шығармаларьн оқып отыр-

ғанда жас таланттың  қаулаған  қиялы мен ойының терең-

дігі, білім молдығы ерекше көзге түседі. Ленинградта білім 

дариясынан шөлін  қандырьш, адамзат жасаған асыл мұра-

лардың  ұлылығын жас болса да марқайған, өскелең тарт-

қан ақындық сезімімен түсінген Саттар өмір суретінің 

шын кейпін көре білетін, оған әдебиеттік жинақтау бере 

алатын және бұрын жазылған, я жазылса да бір желі, бір 

ізбен жазылған нәрселерден бойын аулақ салып, жаңадан, 

соныдан бастап, әрбір шынайы талантта болатын  қасиеттің 

үлгісімеп жазатын, өзгеше баяндай алатьш жазушы еді». 

Бұл — Саттар өміріне берілген әділ баға. Әдебиеттің ті-

лін, альфасы мен омегасын, сыр-сымбатын, музыкасын, 

күллі  қасиетін білетін Ерубаев оның ең нәзік симфонияла-

рын ойнай білді. Өз замандастары өнер атаулыны 

өліп-өшіп сүйген оның шын мағынасындағы музыка біл-

гірі болғанын да айтысады. 

«Саттар музыканы өте жақсы түсініп, сүйетін еді. Сон-

дықтан да Ахмет Жұбанов  қазақ домбырасынан оркестр 

құрмақ боп, мастерской ашып, домбыраның әр түрін жа-

сап, еңбек сіңіріп жүргенде, ол  қолдан «Лениншіл жас» 

газетіне бірнеше мақалалар берді. «Музыка менің жаным-

ды тербеп, көңілімді уатады»,— дейтін еді ол. Бах, Мен-

дельсон, Шопен, Шубертті өте жақсы көріп, зирек 

түсінетін. Әсіресе, жақсы көретіні — Шуберттің «Музы-

кальный моменті» болатын». (3. Шашкин). 

«Саттар музыканы композиторларша түсініп, мықты 

музыка мамандарынша талдайтын. Оның әр композитор 

жөнінде өзінің түйгені болатын. Ол кезде радио мұндай дә-

режеге жетпеген еді. Сондықтан Саттар музыка тыңдау 

үшін әдейі ресторанға баратын. Ресторанның оркестрі ол 

жерден Саттар кеткенше ылғи соның тапсырмасын орын-

даумен отыратын. Саттар ресторанға келгенде музыкашы-

лар  қуанып  қалатын. Өздері келіп, оның тапсырмасын 

алып кететін. Ол әсіресе Шубертті, Штраусты, Чайков-

скийді, Глинканы, Бахты барынша  құрметтейтін». (Ә. Бай-

танаев). 

Иә,  қазақтың кең жазира даласына симай кеткен му-

126 


зыкант (әдеби мағынасында) Саттардың, «өмір деген өксі-

гін баса алмай», «өнерінің барлық гүлін аша алмай» кеткен 

Ерубаевтың  қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы,  қадір-қа-

сиеті әрқашан есте. Бұл ретте оқырман Саттармен сапар-

дас болған замандастарының естеліктеріне, бұдан бес жыл 

бұрын оның шығармаларын  құрастырып шығарған, алғы 

сөзі мен түсіндірмесін жазған фплология ғылымдарының 

докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевке, барлық  қамқор-

шы достарына дән риза. Мәңгілік өмірді жырлаған Саттар 

есімі мәңгілікке жол тартары анық. Олай дейтініміз... 

С. ЖАРЫЛҒАПОВ, 20-жылдардың партия және ком-

сомол ардагері: 

— Саттармен сырлас болған кездерім — өмірімнің ең 

бір мағыналы сәттері. Саттар бойындағы лапылдаған жігер, 

асып-тасыған білім,  қоғамға шынайы берілгендік бүгінгі 

қаламгерлерімізге үлгі боларлық  қасиеттер деп ойлаймын. 

Ерубаев ғашық болған бүгінгі бақытты өміріміз Ерубаев 

суреттегендей бейнеленсе екен деймін. Оның белсенді өмі-

ріне, жете алмаған арманына, артында  қалған әдеби мұра-

ларына бүгінгі  ұрпақ  құрметпен  қарайды. Саттар Ерубаев-

тың өнегелі өмірін кейінгі жастарға  қазірге дейін жалық-

пай айтып отырамын. 

К. ДӨНЕНБАЕВА, механизатор, Социалистік Еңбек 

Ері, СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты: 

— Екі жазушыны әсіресе ұнатамын. Бейімбет Майлин 

және Саттар Ерубаев.  Қол боста  қолыңа ала  қалсаң бұл 

екеуінен ажырағың келмейді. Сірә, жазушылық  қасиет де-

ген осы болар. 

Ф. РЫСБЕКОВА, Түркістан  қалалық комсомол коми-

тетінің бірінші секретары: 

— Ерубаев бүкіл халқымыздың абыройына айналып 

отыр. Жазушы туған күні  қаладағы жұмысшы, оқушы, сту-

дент — жастар арасында «Менің  құрдастарым» романы бо-

йынша кең түрде оқырман конференциялары өткізілді. 

С. Ерубаев атындағы сегізжылдық мектеп-интернатта жа-

зушы өмірі мен  қызметіне арналған музей ашылды. Ал 

оның атындағы көшеде екі жыл бойы екпінді комсомол-

дың  құрылыс болып келген бассейнді іске  қосып, үлкен 

митинг өткіздік. Ерубаевқа, оның әдеби мұраларына деген 

Жастар ықыласы айрықша. Ерубаев өмірі — кейінгі  ұрнақ 

қызыға  қарайтын жалынды өмір. 

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының және Нико-

лай Островский атындағы сыйлықтың лауреаты, есімі Бү-

кілодақтың мемориалдық тақтаға жазылған жиырма үш 



127 

жасар Саттар Ерубаев өзінің Рахметімен, Лизасымен, ке-

йінгі замандастарымен бірге алдағы күндерге тартып бара-



ды. Алдында — мәңгілік сапар. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет