Бақытты болғым келеді



Дата27.04.2022
өлшемі15,04 Kb.
#32519
Байланысты:
Бакыт туралы


Бақытты болғым келеді

Бақыттың да басы айналар кез келер –

мінезі айнып, құлқы сонда өзгерер.

Жүсіп Баласағұни

Бүгінде «Мен бақытты болғым келеді» деп айтпайтын адам мүлдем жоқ шығар. Адамзат баласы қай ғасырда болмасын, қай заманда, қай жерде болмасын бақыттың мәнін іздеумен өткен. «Бақыт деген не?», «біз қалай бақытты боламыз?» деген сұрақтарды адам баласы ес білгелі өз-өзіне қойып келеді, әлі де қоя бермек. Себебі әр адам өмірінің мәнісі - бақытты болу. Бұл - ғұлама философтар мен ойшылдардың көне жәдігерлерінде жазылып кеткен ойлар ғана емес, өмірдің жазылмаған заңы десек те болады. Бақытты түсіну ешқашан ортақтылыққа құрылған емес, әр адамның өз бақыты, бұл жайындағы өз түсінігі, өз ойы бар. Оның басты себебі ретінде әртүрлі көзқарастарды, сенім мен білім деңгейін көрсетуге болады.

Адамзаттың бәрі секілді менің де бақытты болғым келеді. Бақыт деген мен үшін жақындарымның амандығы, денімнің саулығы, ішер асым мен жатар орнымның баршылығы деп айтқаныммен, шын бақыттың не екенін, оған жетудің жолдарын толықтай білемін деп айтсам, өтірік айтқаным болар. Мен әрқашан әр адамның өз бақыты болатынын білетінмін. Біреу оны отбасында көреді. Үйіне келіп, жақындарының қуанғанын көрген сәтте, олардың көздерінде найзағай жарқылдағандай болады. Біреу бақытты шынайы махаббаттан көреді. Сүйіктісінің жанында олар күн сәулесінің тері астына еніп жатқанындағыдай сезімдерді сезеді. Ал біреу бақытты ақшадан немесе сұлулықтан көреді.

Біреудің қандай бақытқа ие екендігі мүлдем маңызды емес. Себебі бәрінің сезінетіні бірдей. Сондықтан ол өте тартымды және әрібірімізге өте қажет.

Бірақ мен уақыт өте келе, есей келе бақыт туралы бір нәрсе түсіндім. Ол өте қарапайым нәрсе. Бақытты болу үшін біз мейірімді және адамгершіл болуымыз керек екен. Жаман істер жасау арқылы біз бақытқа ешқашан жете алмаймыз.

Әрқашан адам баласы дұрыс өмір сүру жолдарын, өмірлік қағидаларды, ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырату үшін өзіне дейін жазылып кеткен дүниелерге жүгінеді, соларға арқа сүйейді емес пе? Еңбектері күні бүгінге дейін өз мәнісін жоғалтпаған көне, орта ғасыр ғұламалары бақыт жайлы ой қозғап, оқырмандарына бақыттың жолын сілтеген. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.Йассауи сынды есімдері әлемге белгілі түркі халықтарынан шыққан ойшылдар өз шығармаларының тірегі ретінде «бақыт» ұғымын ала отырып, оның мәнін, оған жету жолдарын жазып кеткен. Әлемнің екінші ұстазы адам өмірінің ең жоғары сатысы саналатын «бақыт» категориясына тоқталып, оған философиялық тұрғыдан сипаттама беріп, терең талдаулар жасаған. Ол «Адамзат кемелдігінің ең биік дәрежесіне жеткен» адамды бақытты адам санайды. Адам бақытты болу үшін ол өмір сүріп отырған елдің басшысы да кемел адам болуы керек», «Адамдар ішіндегі ең таңдаулы жан бірінші басшы болуға тиіс» деп білсе, өз еңбегінің бас кейіпкері ретінде «бақытты» таңдап алған Жүсіп Баласағұн «Құтты білігінде» бақытты адамның образын жасай отырып, оны философиялық, діни тұрғыдан жан-жақты талдап өтеді.



Не дер екен мейірімі мол кісі:

Мейірбандық – кісіліктің үлгісі.

Есіңе ұстап мейірбанның нақылын –

Дәулет болар алсаң соның ақылын.

Мейірімнен шынайы леп еседі,

Соны бақсаң – дәреже, бақ өседі – деп Ж.Баласағұн бабамыз айтып кеткендей, адам мейірімді, жүрегі тек жақсылық пен мейірімге толы адам ғана шын бақытты түсіне алады. Ал адам мейірімді, жақсылыққа құмар болы үшін ең алдымен ақыл керек екенін айта келе:

Ақыл керек білім таңдап оларға,

Білім керек жақсы іске қарауға, - дейді. Яғни адам баласы шын бақытты болу үшін мейірімді болуы керек, ал мейірімділікке, адамгершілікке адам ақыл-білім арқылы ғана жетеді.

Қорыта келгенде, отбасы, махаббат, денсаулық, ақша, биік мансап пен атақ адамға бақыт әкелетіні сөзсіз, дегенмен тек адамның ішкі жанының тазалығы, ақылы мен мейірімге толы жүрегі оны шын бақытты етеді. Сол себепті де білім алуға, мейірім мен жақсылққа ұмтылайық. Бақытты болйық!



Мусаев Әли

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет