ЖАНҰЯ
- 103 -
жас толып, күйеуінің аяғына жығылады. Күйеуі не айтарын
білмей, амал жоқтан қабыл етеді.
Бұл 40 күн уақыт аралығында «қонақ» болып жүрген келін
қызметшілікке дейін барып, көркем мінезімен, қызметімен,
қарапайымдығымен, қарым-қатынас және сөйлеу әдебімен
үйдегі барлық адамның жүрегінен орын алады.
Бір күні келін күйеуінің жанына келіп мұңлы күйде:
«Үйіңіздегі 40 күндік қонақжайлығыңыз үшін алғысымды
білдіремін. Енді үйіме қайту үшін рұқсатыңызды беріңіз...»
- дейді.
Енді аяққа жығылу кезегі күйеуіне келген еді, ол әйеліне
жалынып: «Қымбатты ханым! Егер сіз мені ұнатпаған
болсаңыз және үйіңізге қайтуға шешім қабылдаған болсаңыз,
оған қарсы ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ сіз мен үшін құн
жетпес жұбайсыз. Көркем мінезіңіз бен әдептілігіңізді көріп,
негізгі сұлулықтың жүзде (бетте) емес, жүректе екенін түсіндім
және сізге ес-түссіз ғашық болдым...» – дейді. Осындай
сөздерді айтып келіншегін шешімінен бас тартқызады. Ең
маңыздысы, араларындағы бұл сырды балаларына түсіне
алатын жасқа келгенде айтып береді. Осылайша, оларға да
жанұя бақытында жүрек тазалығының және көркем мінездің
бәрінен де маңызды екенін осы мысалмен түсіндіріп берді.
Достарыңызбен бөлісу: