Бақыттың кілті


Ихлас сүресін оқу керек. Истихара намазын оқып біткен соң  мына дұғаны оқу керек: «Аллаһүммә инни әстәхирукә би-ъилмикә уә



Pdf көрінісі
бет85/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   184
Ихлас сүресін оқу керек. Истихара намазын оқып біткен соң 
мына дұғаны оқу керек:
«Аллаһүммә инни әстәхирукә би-ъилмикә уә 
әстақдирукә би-қудратикә уә әс-әлукә мин фадликәл 
азыйм фә иннәкә тақдиру уә лә ақдиру уә та’ләму уә лә 
ә’ләму уә әнтә алләмул-ғуйуб»
Осылай 7 түн бойы истихара оқылады. (Күндіз де истихара 
етіп жатуға болады). Ғұсыл тек алғашқы түні алынады, 
қалған күндері ғұсыл алудың керегі жоқ.
Истихара намазын басқаға жасатуға болмайды. Истихара 
намазды әркім өзі оқуы керек. Истихара жасауды үйренуі 
керек, бұл сүннетті әркім өзі орындауы керек. Денемен 
жасалатын ғибадаттарды басқаға жасату жаиз емес.
Истихара намазын оқып дұғасын айтқаннан кейін еш 
сөйлемей жату керек. Қажеттілік болса, сөйлеуге болады. 
Негізінде құптан намазын оқығаннан кейін сөйлемеу 
мүстаһаб, жақсы болады.
Истихарадан кейін дәретті күйде қыблаға қарап жату керек. 


ЖАНҰЯ
- 120 -
Түс көрсе де көрмесе де 7 күн бойы истихараны жалғастыру 
керек. Түсте ақ немес жасыл түс көру жақсылықтың, қара 
немесе қызыл түс көру жамандықтың белгісі. Егер түсте 
ешнәрсе көрінбесе жүрекке (көңілге) қарау керек. Ол істі 
жасауға қалауы бар болса, көңілі сол жаққа бейім болса, ол 
істі жасауға шешім қабылдайды. Шешім қабылдай алмаған 
адам бірнеше рет тағы да истихара жасауы керек.
НЕКЕ ҚАЛАЙ ҚИЫЛАДЫ
Сұрақ: Дініміз бойынша некенің сахих болуы үшін, 
шарттары қандай?
Жауап: Бұл шарттарының біріншісі – мұсылман қыздың 
мұсылман еркекке үйленуі. Мұсылман болмаған еркекке 
үйлене алмайды. Үйленуге шешім қабылдаған сәтте иманын 
жоғалтады. Өйткені Аллаһу та’ала «Үйленуге болмайды» 
деген. Үйленген адам осы әмірге қарсы шыққан болады. 
Мұсылман еркек те дәл осылай мүшрик, дінсіз әйелге үйлене 
алмайды. Ол да үйленуге шешім қабылдаған сәтте кәпір 
болады.
Дінімізде өз теңімен үйлену маңызды
Теңі – Ханафиде текте, байлықта, дінде және абыройда 
бір-біріне тең болуы деген сөз. Қыз бен еркектің діни білімі, 
тақуалығы, тектілігі, абыройы және байлығы тұрғысынан 
тең болуы керек. Тең болу – еркектің салих мұсылман болуы, 
әһли сүннет сенімінде болуы, намаз оқуы, спиртті ішімдік 
ішпеуі, яғни Ислам дініне мойынсұнуы және напақа таба 
алатындай мөлшерде кәсібі болуы керек. Еркектің тек қана 
мал-мүлікті және абыройлы болуын қалағандар қыздарын 
пәлекетке соқты деген сөз. Тозаққа тастаған болады. Егер 
жігіт намазхан болса, қыздың оған теңесе алуы үшін 
намаздарын оқитын және оранған болуы шарт.
Некенің екінші шарты – куәгерлердің болуы. Ханафиде 


ЖАНҰЯ
- 121 -
куәгер ретінде ақылды және балиғат жасына толған 
мұсылман екі еркек немесе бір еркек пен екі әйелдің болуы 
керек. Кішкентай бала мен есі ауысқан адамның (жындының) 
куәлігі өтпейді.
Некенің үшінші шарты – «тидің бе?», «алдың ба?» 
деген ұсыныс пен «тидім!» және «алдым!» деген қабыл ету 
сөздерімен келісім жасау.
Осы үш шарт орындалса неке сахих болады. 
Мәһір айтылмаса да неке сахих, бірақ некеде мәһір белгіленуі 
керек. Жағдайға қарай мәһір аз немесе көп сұралуы мүмкін. 
Мәһір беру уәжіб. Сүйікті пайғамбарымыз, «Мәһір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет