Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50
Активтер Пассивтер 
Табыстар 
Шығыстар 


81 
Олар менімен кездесуге келіп, сұрайтындары:
«Бізге қалай кӛп ақша істеуге болады, соны айтып бере алмайсыз 
ба? дейді. Оларға қашанда кӛп ақша қажет, ӛйткені олар ақшаны қалай 
жұмсау керек екенін білмейді.
Шындығында, олар проблеманың ақшаның қалай табылуында 
емес, қолындағы ақшаны қалай оңтайлы пайдалануды білмеушілікте 
екенін аңғармайды.
Мәселенің бастысы мынада: ол қаржылық сауатсыздық, соның 
салдарынан барып, активтің және пассивтің айырмашылықтарын 
білмеушілік. Табыстардың ӛсуі - ақша проблемаларын сирек шешеді. 
Проблемалар қашанда ақылдың, ой-ӛрістің күшімен шешіледі. Менің 
бір жолдасым қарызы кӛптерге: «Егер сен, ӛте тереңге түскенінді 
байқасаң. қазуыңды тоқтат. . .» дейтін.
Мен бала кезімде әкемнен: «Жапондықтар үшін мынандай үш 
күш бар: қылыш күші, алтын күші және айна күші дегенді қашанда 
еститінмін.
Қылыш- қару күшін бейнелейді. Америка қарулану үшін, 
миллиардтаған қаржы шығарып, әлемдегі барлық елдерден әскери 
баласынан басым ел.
Алтын- ақша күшін бейнелейді. «Алтын кімдердің қолында 
болса, заңдарды, ережелерді солар жасайды», - деген ақиқат есінде 
болсын. Мұнда үлкен шындық бар.
Айна- ӛзіңді білу туралы күш. Жапондық қиял бойынша, нақ осы 
білім ең мықты билікті береді.
Кедейлер мен орта класс ӛкілдері ақша күшіне ӛте жиі тәуелді 
болады. Олар әрқашанда, осының қандай да бір маңызы бар ма,
жоқ па? - оны ойланбастан таңертең ерте тұрып жұмысқа барады, 
Солай, олар ӛздері отырған бұлақты шабады. Ақшаның толық мәнін 
түсінбегендіктен, оны дұрыс бақылай алмайды. Ақшаның күші- бұл 
кісілерге қарсы пайдаланылады.
Егерде олар айна күшін қолданса, онда ӛздеріне «Осының қандай 
мағынасы бар?» деген сұрақты қойған болар еді. Бірақ, кӛпшілік 
жағдайда, ӛзінің ішкі «даналығына» сенудің орнына, олар кӛпшілікпен 
бірге кетеді. Жұрт не істесе бұлар да соны істейді. Олар 
ерекшеленбеушілікті және сұрақ қоймаушылықты қалайды.
Ойланбастан ӛздеріне жиі айтылатын, мысалы, мынандай 
пікірлерді: «Ақшаны әртүрлі кәсіпорындарға салындар». «Үй 


82 
сендердің ең жақсы капиталдық салымдарың». «Егерде сендердің 
табыстарын кӛп болса, салық аз алынады». «Тұрақты жұмыс табу 
қажет, қате жасамау керек, орынсыз қатерге ұрынба» дегендерді ӛз іс-
қимылдарымен қайталаумен болады.
Кӛп адамдар үшін, үлкен топтың алдында сӛйлеу ӛлімнен де 
қорқынышты деген үғым бар. Психологтардың айтуынша: бұл мазақ 
болудан, сынға калудан, остракизмнен туындайтын қорқушылық 
кӛрінеді.
Басқалардан ерекшеленуден қорқушылық, кӛптеген адамдардың 
ӛз проблемаларын шешуде, басқа жолдарды табуға үлкен кедергі 
келтіреді. Міне, сондықтан жапондықтар айна күшіне үлкен маңыз 
береді,- деуші еді менің оқымысты әкем. Айна қашанда шындықты 
кӛрсетеді.
Кӛпшіліктің кӛп қолданатын «Тәуекелділікке ұрын ба!» дегеннің 
негізгі астары сол үрей. Бұл сӛз қай салаларда болмасын 
қонданылады, мысалы: спортта, адамдардың қарымқатынастарында, 
мансапта, қаржыда.
Сол баяғы күлкі болудан қорқушылық, адамдарды ерекшеленіп 
оқшауланбаулыққа, қалыптасып басқаларға жалпы қағидалар мен 
тенденциялар шүбәланбауға мәжбүр етеді. Кӛптеген қаржылық 
проблемалар: жұрт не істесе, соны істеушіліктің салдарынан 
туындайды.
Сондықтан, бір мезгіл айнаға қарап, қорқыныш- үрейге бой 
бермей, ӛзіңнің ішкі дүниеңе, ӛз даусыңа құлақ салудың 
артықшылығы жоқ.
Біз, Майк екеуіміз, 16 жасқа толғанымызда, мектепте проблемалар 
басталды. Біз жаман балалар емес едік. Біз кӛпшілікпен ерекшелене 
бастадық. Мектептен кейін, демалыс күндері, Майктің әкесінде жұмыс 
істедік.
Жұмыстан кейін, ол кісімен бірге отырып: банкирлермен, 
заңгерлермен, бухгалтерлермен, брокерлермен, инвесторлармен, 
менеджерлермен және кызметшілерімен кездесуіне қатынастынбыз. 
Бұл кісі 13 жасында мектепті тастап, енді жоғары білімді мамандарға 
бұйрық беруде. Олар оған сӛзсіз бағынып, қаймығатын. Бұл кісі, 
кепшілікте қалыптасып басқаларға қағидаларға жанаспайтын, қарсы 
қимыл жасайтын. Ол ӛз ойына сенетін. «Кӛпшілік калай істесе, біз 
солай істейміз».- дегенді мойындамайтын. Сонымен бірге «істей 


83 
алмаймын» дегенді де жек кӛретін.
Ол кісі тарапынан бірдеңеге, қол жеткізу керек болса, оған: «Сіз, 
мұны істей алады, деп күмәндәнам» десеңіз-ақ жеткілікті. Сӛйтіп, 
оның жүргізген жиналыстарынан, кездесулерінен, Майк екеуіміз, 
мектеп пен колледжде басқаларға білімдерімізден артық білім алатын 
едік. Майктің әкесінде қалыптасқан білім жоқ еді, бірақ қаржылық 
білімді игергендіктен, үлкен дәрежеге жеткен еді.
Ол: «Ақылды адам, ӛзінен де ақылды адамды жалдап алады» 
дегенді қайталап айтатын. Сондықтан, бізге бірнеше сағат бойы 
ақылды адамдарды тыңдап, үйренуге мүмкіндік жасайтын. Осынын 
нәтижесінде, біз мұғалімдердің стандартты кеңестерін қабылдай 
алмайтын болдық. Бұл біраз проблемаларды туғызды.
Мұғалім: «Егерде сендер жақсы бағалар алмасаңдар, ӛмірде 
ештеңеге қол жеткізе алмайсыңдар» дегенде, біз Майк екеуіміз 
кекесіннен күлетінбіз. 
Бізден қалыптасқан алгоритм бойынша белгіленген ережелерді 
мүлтіксіз 
орындалуын 
талап 
еткенде, 
мектеп 
адамның 
творчествовалық бастамасын түбірінен құртатынына кӛзіміз жетті.
Енді біз бай әкенің: мектеп жұмыс берушілерді емес, тек қана 
жұмыс істеушілерді дайындайды, деген сӛздерінің мағынасын түсіне 
бастадық. Кей уақытта, біз мұғалімдерге, басқаларға білімдерімізді 
тәжірибеде калай пайдалануға болады? немесе ақша және оның 
принциптері туралы неге оқымаймыз? ден сұрақ қоятынбыз. Екінші 
сұрақка, олардың жауап бергендері маңыздылық ақшада емес, егер 
сендер жақсы оқысаңдар қалғандары ӛз-ӛзінен шешіледі,- дейтін. Біз 
неғұрлым ақша күші туралы, тереңірек біле бастаған сайын, 
солғұрлым мұғалімдер мен құрбыларымыздан алшақтай бастадық. 
Менің оқымысты әкем, мектепте алған бағаларым үшін ұрыспайтын. 
Рас, соңғы кезде біз ақша туралы талас жүргізе бастадым.
Мен 16 жасқа толғанымда, менің қаржы жӛніндегі білімім ӛз ата-
анамнан әлде қайда артық еді.
Сӛйтіп, мен бухгалтерлік есепті жүргізе алатын болдым, салық 
инспекциясының 
бухгалтерлері 
мен 
түрлі 
компаниялардың 
адвокаттарымен қозғалмайтын мүліктерді сатушы агенттермен. 
инвесторлармен және т.б. кездесіп әңгімелессе алатын болдым. Менің 
әкем тек қана мұғалімдермен кездесетін.
Бір күні әкем, маған біздің үйіміз- ең жоғарғы капиталдық салым 


84 
деді. Мен шыдай алмай, үй жақсы капиталдық салым бола алмайды. 
деп айтқанымда, екеуіміздің арамызда ыңғайсыз ерегіс туды.
Келесі схемада бай және кедей әкенің ӛз үйлерін қалай әртүрлі 
бағалайтынын кӛресіздер.
Біреуі үйді актив деп есептесе, екіншісі-пассив дейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет