Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет37/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
3.Достарды таңдай білу.
 
Қарым-қатынаста болатын адамдарды таңдап алуға ұқыпты 
болыңыз. Менің бірден айтпағым, достарымды мен олардың 
каржылық жағдайларына қарап тандамаймын. Менің достарымның 
ішінде кедейлікке ант бергендері де, жылына миллион сомдық табыс 
табатындары да бар. Мұның бастысы: мен олардан бірдеңе үйренем 
және бұған саналы түрде барлық күшімді саламын. Рас, кейбір 
адамдармен ақшалары болғандықтан да танысқандарым бар. Мені 
қызықтыратындығы олардың ақшалары емес, білімдері еді. Кей 
уақытта бұл адамдар маған дос болатын, бір уақытта жоқ. 
Шындығында, бір айырмашылықтары болатын. Менің байқағаным, 
бай достарым тек қана ақша туралы әңгімені жақсы кӛретін. Мен 
мақтаншақтықты айтпаймын. Олар қаржы мәселелеріне үлкен ықлас 
қоятын. Сондықтан, мен олардан бірдеңе үйренетінмін, олар менен 
үйренетін.
Менің қаржы тапшылығын сезінетін достарым: ақша, бизнес, 
инвестициялар туралы әңгімелерді сүймейтін. Олар мұны дӛрекі және 
парасаттылық тақырыбы емес деп есептейтін. Бұлардың да мені 
бірдеңеге үйретуге жағдайлары бар болатын, әсіресе олардың 
қателіктерін қайталамауға. Менің достарымның ішінде қысқа 
мерзімде миллиард доллар табыс тапқандары да бар. Осылардың 
ішінен үшеуінің бір таңғаларлық жағдайды байқағандары: олардың 
ақшалары жоқ достарының бірде біреуінің, бұған қалай қолдарыңды 
жеткіздіғдер, -деп сұрамаушылықтары. Олардың сұрайтындары 
1) қарызға ақша немесе
2) жұмыс. 
Назар аудару.
Кедей және қорқақ адамдардың пікірлеріне құлақ аспаңыздар. 
Менің сыйластықпен қарайтын достарым бар, бірақ ӛмірде ӛздерін 
«кіші балапандай» ұстайды. Ақша туралы және оларды бір нәрсеге 
салу жӛнінде сӛз болғанда, олар үшін ақырзаман күнде туады. Олар 
кӛбіне: «Сенің ойлағаныңдай болмайды», «Оны жасай алмайсың», 


177 
«реті жоқ» дегендерді айтып етектен тартумен болады. Кейбіреулер, 
олардың осындай «кӛрегендіктеріне» сеніп, бұлардың легіне 
қосылады.
Байлықты құрудағы күрделі жағдайдың бірі-ол ӛз-ӛзіне сенімді 
болушылық, жұрттың бәрінің істегенін-істемеушілік. Жұрттың 
кӛпшілігі нарыққа кешігіп келеді де, оның құрбаны болады. Егерде, 
журналдың бірінші бетіне керемет мәміле (сделка) туралы жарнама 
басылса, оны жасамаңыз, себебі: кешігіп қалдыңыз. Басқа 
мүмкіншіліктерді іздеңіз. Серфингті сүйетіндердей, жаңа толқынның 
келуін күтіңіз. Асыққандар тақтадан құлап, суға түседі. Ақылды 
инвесторлар нарықтың тепкісіне кӛнбейді және бейімделмейді. Егерде 
алғашқы толқынды жіберіп алса, екіншісін күтіп, соған дайындалады.
Инвесторлардың кӛпшілігіне ӛзі күрделі, сұранымы кең тарап 
үлгермеген әлі белгісіз бірдеңелерді сатып алу қорқынышты қорқақ 
инвесторлар қой секілді, отардан шығуға қорқады. Ақылды 
инвесторлар пайда тауып үлгеріп, әрі қозғалғанда, ақшаның құдіреті 
әлгі қорқақ инвесторларды, осылардың орнына әкеледі. Кӛреген 
инвесторлар әлі белгісіз, кең тарап үлгермеген инвестицияларды 
сатып алады. Олар пайданың сатып алғандарында түсетінін біледі, 
керісінше сатқанда емес. Олар шыдамдылықпен күтуде болады. 
Келесі толқынға дайындала бастайды. Мұны ӛз-ӛзіңнің «іштей 
саудасы» деп атайды. Іштей сауданың жасырын және заңды түрлері де 
бар. Қалай болғанда да, бұл білетін адамдар үшін, қашанда сауда. 
Мұның бір айырмашылығы, Сіздің оны қаншалықты білетіндігіңізге 
байланысты. Сізге ақшаның қалай жасалынатындығы жӛнінде жерге 
жақын жүретін және солардың ортасында болатын бай адамдармен 
достасқаныңыз жӛн.
Ақша ақпарат бойынша жасалынады. Сізге алдағы болғалы 
тұрған дақпыртты біліп, ерте қимылдаушылықты пайдалану керек. 
Мен мұны, заңсыздық жолымен табыңыз деуден аулақпын, егерде Сіз 
ақпаратқа ерте ие болсаңыз, пайда табуға (кішкене катермен) толық 
мүмкіншілігіңіз болады. Міне, достар осындай жағдайлар үшін керек. 


178 
Бұл да қаржылық тапқырлыққа жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет