Бай әКЕ, кедей әКЕ


 Пайда таба білушілік-тіпті жоқтан да



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50
7. Пайда таба білушілік-тіпті жоқтан да.
Тәжірбиелі инвестордың алдымен ӛзіне бірінші қоятын сұрағы: 
«Мен қалай ӛз ақшамды шапшаң кейін қайыра аламын?» Оның 
сыртында, қаншасын тегін алатындығын білгісі келеді. Міне, 
сондықтан инвестицияға салған капиталдың қанша таза пайда 
әкелетіндігі аса маңызды.
Мен ӛз үйімнен онша алыс емес, кепілдікке қойылған, бірақ 
сатылатын бір үйге кезіктім. Банк бұл үйге 60 мың доллар сұрады, мен 
50 мың ұсындым. Олар ұсынысты қабылдады, ӛйткені мен 50 мың 
долларлық чекті қолма-қол сол жерде тапсырдым. Менің әрі қарай 
ойнамай тұрғанымды олар кӛрді. Инвесторлардың кӛпшілігі маған 
мынаны айтқан болар еді: «Сіз қолма-қол ақшаның үлкен бір бӛлігінен 


188 
айырылмайсыз ба? Одан да кредит алған дұрыс болмайтын ба еді?». 
Мен олай емес деймін. Менің инвестициялық компаниям, бұл үйді 
қысты күні Аризонадан келетін демалушыларға жалға береді. 
Жылдың тӛрт айы бойынша, айлық тӛлемақысы 2,5 мың долларды 
құрайды, ал қалған айларда -бір мың доллардан болады. Менің салған 
ақшам үш жыл кӛлемі ішінде ӛзіме қайтып оралады. Солай, енді 
тұрақты пайда әкелетін бұл актив-ӛзімдікі болады. Акциялармен де 
осылай болады.
Менің брокерім, бір компанияның жаңа ӛнім шығармақшы 
болып жатқандығын хабарлап, осыған байланысты акциялардың 
ӛсетіндігін айтып, осы компанияның акциясына кӛп ақша салуға кеңес 
берді. Сӛйтіп, акциялар бағасының ӛсуі кезеңінде, мен бір аптадан- бір 
айға дейінгі мерзім кӛлемінде қолма-қол ақша салдым. Содан кейін, 
акция құнының ӛсуі арқасында, мен бірінші кезекте салған ақшамды 
қайырып алдым, енді мені нарықтағы бағаның қозғалысы 
аландатпайды, ӛйткені менің ақшам ӛзімде, енді мен оны басқа 
активке саламын. Менің ақшам онда салынды, ӛз ісін істеді, ал менің 
колонкамда жаңа актив тегін пайда болды. Әрине, кей уақыттарда мен 
ақшамды жоғалтам.
Мен ойындардың ішінен ӛзіме қолайлысын, таңдап алып 
ойнаймын, жоғалып кететін ақшаның да межесін белгілеп, одан 
артыққа бармаймын. Мен орташа есеппен он салымның, 2-3 інде 
ұтамын, 5-6 ешқандай пайда әкелмейді, ол 2-3-інде ұтылам. Бірақ, 
менің ақшамның жоғалуы шектелген кӛлемнен аспайды.
Тәуекелділікке баспайтын адамдарға ақшаларын банкке салу 
керек. Турасын айтсақ ештеңе жоқтан да қандай да бір салымның 
болғаны дұрыс. Бірақ, ақшаны банктен қайтып алу үшін, кӛп уақыт 
керек, сӛйтіп ол жағдай да айтарлықтай пайда бермейді. Маған 
капиталдық салым жасау үшін, ынталандыру мақсаты және тегін 
пайда түсіру сиының болуы міндетті түрде шарт. Мысалы: үй, бос 
жер, акция пакеті, офистік ғимарат. Қатер ең тӛменгі дәрежеде болуы 
керек. Бұл жӛнінде кӛп кітаптар жазылған, сондықтан егжей-тегжейлі 
тоқталмай-ақ қояйын.


189 
«Макдональстағы» Рәй Кроктың «гамбургерлер» франшизін 
сатушылығы, оның гамбургерлерді аса сүйгендігінен емес, оған осы 
франшиз негізінде тегін жылжымайтын мүлік қажет еді. Сондықтан, 
ақылды инвесторлар инвестициялық капиталдан тек қана таза пайда 
түсіруге кӛңіл аудармайды. Ӛз ақшаңыз, ӛзіңізге қайтып оралғанда, 
сонымен қатар тегін актив түсірілуі қажет. Бұл да қаржылық 
тапқырлықпен тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет