Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет6/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
БІРІНШІ САБАҚ:
Байлар ақша үшін жұмыс істемейді.
ІІ тарау 
 
- Папа, айтшы қалай бай болуға болады?
Әкем оқып отырған кешкі газетін, ысырып қойды.
- Балам, сен неге бай болғың келеді?
-Себебі, бүгін Джиммидің мамасы ӛзінің жаңа "Кадиллак" 
машинасымен келіп, ӛзінің отбасын демалыс күндерінде теңіз 
жағасындағы үйге алып кетті. Джимми ӛзімен бірге үш досын қоса ала 
кетті, ал Майкл екуімізді шақырған жоқ. Бізге айтқандары: сендер 
“кедей” болғандықтарыңнан алмаймыз,- деді.
-Шын ба? -деді әкем сеніңкіремей.
-Ия, рас, -дедім мен ӛкпелі түрмен. Әкем үндемей басын шайқап, 
кӛзілдірігін дұрыстап қайта киіп, газет оқуын жалғастырды. Ал, мен 
ол не айтар екен? -деп күтуде болдым. 1956 жыл. Мен 9 жастамын 
болғаны солай, байлардың балаларымен бір мектепке баратынмын. 
Біздің қалашығымыз бұрынғы қант плантациясының орнына 
салынған. Плантация басшысы, басқа да ықпалды тұлғалар: 
дәрігерлер, бизнесмендер мен банкирлер алғашқы алты жылға ӛз 
балаларын осы мектепке беретін, содан кейін, оларды жеке меншікті 
мектепке ауыстыратын.
Біз сол мектеп жағындағы кӛшеде тұрғандықтан, мен осы 
мектепке баратынмын. Егерде, біз басқа кӛшеде тұрғанда, сӛз жоқ 
тұрмыс-жағдайлары бізбен қатар отбасыларының балалары оқитын 
мектебіне жіберген болатын еді. Алтыншы класстан кейін, мен және 
мен сияқтылар мемлекеттік мектепте оқуымызды жалғастырдық. Біз 
үшін жеке меншік мектеп жоқ еді.
Бір кезде әкем газет оқуын тоқтатты. Оның ойланып отырғаны 
кӛрінді.
- Балам, -деді ол ақырын бастап, егер сен бай болғың келсе, онда 
саған ақша табуға үйренуің керек.
- Ақшаны қалай табады?, -деп сұрадым мен.
-Ӛзің ойлан,- деді жымиып мұнысы: “Мен саған ештеңе 


26 
айтпаймын” немесе “Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын, мені 
ыңғайсыз 
жағдайға 
қалдырма”, 
-дегені 
сияқты 
болып
кӛрінді маған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет