Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет9/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
Отыз центтен кейін
Сол сенбі күнгі 9-дан бастап Мартин апайдың қарамағында 
жұмысқа кірістік. Бұл кісі сондай қайырымды және шыдамды әйел еді. 
Ол бізге ылғи, Майк екеуіміз, оның ержетіп кеткен, екі ұлдарына 
ұқсайтындығымызды айтушы еді.
Рас, ӛзінің қарапайымдылығына қарамастан, ол бізге кӛп жұмыс 
істеуіміз қажет,- деп есептейтін, әрі оны әрқашан бізге тауып беретін. 
Біз үш сағат бойы сӛрелердегі консерві банкілерін алып, қух 
қанатымен 
шаңдардан 
тазартып, 
мұқияттылықпен 
қайтадан 
орындарына қойуымыз керек. Бұл бірқалыпты, әрі ӛте іш 
пыстыртатын жұмыс еді.
Ӛзімнің “бай әкем”, -деп атайтын, Майктің әкесінде үлкен 
автотұрақтары және тағы осындай 9 ӛз-ӛздеріне қызмет жасайтын 
кішігірім дүкендері бар. Осы жерден алыс тұрмайтын кісілер: сүт, нан, 
май және темекі сатып алуға мүмкіншіліктері бар еді.
Ӛкінішке орай, ол уақытта Гаваяда ауаны алмастыру 
кондиционерлері болмайтын, күннің ыстықтығынан дүкендердің 
есіктері жабылмайтын, соның салдарынан автотұраққа келетін 
машиналардың кӛп жүрісінен, олардың іші шаң-тозаңға толы 
болатын.
Үш апта бойы, үш сағаттан Мартин апайға келіп жұмыс істедік. 
Түске қарай біздің жұмысымыз аяқталатын, ол кісі бізге 3 тиындық 
ақша беретін. 1956 жылы 9 жасар баланың ӛзіне 30 цент кӛп ақша 
болып есептелмейтін. Ол уакытта “комикстер” (күлдіргі әңгімелер мен 
суреттер кітабы) құны 10 центтен кем болмайтын, тапқан табысымды 
осы кітаптарға жұмсап , үйіме кететінмін.
Тӛртінші аптаның сәрсінбісінде, мен барлығын тастауға даяр 


34 
едім. Майктің әкесінен ақшаны қалай жасау керектігін үйренуге 
жұмысқа кіріп едім, енді сағатына 10 цент үшін құлға айналдым.
Оның есесіне бірінші кездесуден соң, Майктің әкесін кӛргенім 
жоқ.
- Мен кетемін,- дедім Майкке түскі үзіліс кезінде. Мектептегі 
түскі ас ӛте нашар еді. Оқу іш пыстырды, оның сыртында мен сүйікті 
сенбі күнінен айырылдым. Әсіресе мені назаландырған осы 30 цент 
болды.
Майк күлді.
- Неге күлесің? -дедім мен ашуланып.
- Әкем айтып еді, осылай болады, деп. Сен кетуге даяр болғанда, 
кездесуге келсін деді.
- Не? -дедім мен назалы түрде. Сонда, ол осының бәрі мені мезі 
қылғанша күткен бе? 
- Жалпы солай, ия, деп жауап берді Майк. Менің әкем басқа 
кісілерден емес. Ол сенің әкең сияқты оқытпайды. Сенің әке шешең 
кӛп сӛйлейді. Ал менің әкем үндемейді, немесе аз сӛйлеуді калайды. 
Сенбіге дейін күте тұр. Сенің күтуге даяр екеніңді, оған айтайын.
- Сонда мұның барлығы әдейі істелінген дегің келе ме?
- Әдейі емес, бірақ осыған ұқсас бірдеңе. Сенбі күні әкем бәрін 
түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет