Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет29/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
Бай КЕ, кедей КЕ

 
Алтыншы сабақ
 
Ақша үшін емес, тәжірбие үшін жүмыс істеңіз!
 
 
VII ТАРАУ
 
1995 жылы Сингапурде, бір газетке мен интервью бердім. Жас 
журналшы қыз уақытында келіп, әңгіме бірден басталды. Тамаша 
қонақ үйінің вестибюлінде кофе іше отырьш, менің Сингапурға келген 
мақсатым туралы әңгімелестік. Мен, мұнда Зиг Зиелармен бірге сӛз 
сӛйлеуге тиісті едім. Ол, мотивация жӛнінде, ал мен байлардың 
«құпиялары» жӛнінде.
-Мен, Сіз сияқты кең тараған автор болғым келеді, -деді жас 
журналшы қыз. Оньщ газетке шыққан кейбір мақалаларын кӛргенмін, 
олар маған оң әсер еткен. Ол оқырмандар үшін тартымды және қысқа 
да, нұсқа жазатын.
-Сіздің жазу тәсіліңіз тамаша -дедім мен.
-Сізге арманыңызды орындауға қандай кедергі бар? -деп 
сұрадым.
-Менің жұмысым ешқандай нәтиже бермеу де, -деді ол. Бәріңе 
менің 
романдарымды 
мақтайды, 
бірақ 
ешқайсысы 
оларды 
шығармайды. 
Сондықтан, 
мен 
газетте 
жұмыс 
істеуімді 
жалғастырудамын. Мұндағы табысым, әйтеуір тӛлемдерді тӛлеуге 
септігін тигізуде. Сіз, бұл мәселелер жӛнінде, маған кеңес бере аласыз 
ба?
-Ия, дедім мен.
Осында, Сингапурда сатушылар дайындайтын мектебті ұстайтын 
бір танысым бар. Ол жергілікті белгілі корпорациялардың 
жұмыскерлерін оқытады, менің ойымша, әділетсіздік. Ол ӛзінің 
қолжазбасын ұмытып, есіктен атып шықты.
Дегенмен, жӛнін айту керек, ертеңгі күні ол, мен туралы жақсы 
және әділетті мақала жазды. Әлемде ақылды, дарынды және сауатты 
адамдар баршылық. Олармен біз күнде кездесеміз. Олар барлық 


141 
жерлерде бар.
Бір күні менің машинам ақаулықтан тұрып қанды. Оны бір жас 
механик екі минуттың ішінде жӛндеп берді. Ол ақаулықты мотордың 
дыбысынан-ақ аңғарды. Қандай дарындылық! -деп таң қалдым.
Бірақ, ӛкінішке орай, жалғыз дарындылық жеткіліксіз. Мені, 
осындай дарынды адамдардың аз алатындығы таң қалдыратын. 
Жақында, мен Америкада жылына 100 мың доллар табыс табатындар 
5-ақ процент құрайтынын естідім. Мен жылына 20 мың доллардан 
аспайтын табыс табатын: ақылды, дарынды және сондай сауатты 
кӛптеген адамдармен таныспын.
Мысалы, бір бизнес-кеңесшісіден дәрігерлердің қаншалықты аз 
алып, қаржы тапшылығынан қандай зардап шегулері туралы естідім. 
Бұлардың мұндай жағдайда екендіктерін бұрын аңғармаған едім, 
себебі: мұндай мамандардың, оқуларын бітіре салысымен-ақ, 
тұрмастары ең жоғары дәрежеде болады, -деп есептейтінмін. Алайда, 
осы кеңесшінің айтуынша: «оларды байлықтан бірнәрсе ғана 
ажыратып тұр- ол білу». Айту керек, жұрттың кӛпшілігіне осы 
«білуді» игеру қажеттілігі тұр, сонда олардың табыстары ӛсе түседі. 
Қаржылық тапқырлык-бухгалтерлік, инвестиция, нарық және 
заңдар білімдерінің жиынтығы. Осы 4 амалдарды пайдаланып, 
ақшамен -ақша табуға кӛп жеңіл болады. Ақша жӛнінде әңгіме 
кӛтерілгенде, кӛпшілік тек қана, тырысып іс істеуді ғана біледі.
Бұған, журналшы жас қыздың білімділігі мен дарындылыгының 
қосындысы, ең жоғарғы түрдегі мысалы бола алар еді.
Мен, оның орнында болсам, сатушылыққа ғана емес, жарнама 
хаттарын жасау курсына да барып оқыған болар едім. Ақырында, 
жұмысты газеттен емес, жарнама агенттігінен тапқан болар едім. Бұл 
жерде жалақы біршама азырақ болғанымен, ол жақсы жарнамада 
пайдаланатын, ұрандар тәрізді, қысқа жазылатындай қылып, ой-ӛрісін 
нақты, дәл жазуға машықтанған болар еді. Бастысы, жарнама ісімен 
таныс болып, ол арқылы миллиондаған ақшаны қалай табуға 
болатындығын білген болар еді. Кешке қарай және демалыс күндері, 
ӛзінің атақты романдарын жазып, оларды тез сатуға үйренер еді. Ол 


142 
лезде «бестселлерлер авторы» деп атанған болар еді. Мен бірінші рет 
ӛз кітабымның атауын: «Егерде бай және бақытты болғың келсе, 
мектепті таста», -деген тақырыпта бергенімде, кітап басушысы оны: 
«Білім экономикасы» деген тақырыпқа ауыстырыңыз деді. Онда мен, 
мұндай атаумен, кітаптың 2-ақ данасын сата алатындығымды айттым. 
Біреуін ӛз отбасыма, екіншісін ең жақын досыма. Әрине, мен бұл екі 
дана кітапты сатпаймын, тек сый ретінде беремін. Осындай атауды 
таңдап алуым, ол ерекшелігімен жұрттың назарын аударған болар еді. 
Жалпы оқу жүйесіне мен қарсы емеспін, ондағы болып жатқан 
реформаларға сенемін. Егер мен оған қарсы болсам, онда ескірген оқу 
жүйесін, ӛзгерту керек, -деп, осынша ма уақыт айтар ма едім? Мұндай 
тақырыпты 
таңдап 
алу 
себебім: 
мен 
теледидар 
және 
радиохабарларына кӛбірек қатынасып, пікір таласып тудырғым келді. 
Жұрттың кӛбі, мені есуас, -деп санады, дегенмен кітап тез сатылып 
кетті.
1969 жылы, мен Американың теңіз-сауда академиясын аяқтап 
шықтым, менің оқымысты әкем, бұған қатты қуанды. Калифорниялық 
«Стандарт Ойл» компаниясы, мені мұнай тастың танкердің үшінші 
кӛмекшілігіне жалдап алды. Менің жалақым, ӛзімнің класстас 
жолдастарымнан аз еді, бірақ оқуды бітіргеннен кейін бірінші жылғы 
жүмыс үшін, онша жаман да емес еді. Жалақым бастапқы кезеңде 
жылына 42 мың долларды құралы, оның сыртында негізгі жұмыс 
уақытынан тыс жұмыстар үшін, қосымша ақы тӛленетін, жылдың жеті 
айында жұмыс істеп, қалған бес ай бойынша демалыста болатынмын. 
Маған қажет болса, осы бес айға Вьетнамдағы еншілес кӛлік 
компаниясына жұмысқа тұрып, табысымды екі есе кӛбейтуге 
жағдайым болды. Менің алдымда үлкен мансапқа ие болу 
мүмкіншілігі тұрды, бірақ мен жарты жылдан кейін тыстан босап, 
ұшқыш болу үшін әскерге кеттім. Бұл іс оқымысты әкемнің зәре-
құтын алдырмады, ал бай әке тарапынан қолдау таптым.
Жұрттың кӛпшілігі: оқуда да, жұмыста да «мамандандыру» ӛте 
қажетті, -деп есептейді. Яғни, кӛп ақша табу үшін «мамандану» керек 
дейді. Міне, сондықтан дәрігерлер нақтылы мамандықтарды итереді, 


143 
мысалы, ортопедияны немесе педиатрияны. Бухгалтерлер, заңгерлер, 
архитекторлар, ұшқыштар және т.б. нақ осылай жасайды. Менің 
оқымысты әкем осы кӛзқарасты қолдайтын. Ол докторлық дәрежесіне 
ие болғанда, қуанышында шек жоқ еді.
Ол, мектептерде оқушылардың қай пәнге қабілеттілігін негізге 
алып, қалғандары туралы аз одан да азға оқытуды мадақтайтынын 
мойындайтын.
Бай әке маған, керісінше түбегейлі қарама-қарсылықты кеңес 
беретін. «Барлығы жӛнінде аз-аздан болсада білу керек», дейтін. 
Сондықтан, мен кӛп жылдар бойы, оның компаниясының әртүрлі 
бӛлімдерінде жұмыс істедім. Біршама уақыт бухгалтерияда болдым. 
Дегенмен, мен ешуақытта бухгалтердің міндеттерін атқара 
алмаған болар едім, бірақ ол менің «осмотикалық» тәсілге 
үйренгенімді қалап еді. Бухгалтерлік істе ненің маңызды, ненің 
маңызды емес екенін аңғарып, негізгі терминдерді түсініп, игерсін 
деген болар. Мен, солай даяшының кӛмекшісі, құрылыс мастерінің 
кӛмекшісі де болып жұмыс істедім және саудамен, маркетингпен де 
айналыстым. Ол. Майк екеуімізді осылай «есірді».
Бухгалтерлермен, банкі қызметкерлерімен, заңгерлермең және 
брокерлермен 
ӛзі 
ӛткізетін 
кеңес-жиналыстырына 
біздің 
қатынасуымызды талап ететін. Сӛйтіп, ол ӛз империясының әр саласы 
бойынша біздің бірдеңе ұғуымыз керек. -деп есептейтін.
Мен мұнай компаниясындағы жоғары ақылы жұмыстан бас 
тартқанымда, менің оқымысты әкем, менімен егжей-тегжей сӛйлескісі 
келді. Менің кызмет бабында ӛсу мүмкіншілігі бар, еңбекақысы 
жоғары, жеңілдіктері кӛп, демалыс уакыты ұзақ жұмыстан бас 
тартқанымды түсінбей, аң-таң болды. Бір күні кешке, ол менен: «Сен 
неге кеттің?»-деген сұрағына, қанша тырыссам да, түсіндіре алмадым. 
Менің ойым, оның ойымен сәйкес келмеді. Шын проблемасы: менің 
ойымбай әкенің ойы болатын.
Оқымысты әкем үшін, тұрақты жұмыс қашанда негізгі 
айқындаушы фактор болатын. Бай әке үшін- білім. Оқымысты әкем, 
менің әскери-теңіз офицерлігіне окығанымды ұнататын, ал бай әке, 


144 
менін халықаралық сауданы оқып жүргенімді білетін. Мен әртүрлі 
үлкен кемелермен Қиыр Шығысқа, Тынық мұхиттың оңтүстік 
жағалауларында сауда жұмыстарын жүргіздім. Бай әке, маған 
Европаға емес, Азиядағы жаңа дамып келе жатқан мелекеттерге бару 
керек, деп ақыл беретін.
Менің кӛптеген жолдастарым, оның ішінде Майкте бар, 
уақыттарын кӛңілді кештерде ӛткізіп жүргендеріңде, мен Японияның, 
Тайванның, Тайландтың, Сингапурдың, Гонконгтың, Вьетнамның, 
Кореяның, Таитидің, Самоаның және Филиппиннің саудасын, 
адамдарын, іс-тәсілдерін және мәдениеттерін зерттедім. Мен, сӛйтіп 
тез ересек болдым.
Менің оқымысты әкем, әскерге қызметке кеткенімді мүлдем 
түсінбеді. Мен, оған ұшқыш болғым келетінімді айттым, бірақ 
шындығында, адамдарды басқаруға үйренгім келіп еді. Бай әке 
компаниядағы 
күрделі 
мәселе- 
ол 
адамдарды 
басқару,-деп 
түсіндіретін. Ол әскерде үш жыл болған, ал оқымысты әкем кезінде 
әскерге барудан босатылған болатын. Адамдарды ӛзіңнің соңыңнан 
ертіп, қатерге қарсы шабуға үйренушілік- маңызды іс, -деп айтатын 
бай әке. «Енді саған лидер болуға үйренуің керек,- деді ол. Егер сен 
жаман командир болсаң, сені артыңнан атады- бизнесте де нақ 
осылай».
1973 жылы Вьетнамнан оралғаннан кейін, маған ұшқыш болу 
ұнасада, әскерден кеттім. «Кегог» корпорациясына жұмысқа кірдім. 
Мен мұнда бір себебпен барып едім, әрине ол қызметкерлерге 
берілетін жеңілдіктер үшін емес еді. Мен табиғатымнан ұяң адам едім, 
сондықтан бірдеңені сату дегеннен менің зәрем қалмайтын. Ал 
«Кегог» компаниясында Американың сауда агенттерін оқытатын ең 
жақсы бағдарлама бар болатын. Бай әке, мені мақтан тұтатындығын 
айтты. Оқымысты әкем, ұяттан ӛлердей болып жүрді. Ол интеллигент 
болғандықтан, сатушыны, ӛз дәрежесінен кем, деп есептейтін.
Сауда жасаудың барлық амалдары мен тәсілдерін үйренгенше, 
мен «Кегог» компаниясында тӛрт жыл жұмыс істедім. Тәжірбиемді 
шыңдай отырып, сатушылардың ең жақсы бірінші бестігіне тұрақты 


145 
түрде 
енгеннен 
кейін, 
тамаша 
лауазым мүмкіншіліктерінің 
баршылығына қарамастан, бұл компаниядан да жұмыстан кеттім.
1977 жылы мен, ӛз компаниямды құрдым. Бай әке, Майк 
екеуімізді ӛз компанияларымызды қалай басқаруды үйретті, енді 
оларды қалай құруға болатындығы жӛнінде үйренуім керек болатын. 
Сӛйтіп, менің бірінші шығарған ӛнімім жабыстырмалы нейлон 
қағаздары Қиыр Шығыста шығарылып, Нью-йоркке тасып әкелінетін. 
Солай, менің формальді түрдегі оқуым аяқталып, енді ӛзімді іс 
барысында сынау мерзімі туды. Сәтсіз болса, мен банкротқа ұшыраған 
болар едім. Бай әке, банкроттыққа 30 жасқа дейін ұшыраған дұрыс деп 
есептейді, «оңда сен күшіңді қайта жинауға уақытын болады,деп 
кеңес беретін». Мен 30 жасқа толар қарсаңында Кореядан Нью-
Йоркке менін жеке компаниямның бірінші партиясының жүгі 
жіберілді.
Бұрынғыдай, мен қазір де халықаралық бизнеспен айналысамын. 
Бай әкенің кеңесі бойынша, тез даму жолындағы елдермен жұмыс 
атқаруға тырысудамын. Қазіргі кезеңде менің инвестицияларым 
Оңтүстік Америкада, Азияда, Норвегияда және Россияда бар. 
Ағылшындардың «жұмыс» деген сӛзінің мағынасы: «банкроттықтан 
сәл ғана артық», -деген мәтелді керсетеді. Ӛкінішке орай, жұрттың 
кӛпшілігіне осындай жағдай тән. 
Мектептер мен университеттер қаржылық білім алуды жағымды 
іс емес,-деп есептегендіктен, жұрттың кӛпшілігі «қаржылық 
мүмкіншіліктерінше» ӛмір сүреді. Олар жұмыс істейді, содан кейін 
тӛлемдерін тӛлейді.
Менеджментте тағы бір сұмдық теория бар, оның мағынасы 
мынаған келеді: «Жұмыскерлер жұмысты, керекті мӛлшерден артық 
істемейді, жұмыстан шығарып жібермесін деп істейді, ал қожайындар 
оларға ақшаны қажетті мӛлшерде тӛлемейді, жұмыстан кетіп 
қалмасын, -деп тӛлейді». Егерде компаниялардың жұрттың 
кӛпшілігіне жалақыны қалай тӛлейтіндігіне үңілсек, бұл сӛздерде 
шындықтың «дәні» бар екенін мойындауымыз керек.
Сӛйтіп, жұмыс істеушілердің кӛбі қаржылық игілікке қолдарын 


146 
жеткізе алмайды. Олар ғұмыр бойы ӛздерін қалай үйреткендерінен 
бұлтармай, «тұрақты жұмыс істеушілікте» болады. Барлығыда 
зейіндерін жалақыға және жеңілдіктерге, әртүрлі қысқа мерзімді 
пайдаларға аударады, бірақ бұлар ұзақ мерзімді кӛзқараспен 
салыстырғында жиі күйреушілікпен аяқталады.
Мен жас адамдарға, бірдеңеге үйренетін жұмысты іздеулеріне 
кеңес берген болар едім. Ең алдымен ӛзіңізге не нәрсеге үйренгіңіз 
келетінді. қандай тәсілдерді игергіңіз келетіндігіңізді ойластыру 
керек. содан кейін барып нақтылы бір мамандыққа тоқтау керек, 
сӛйтіп «егеуқұйрық жүгірісіне» қатынасу керек. Адамдар ғұмыр бойы 
тӛлемдерін тӛлеумен жүгіріп жүргенде, тура шеңбер ішінде жүгірген 
тиінге ұқсайды. Олар күнде осындай шеңбердің ішінде жүгірумен 
болады. Тамаша! Кӛп адамдарға мен мынандай сұрақ қоямын: «Сіздің 
күнде істейтіндігіңіз, Сізді қайда апарады?» шеңбердегі тиін секілді, 
олардың ынталанып істейтіндері, соңында неге апарып соғарына 
ешқандай кӛңіл бӛлмейді. Оларға келешек не береді?
Американың 
зейнеткерлер 
ассоциациясының 
бұрынғы 
президенті Сирил Брикфилд: «Жеке тұлғаларға зейнетақы тӛлеу 
былықты жағдайда. Біріншіден, қазіргі кезеңде жұмыс күшінің 50 
процентінде ешқандай зейнетақы жоқ. Мұндай жағдай бізді қатты 
алаңдатуы керек. Ал қалғандарының 75-80 проценті күлкілі кӛлемдегі 
зейнетақы алады: айына 50-150 немесе 300 доллар», -деп 
тұжырымдайды.
Крэг С. Карпел ӛзінің «Зейнетке шығу қиялы» атты кітабында: 
«Зейнетақы туралы кеңес беретін бір үлкен компанияның 
басқармасына барып, онда жоғары басшы тұлғаларға үлкен зейнетақы 
тағайындаумен айналысатын директормен кездестім. Мен ол кісіден, 
ал жеке кабинеттері жоқтар неменеге сене алады? -деген сұрағыма, 
жымыйып: «Күміс оққа». Күміс оқ деген немене? -дедім мен 
таңданып. Ол иығын кӛтеріп: «егерде адам қартайғанда, ӛміріне ақша 
жетпейтіндігін аңғарса, ол қашанда болмасын ӛзін-ӛзі атуға еркі бар 
деді», -деп жазады. Одан әрі Қарпел зейнетке шығудың ескі 
жоспарымен, жаңа ӛте қауіпті жаңа жоспардың айырмашылығын 


147 
түсіндіреді. Сондықтан, қазіргі жұмыс істеп жүргендер үшін, жағдай 
онша айтарлықтай емес. Біз тек қана зейнетақы туралы айтып 
отырмыз. Ал, егерде қарттар үйінде тұрушылықты және дәрігерлік 
кӛмекті қоса ескерсек не болады? Ахуал ӛте қорқынышты.
Ол ӛзінің 1995 жылы жазылған кітабында, қарттар үйіндегі тұру 
құны жылына 30 мың доллардан 125 мың долларға дейін 
тұратындығын айтады. Дәрігерлік кӛме мемлекет тарапынан 
керсетілетін елдердің ауруханаларында кей уақытта, кімге ӛмір сүру 
керек, кімге ӛлу керек екендігі туралы, ӛте күрделі шешім кабылдауға 
тура келеді. Мұндай шешімдер ауру адамның жасына қарай және 
қанша ақшасы бар, осылардың негізінде қабылданады. Дәрігерлік 
кӛмек жас адамдарға жасалынып, кедейлер мен кәрілер кезектің 
соңына қойылады. Байлар жақсы білім алуға ғана емес, сонымен қатар 
ұзақ ӛмір сүруге де мүмкіншіліктері бар, ал ақшасы жоқтар ӛледі.
Мен: «Жұмыс істеуші адамдар, келешегінде не күтіп 
тұрғандарына үңілмей ме екен?»-деп таң қалатынмын. Әлде, олар 
жалақыдан-жалақыға дейін, қайда бара жатқандарын ӛздерінен-ӛздері 
сұрамай ӛмір сүре ме екен?
Кӛп ақша тапқысы келген адамдарға берер кеңесім: ӛз 
ӛмірлеріңізге ұзақ мерзімді болашақта не күтіп тұрғандары жӛніндегі 
тұрғыдан қараңыздар.
Жұмысты акша табу және тұрақтылық мақсатында істеудің 
орнына (әрине, бұл маңызды) мен оларға екінші жұмысқа, қосымша 
кәсіби-машықтық алуға ұсыныс жасаймын. Тауарларды сатуға үйрену 
мақсатында, жүйелі маркетингпен (оны кӛп деңгейлі деп атайды) 
айналысуға шақырамын. Кейбір жүйелі маркетинг компанияларында, 
қорқыныш пен үрейден қалай құтылуға болатындығы жӛнінде 
оқытатын тамаша бағдарламалар бар (нақ осы қорқыныш пен үрей 
адамдардың табысқа қол жеткізе алмайтын себебтердің бастыларының 
бірі). Ұзақ мерзімді тұрғыдан қарағанда білімділіқ, ақшадан әлдеқайда 
артық. Менің осындай кеңестеріме жұрттың кӛпшілігі: «Бұл ӛте 
күрделі» немесе «Мен ӛзіме ұнағанды ғана істеймін», -деп жауап 
беретін. Мұның біріншісіне, мен: «Сіз ғұмыр бойы жұмыс істеп, 


148 
табысыңыздың жартысын мемлекетке бересіз бе?»-деген қарсы сұрақ 
қойатынмын, ал екіншісіне: «Маған спортзалға бару ұнамайды, бірақ 
мен барамын, себебі: мен ӛзімді жақсы сезініп және ұзақ ӛмір сүргім 
келеді» дейтінмін. «Кәрі ақымақты, жаңа әзілдерге үйрете алмайсың 
дегендей, егер адам ӛзгерістерге бейімделмесе, оның ӛзгеруі қиын. 
Сіздердің араларыңыздан, шындығында бір жаңа істерге үйрену керек 
шығар, деп ойланатындар табылса, мен оны қолдаймын, себебі: ӛмір-
спортзалға барғанмен бірдей. Мұның қиындығы оған бару. Бірақ, оған 
кірген сәттен бастап-ақ, Сізге жеңіл болады. Әрқашанда мен 
спортзалға баруға жүрексінетінмін, бірақ ішіне кіргеннен кейін, 
қимыл жасап, бір рахат сезімге бататынмын. Жаттығудан кейін 
қуанышты болатынмын, себебі: мен ӛз жалқаулығымды жеңіп, ӛзімді 
осында келуге мәжбүр еттім.
Егерде Сіз жаңа бірдеңені үйренуге жұмыс істегіңіз келсе және 
тек қана бірізділік мамандандырулықты қаласаңыз, онда Сіздің-
компанияда 
кәсіподақтың 
барлығына 
кӛзіңізді 
жеткізіңіз. 
Кәсіподақтар жұмыс істеушілерді қорғау үшін құрылады. 
Менің оқымысты әкем, штаттың губернаторымен келісе 
алмағандықтан, Гаваядағы оқытушылар кәсіподағын басқарды. Ол 
маған, бұрын мұндай күрделі жұмыстың ӛзінде болмағанын айтатын. 
Менің бай әкем, ӛзінің компанияларында кәсіподақтардың пайда 
болуына жол бермейтін. Бұл оның қолынан келетін. Шабуылды 
тоқтатуға, ол әрқашанда үлгеретін, Мен ешкімнің жағына 
шықпайтынмын, себебі: әрбір кӛзқарастың ӛзіндік пайдасы болатын. 
Егерде мектепте үйреткендей және бір ғана мамандықты қаласаңыз, 
онда қорғауды кәсіподақтан іздеу керек. Мысалы, мен ғұмыр бойы 
ұшқыш болуды қаласам, онда мен ұшқыштардың күшті кәсіподағынан 
жұмыс тапқан болар едім. Неге?
Себебі: менің барлық ӛмірім бір саланы ғана білуге, игеруге 
арналған еді. Егерде мені жұмыстан шығарып жіберген жағдайда, 
басқа салада бұл білетіндерімнің қажеті болмас еді. Жүз мың сағат 
ұшқан және жылына 150 мың доллар табысы бар, жұмыстан 
босатылған тәжірбиелі ұшқыш осыңдай жұмысты, сірә мектептен таба 


149 
алар ма еді? Сенің біліктілігін басқа жерде қажет емес. Дәрігерлер 
жӛнінде де осыны айтуға болады. Денсаулық сақтау саласында 
кӛптеген ӛзгерістер болуына байланысты, кӛптеген дәрігерлерге 
әртүрлі дәрігерлік ұйымдарға және кәсіподаққа кіруге тура келеді. 
Кәсіподақ мұғалімдерге міндетті түрде қажет. Мұғалімдер кәсіподағы 
Америкадағы ең үлкені және байы. Білім беру Ассоциациясының 
айтарлықтай саяси күші бар. Мұғалімдерге кәсіподақ тарапынан 
қорғаныш қажет, себебі: олардың кәсіби мамандықтары басқа 
салаларда қажеттілігі жоқтың қасы. Сондықтан, бір мамандықтыларға 
кәсіподақ мүшелері болу қажет. Бұл ақылға тұрарлық іс.
Семинарлар ету барысында менің: «Сендердің қайсыларың 
гамбургерді «Макдональдстен» артық дайындай аласыңдар?»-деген 
сұрағыма кӛпшіліктері қолдарын кӛтеретін. Одан әрі жалғастырып: 
«Егерде кӛпшіліктерің гамбургерді жақсы дайындасаңдар. онда 
«Мақдональдс» неге ақшаны сендерден кӛп табады?»-деймін. Жауап 
белгілі: «Макдональдс» компаниясы бизнесті тамаша жүргізе біледі. 
Кӛптеген дарынды адамдардың кедей болуы, олар бір сала бойынша. 
бір істің тӛңірегінде ғана (гамбургерлерді жақсы дайындаған секілді) 
біліктілігін арттырумен болады да. бизнес жӛнінде ештеңе білмейді.
Гаваяда менің белгілі суретші бір досым бар. Ол кӛп табыс 
табатын. Күндердің-күнінде шешесінің адвокаты, оған 35 мың доллар 
кӛлемінде мұра қалдырылғаны туралы телефон соғады. Ол ӛзінің 
бизнесіне пайда келтіру мақсатында. бұл ақшаны жарнамаға салады. 
Екі айдан соң, байларға арналған қымбат журналдың бетінде әсем 
әшекейленген, оның бірінші хабарламасы жарияланады. Бірақ, оған 
бірде-бір ұсыныс түспейді, солай оның мұрадан түскен ақшасы текке 
кетеді. Енді ол журналды, жарнаманы дұрыс орналастырмағаны үшін, 
сотқа бергісі келеді.
Бұл сені неге үйретті? -деген сүрағыма. оның берген жауабы: 
«Жарнама агенттері алаяқтар»-деді. Ал,сен саудаға және маркетингке 
үйренуге оқысаң қайтеді-дедім. «Оған менің уақытым жоқ және текке 
ақша шығарғым келмейді»,-деді.
Ӛмір дарынды кедей адамдарға толы. Олардың кӛп жағдайларда 


150 
кедей болушылықтары, қаржы тапшылығын кӛрушіліктері немесе 
табыстарының аз болушылықтары, олардың мамандықтарының 
сондай 
болушылығынан 
емес, 
бірдеңелерді 
білмеушілігінен 
туындайды. Олар ғұмыр бойы тек қана бір істі, бір саланы жан-жақты 
жетілдірумен ғана шұғылданады, мысалы, сол гамбургерлерді, ал оны 
қалай жеткізіп, қалай сатуға болады; оған мән бермейді. Мүмкін 
«Макдональдс» ең жақсы гамбургерлерді шығара да алмайтын шығар, 
бірақ олар ӛздерінің орташа гамбургерлерін, басқалардан гӛрі шашпаң 
және жақсы сата алады.
Кедей әкем менің бірізділік санаулы мамандықтың иесі 
болуымды қалайтын. Гаваяның губернаторы оған енді, штаттың 
басқару жүйесінде болмайтындығын айтса да, менің оқымысты әкем 
осы пікірінің айтушылығын қоймайтын. Содан кейін, ол оқытушылар 
кәсіподағымен айналысып, білімді кәсіби мамандардың құқықтары 
мен жеңілдіктерін қорғаушылықпен айналысты. Кәсіподақтардың 
пайда болуына, яғни осындай бірізділік мамандарды қорғаушылық 
мәжбүр еткені туралы жиі пікір таластыратынбыз, бірақ ол мұны 
мойындамайтын.
Бай әке, Майк екеуімізге ӛзімізді «ӛсіруге» кеңес беретін. 
Кӛптеген корпорациялар да осыны істейді. Олар бизнес 
колледждердегі оқушылар арасынан қабілеттілерін іздеп, тауып 
оларды «ӛсіріп» және «тәрбиелей» бастайды, сӛйтіп түбінде 
компанияны басқаруға дайындайды. Бұл жас мамандар тек қана бір 
бӛлімде жұмыс істеуге мамандандырылмайды. Оларды бір бӛлімнен 
екінші және басқа бӛлімдерге, бизнестің жан-жақты қырларымен 
танысу үшін, ауыстырып отырады. Байлар Ӛздерінің және 
басқалардың балаларын осылай «тәрбиелейді». Осының нәтижесінде 
олардың балалары бизнестің жалпы қалай Жұмыс істейтіндіктері 
жӛнінде 
және 
компанияның 
бӛлімдерінің 
бір-бірімен 
байланыстылығы туралы терең мағлұмат алады.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде туған ұрпақ үшін 
компаниядан-компанияға ауыса берушілік «жаман». -деп есептелетін. 


151 
Қазіргі кезеңде, бұл ақылды іс. Бір жерде тапжылмай, бір 
мамандықтың кӛлемінде ақша үшін жұмыс істей бермей, басқа 
салаларды да біліп, үйренуге неге ұмтылмасқа, қысқа мерзімді 
уақытқа, мұндай істің пайдасы аз болып кӛрінуі мүмкін. Бірақ, ұзақ 
мерзімді тұрғыдан алсақ. олар Сізге кӛп дивидентер түсіреді. 
Жетістікке қол жеткізу үшін. басқаларды үйренуде мыналарды білу 
қажет:
1.Ақша ағымын басқару.
2.Жүйелерді басқару (соның ішінде ӛзіңді және отбасындағы 
уақытыңды) 
3 Адамдарды басқару 
.
Арнайы ықшамдылыққа үйренудің ең маңыздысы- ол сата білу 
және маркетинг амалдарын игеру. Егер Сіз сата білсеңіз, онда басқа 
адамдармен сӛйлесе аласыз деген сӛз. Бұл адамның жетістікке қол 
жеткізушілігіне үйренудің негізгі шарты. Адамдардың қарым-
қатынастарында: хаттар, кездесулер жүргізу, пікір алушылық, әңгіме 
ӛткізушілік-мұның бәрі де маңызды. Мен әрдайым ӛз білетіндерімді 
семинарлар арқылы және аудиокассетаға жазылған лекцияларды 
тыңдаумен жетілдіріп отырамын. Мен бірнеше рет айтканымдай, 
менің оқымысты әкем, ӛз біліктілігін арттыру мақсатында, ӛте кӛп 
жұмыс істейтін. Ол солай «егеуқұйрық жүгірісіне» одан сайын 
тереңірек ене түсетін. Оның жалақысы ӛскенмен, таңдап алу 
мүмкіншілігі қысқара беретін. Білім министрлігінен оны босатқанда, 
ол ӛз мамандығының кәсіби тұрғысынан әлсіз жағын байқады. 
Мұндай жағдай кәсіби спортшылардың басында да болады. әсіресе 
олар қартайғанда немесе үлкен жарақат алғанда. Бір кезеңде алған 
үлкен 
жалақылары 
тоқтатылады, 
енді 
ӛмір 
олардың 
не 
білетіндіктеріне келіп тіреледі. Міне, сондықтан менің әкем кәсіподақ 
жағына шықты ғой деп ойлаймын. Енді кәсіподақ ол үшін, шешуші 
күш екенін түсінді.
Бай әке, Майк екеуімізге, әр нәрседен аз да болса, бірдеңе 
бітуімізге кеңес беретін. Ол бізге, ӛздеріңнен ақылды адамдарды 


152 
жұмыс істетіп және оларды бір командаға ұйымдастыра біліңдер,-деп 
үйрететін. Жылына жүздеген мың доллар табыс табатын, мен ӛзімнің 
мектептегі ұстаздарымды талай рет кездестірдім. Олардың мұндай 
дәрежеге жетушіліктері, білім беру жүйесіндегі біліктіліктері ғана 
емес, сонымен қатар маркетингті білушіліктері еді. Жұрттың 
кӛпшілігінің саудаға бейімделе алмаушылықтары себептерінің бірі, ол 
сауда барысындағы бас тартушылықпен, алмай кетушіліктен қорқу. 
Адамдармен сӛйлесуді жақсы білсеңіз, олармен қалыпты әңгімелер 
ӛткізе алсаңыз, дұрыс қарым-қатынаста болсаңыз, жұрттан үрейлену 
қорқынышы азая түседі де. Сізге ӛмір сүру жеңілге түседі.
Мен, баршалыққа кезінде «Бестселлерлер авторы» болғысы 
келген жас журналшы қызға берген кеңесімді беруге даярмын. 
Мамандандырушылыктың жақсы да және әлсіз де жақтары бар. Менің 
дарынды талай жолдастарым бар. бірақ олар басқа адамдармен тиімді 
сӛйлесе алмайды, соның салдарынан табыстары аз. Сондықтан, мен 
оларға бір жыл бойы сатуға үйренушілікке кеңес берумен келем. Осы 
уақыт ішінде олар ешқандай табыс таппасада, адамдармен сӛйлесуге 
үйренген болар еді. Ал,бұл бағасы жоқ ұғым.
Жақсы оқушы, сатушы және маркетинг маманы болу үшін, 
жақсы мұғалім де болуы керек. Нақтылы бай болу үшін, тек қана 
алуды ғана емес, беруге де үйрену керек. Адам ӛзінің қаржылық 
немесе кәсіби проблемаларымен күресу барысында, ол беру мен 
алуды ұмытып кетеді. Маған кӛп адамдардың,не жақсы оқушы бола 
алмағандарынын, не жақсы оқытушы бола алмағандарының 
салдарынан кедей болғандары мәлім.
Менің екі әкемде тамаша және жомарт адамдар еді. Екеуіде 
басқаларға бірдеңе беруге ұмтылатын. Оқыту осының бір түрі. Олар 
қанша берсе, сонша алатын. Ал ақша беруде, бұл екі адамның бір-
бірінен түбегейлі түрде айырмашылықтары бар еді. Бай әке кӛп ақша 
тарататын. Ол ақшаны шіркеуге, қайырымдылық орындарына, ӛзі 
құрған әртүрлі қорларға беретін. Ол, егер ақша алғың келсе, беру 
керектігін білетін. Бұл атақты бай тұқымдарының құпиясы. Міне, 
сондықтан Рокфеллер немесе Форд қорлары бар. Олар байлықтарын 


153 
ӛсірумен қатар, оны таратуды да біледі.
Менің оқымысты әкем: «Менде басы артық ақша пайда болғанда, 
оны басқаларға беремін», -деп қайталайтын. Бірақ, мұның 
проблемасы, онда ешқашанда артық ақша болған емес. Ақшаның: 
«Бер-содан кейін аласың»- деген негізгі заңының маңызын түсінуге 
ойланудың орнына, ол жұмысты ынталы істеп, кӛп ақша табуға 
тырысатын. Оның девизі: «Ал- содан кейін бер»болатын. Мен екі 
әкелеріме ұқсас болып ӛстім. Мен, ақша жасау ойынын ӛте жақсы 
кӛретін, жартылай капиталистпін. Екінші жағынан қоғамдық 
сауаттандыру оқытушысымын. Мені, байлар мен кедейлердің 
арасындағы ӛрескел алшақтық үнемі алаңдатады.
Менің жеке пікірім: осындай айырмашылықтың болуына, біздің 
ескірген оқу жүйесінің тікелей кінәсі бар, деп есептеймін.
Неден бастау керек?


154 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет