Бай әКЕ, кедей әКЕ


 Жақсы кеңесшілерді таба білушілік



Pdf көрінісі
бет41/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
Байланысты:
Бай КЕ, кедей КЕ

6. Жақсы кеңесшілерді таба білушілік.
Кәсіби мамандарды табуға ақшаңызды аямаңыз. Мен үйлердің 
алдында «Делдалсыз сатылады» деген хабарландыруларды жиі 
кӛремін. Менің бай әкем басқаша әрекет етуге үйрететін. Ол кәсіби 
жоғары мамандардың еңбегі жоғары дәрежеде тӛленуі керек, -деп 
есептейтін. Менде осы саясатты ұстандым. Бүгінгі таңда маған 
жоғары ақылы заңгерлер, бухгалтерлер, жылжымайтын мүлік және 
құнды қағаздар брокерлері жұмыс істейді. Неге?
Ӛйткені, кәсіби мамандардың қызметі Сізге ақша жасауға 
кӛмектеседі. Біз ақпарат ғасырында ӛмір сүреміз. Ақпараттың құны 
жоқ. Жақсы агент немесе брокер Сізге ақпарат береді және оқытады. 
Маған осындай кӛмек беруге даяр, бірнеше адамдар бар. Бұлар маған, 
бастапқы ақшам жоқ кездерде кӛмектескен, осы уакытқа шейін бірге 
жұмыс істейміз. Менің агенттерге тӛлейтін ақшамның кӛлемі, 
олардың ақпараттарының арқасында табылған ақшаның кӛлемімен 
салыстырғанда, кішкентай ғана бір бӛлігі. Менің агенттерім кӛп ақша 
тапқанда, мен ӛте қуанам, себебі: ол менің табысымның ӛскендігінің 


186 
кӛрсеткіші. Жақсы агенттің кӛмегі ақша табушылықта ғана емес, олар 
уақыт үнемдеуге кӛмектеседі. Мысалы, менің жер учаскелерін 9мың 
долларға сатып алып,соңынан 25 мың долларға сатқандығым (содан 
Порше машинасын сатып алғанмын) осының дәлелі.
Агенттер Сіздің нарықтағы құлағыңыз және кӛзіңіз. Олар онда 
күнде болады, сондықтан Сізге оны істеудің ешқандай қажеттілігі 
жоқ. Мен одан да гольф ойнына барамын. Мені қашанда 
таңқалдыратыны: кедей және орта класс ӛкілдерінің нашар қызмет 
керсеткендері үшін біреулерге 15-20 процент кӛлемінде сыйақы береді 
де,-ал делдалға мәміленің (сделканың) 3-7 процент кӛлеміндегі 
тӛлемақысын 
кӛп 
деп 
шағымданады. 
Оларға 
шығындар 
колонкасындағы (бӛлігіндегі) адамдарға тӛлеуді жақсы кӛреді де, ал 
активтер колонкасындағы адамдарға келгенде сараңдық кӛрсетеді. Бұл 
қаржы тұрғысынан қарағанда құптарлық іс емес.
Делдалдар әртүрлі болады. Ӛкінішке орай, олардың кӛпшілігі 
қарапайым сатушылар. Ал жылжымайтын мүлік саудасының 
агенттері, олардан да тӛменгі дәрежеде.
Олар жылжымайтын мүліктерді сатады, ал ӛздерінде мұндай 
мүлік жоқ. Үй сататын агентпен, инвестиция сататын агенттің 
арасында үлкен айырмашылық бар. Мұндай жағдай, акциялар мен, 
облигациялармен, ӛзара қорлармен, сақтандыру полистерімен 
айналысатын брокерлерімен және қаржыны жоспарлау мамандарының 
әрқайсысына қатынасы бар. Дұрыс маман табылғанша қаншама 
адамдармен кездесуге болады.
Маған жұмысқа тұрғысы келген маманнан, мен ең алдымен оның 
қандай мүлкі бар, ӛзінің қанша жеке акциялары бар, неше процент 
салық тӛлейді, осылардың бәрін сұрап біліп алам. Осындай жағдай 
менің бухгалтерім мен салық заңгеріме де толық қатысты. Менде ӛз 
ісімен айналысатын бухгалтер бар. Бұл әйелдің мамандығы -
бухгалтерлік есеп, ал бизнесі жылжымайтын мүлік. Бірнеше менде 
тағы бизнестер болды олар бизнеске маманданған еді, ал 
жылжымайтын мүлікпен ақтайтын Мен оның қызметінен бас тарттым 
себебі: біздің мақсаттарымыз әр түрлі еді. 


187 
Ӛзіңіздің мақсатыңызға сай және сәйкес келетін мамандарды 
іздеңіз. Олардың кӛпшілігі уақытпен санаспай, үлкен қанағаттық 
сезіммен Сізді қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, ой-пікірлерін 
айтып кеңестерін береді. Сӛйтіп олар құнды капиталдық салымның 
біріне айналады. Олармен әділ де және тура болу керек, сонда оларға 
саған сондай тілмен жауап береді. Егерде Сіз оларға аз тӛлесеңіз онда 
ол Сізбен жұмыс істеп қайтеді? Бұл қарапайым логика.
Мен жоғарыда айтқанымдай:басқару тәсілдеріне үйренудің бір 
түрі- ол адамдарды басқару. Біреулер, ӛздерінен «ақымақ» дегендерді 
немесе ӛздеріне жұмыс бабындағы бағыныштыларды ғана басқара 
алады. Орта буын басшылары жұмыс бабында ӛспей, бір орында 
тапжылмай отырып жұмыс істейді. мұның себебі: олар ӛз 
қарауындағы 
бағыныштыларды 
ғана 
басқара 
алады, 
ал 
жоғарыдағылармен қандай қарым- қатынаста болуды білмейді.
Ал, адамдарды басқарудың ең жоғарғы тәсілі-ол ӛзіңнен ақылды 
адамдарды басқарып, бір сала бойынша оның барлық күш-куатын, 
білімін сарқа жұмылдыру болады, әрине еңбегіне қарай, тӛлемі де 
жоғары болуы шарт. Міне, сондықтанда компанияларда директорлар 
кеңесі құрылады. Бұл да қаржылық тапқырлықтың бір саласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет