Маған Роберт Фростың берген сабағы
Роберт Фрост- менің сүйікті ақыным. Маған оның кӛп ӛлеңдері
ұнайтын, ал мынау солардың ішіндегі “Басқа жол” атты ӛлеңі - ең
сүйіктісі. Бұл ӛлең күн сайын неменеге үйретеді, мен соны
пайдаланам. Бұл ӛлең туралы кӛп ойландым. Үлкен білімді әкемнің
пікірін қабылдамау ӛте қиынға соқты, дегенмен бұл шешім ӛз
ӛмірімнің айқындаушы бағыты болды.
Осыдан кейін менің қаржы туралы окуым басталды. Бай әке, мен
30 жасқа толғанға дейін, отыз жыл бойы оқытты. Ол, бұл оқуды, менің
кӛбіне-кӛп басыма кіре бермейтін қағидаларды күнделікті нұқып
түсіндірудің арқасында, оны игеріп шыққаныма әбден кӛзі жеткеннен
24
кейін ғана тоқтатты.
Ақша - биліктің бір түрі. Алайда, бұдан да күшті- ол қаржылық
білім. Ақша келеді және кетеді. Ақшаның қалай жұмыс атқаратынын
білсеңіз, онда оларды басқара аласыз, бұл байлыққа жетудің алғашқы
жолы. Жалғыз оң кӛз қарастық жеткіліксіз, адамдардың кӛпшілігі
мектептен ақша туралы ешқандай білім алып шықпай, ғұмыр бойы
ақша үшін жұмыс істейді.
Менің қаржы туралы оқуым басталғанда, мен 10 жаста ғана едім.
сондықтан бай әкемнің сабақтары жәй қарапайым ғана болатын.
Негізінде менің 30 жыл оқығанымды 6 сабақ ретінде жазып шығуға
болады.
Бұл кітапта: маған кезінде бай әкенің берген сабақтары
қарапайым түрде баяндалған. Мұнда сұраққа жауап берушілік жоқ,
тек қана негізгі принциптері жалпы нұсқаулар берілген, олар әрине,
біздің мынандай мазасыз және құбылмалы ӛмірімізде қандай
ӛзгерістер болса да, Сіздің балаларынызға бай болуларына
кӛмектеседі.
Бірінші сабақ: Байлар ақша үшін жұмыс істемейді.
Екінші сабақ: Қаржы туралы білім неге қажет?
Үшінші сабақ: Ӛз ісіңізді бастаңыз.
Тӛртінші сабақ: Салықтар қалай пайда болды және
корпорациялардың артықшылықтары неде?
Бесінші сабақ: Байлар ақшаны оймен табады. Алтыншы сабақ:
Ақша үшін емес, тәжірибе үшін жұмыс істеңіз.
|