34
Аль - Макдисидің 985 жылы жазған шығармасында, Ұлы
Жібек жолының негізгі арнасынан басқа жаңа тарауларындағы
қалалар да аталады. «Тамтадждан Абарджаджға дейін екі пошта
бекеті, одан Теріс ӛзеніндегі бекетке дейін күндік жол, одан
Шауғарға дейін жарты күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті»
деп жазады. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы.
Алматы, 2002, 182б)
Бұл ортағасырлық қала жұрттары қатар жатқан үш
тӛбешіктерден тұрады.
Бірінші тӛбешіктің жалпы ауданы 160х100м шамасында,
қабырғалары құбылаға қараған, бұрыштары доғал тік тӛртбұрыш
болып келген. Тӛбешіктің үстінде биіктігі әр түрлі 4 алаң бар.
Олардың ең тапалы оңтүстік алаң, биіктігі 2 метр шамасында
аумағы солтүстіктен оңтүстікке карай 27 метр, батыстан шығысқа
қарай 55 метрді құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: