Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет84/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91
Шегір қамал 
 Амангелді (қазіргі Тәттібай) елдімекенінің оңтүстігінде 
шамамен 10 - 11 шақырым жерде жоғарғы Алатаудың Жуалы 


139 
асуының Кӛктал және Кӛкше арасындағы аңғарда «Шегір қамал» 
- аталатын жер бар.
Кӛнекӛз қариялар ол жерді «Шегір қырған» - деп те атайды. 
Олардың айтуынша Жаныстан тарайтын Шегір руының Итаяқ 
атты батыры тастан қамал салдырып, жұрт оны «Шегір қамал» - 
атаған. Шегірден шыққан мерген садақшылар қалмақтарға 
тұтқиылдан шабуыл жасап жауына алдырмай қояды. Түн 
мезгілінде олар бір-біріне от жағып белгі беріп жаудың бет 
алысын қай жерде екенін білдіріп отырған. 
«Ақпан батыр» - атты тарихи дастанда: 
Қаратау мене Алатау, 
Түйісетін жерінде. 
Кӛктал, Кӛкше жерінде, 
«Шақпақ ата» дейтұғын, 
Құтты қоныс ӛңірде 
Итаяқ батыр салдырған, 
Қорғаны еді Шегірдің. 
Сондықтан да бұл қорған 
«Шегір қамал» атанды – делінген. 
Бір күні Шегір жасақтары әр тұста қарауыл қойып түнгі 
ұйқыға кеткенде Жолдыбай атты қарауыл сатқын «Бала құлан» 
сайында жатқан қалмақты бастап келіп, тӛмендегідей 
баяндалады: 
Кешегі түні қарауыл, 
Болуды соған береді. 
Түбіне тартып бұл жауыз, 
«Бала құлан» сайында, 
Тығылып жатқан қалмаққа, 
Жұлдыздай ағып жӛнелді. 
Хабар беріп жауларға, 
Қамалға бастап келеді... 
Арғысын ӛзің кӛрдің ғой 
Қырылды Шегір ӛрені – деп келтіреді. 
Бұл оқиға кезінде Шегірдің атақты батыры Ақпан жорықта 
болады. Келгесін, жаудан кек алуға серт беріп, ӛлген 
жасақтардың басына оба орнаттырады. Содан бұл қамал «Шегір 


140 
қамал» - атанады. 
Аталған дастан Шегірдің Назар ұрпағынан тарайтын 
Сүлеймен ұлы Уәлиханның айтуы бойынша Хамзе Амандықов 
ақын қағазға түсірген. «Шегір қамал» немесе «Шегір қырған» - 
атты осы тарихи жердегі тастан салынған қамалдың орнын қазіргі 
кезде жобалап байқауға болады. 
Ескерту: тарихи дастандағы оқиғалар негізінен 1723 - 1759 
жылдар аралығындағы қазақ - қалмақ соғысын қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет