103
Сүйтсе, қаскӛй дұшпан кӛп әскерін сонда қалдырып,
ұйқыдағы ауылды үркітуге азғантай тобын жіберген екен. Сай
бойындағы сатыр – сұтыр сайыс кӛпке созылмапты.
Бейхабар отырған ауылдың еркек кіндігі сәскеге дейін түгел
жер құшыпты». (Ә Кекілбайұлы Үркер, Сӛздік – Словарь,
Алматы – 1999, 264 бет).
Жазушы Е.Тұрысов «Бәйдібек» атты тарихи хикаят-
эссесінде Қаратау атырабындағы Қостұра, Қанжауған, Боралдай,
Жолбарысқамал, Сауырқамал ӛңірлерінде болған шайқастар
туралы бірқатар тӛмендегідей деректер келтіреді.
«...Соның ішінде Қостұра арасында тау асуға қамалған құба
қалмақтың тағы бір қосын шерігі жаныс Сеңкібай мен Ботбай
Сәменнің жасағынан қырғын тапты. Қалмақтар шегіне ұрыс
салып Бұланты мен Қанжауған, Қарасуда кеткен есесін осы
Қаратаудың қалың қуыс-қойнауында қайтармақ еді. Бекінген
жері Қостұра, Боралдайдың аңғары еді. Сол жерге табан тіреген
тӛрт мыңдай ойрат шерігін тұс-тұсынан қамаған шымыр
Қойгелді, ошақты Саңырақ, сиқым Қарабатыр, жаныс Ӛтеген,
Сеңкібайдың бір түмен қолы тӛрт күндік қиян-кескі ұрыста тас-
талқан еткен-ді». (Е.Тұрысов Бәйдібек. Алматы: Нұрлы әлем,
1998, 50 бет). «Қостұранның» - «Тұра» аталуы бұл аймақты жүз
жылдай жайлаған ойраттардың сӛзі, мағынасы қамал дегенді
білдіреді.
Оған дейінгі Тұранның қазақы атауы: «Сеңгір» болған деген
мәлімет бар.
Достарыңызбен бөлісу: