Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет85/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91
 
Шыбықбел 
Жуалы ауданының солтүстік жағындағы Қостұра аталатын 
жердің батыс тұсындағы Оңтүстік Қазақстан облысының жеріне 
асатын асу «Шыбықбел» - деп аталады. Оның жанында іргелес 
Мұзбел аталатын жер де бар. 
Шыбықбел асуының ерекшелігі сол ол асумен асқан 
жолаушының ешқандай оңға немесе солға бұрылуға мүмкіндігі 
жоқ жіңішке иілген жотамен жүріп отырады. Жіп – жіңішке 
шыбықтай болып иілген осынау табиғи ерекшелік жұрт кӛзінен 
таса қалмаған. Оның географиялық орналасуына қарай ел ӛте 
тапқырлықпен «Шыбықбел» - деп атау берген.
Шыбықбел асуында талай тарихи оқиғалар ӛткен. Бұл асуда 
«Ақтабан шұбырынды» кезінде Ұлы жүздің кӛшін бастаған Тӛле 
би секілді, туған жерді жаудан қорғаған Қойгелді, Қарабатыр, 
Ӛтеген, Сәмен т.с.с. батырлардың, Кіші жүз Есет батыр бастаған 
жасақтарының сол сұрапыл дәуірде қалған ізі жатыр.
 
Шымырбай сай 
Кіші 
Қаратаудың 
шығыс 
жағындағы 
шұрайлы 
шатқалдардың бірі «Шымырбай сай» - деп аталады. Бұл жерде 
кезінде сол аймаққа аты мәлім Шымырбай датқа мекен еткен.
Шымырбай датқа туралы жергілікті жердің қариялары ел 
қамқоршысы болған, қиянат, барымтаға мейлінше қарсы тұрып, 
әділ билік айтқан тұлға ретінде әңгімелейді.
Шатқалдың «Шымырбай сай» - аталуы кісі есімімен 
байланысты антропонимдік атау. 
 


141 
Шыңбұлақ 
Жуалы ауданындағы Жетітӛбе ауылдық әкімшілігі округіне 
қарасты елдімекен. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы 
ауылынан солтүстікке қарай 20 шақырым жерде тау баурайында 
орналасқан. 
Шыңбұлақ елдімекені 1993 жылға дейін Братск аталып 
келген, кейін ӛзінің тарихи атауын қайта иемденді. Шыңбұлақ 
елдімекенінің жанындағы таудан бұлақтар ағып шығып Теріс 
ӛзеніне қосылады. 
Жердің бұлай аталуына келетін болсақ, ол терең шатқалдар 
арқылы ағатын бұлақтарға байланысты пайда болған атау.
Түркі тілінде чың сӛзі – «терең», «тік шатқал» деген ұғымды 
береді. Яғни «Шыңбұлақ» - атауы «терең шатқалдағы бұлақ» 
мағынасын беретін гидронимиялық атау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет