Байгожина дана онирбековна



бет4/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Медиастилистика стилистиканың дербес саласы, онда медианың қайталанбас сипаттары, ең алдымен стилистика тұрғысынан, оның жасаған ғылыми аппараты мен әдіснамасын қолдана отырып, олардың қазіргі дамуы мен мазмұнын негізге алып зерттеледі.
Медиастиль – публицистикалық стиль теориясын түсіну. Ол стилистикадағы интенционалды бұрылыс, атап айтқанда публицистикалық стиль теориясын құрайды. Стилистиканың жетекші категориясын, оның орталық тұжырымдамасын осы ғылымға атау айқындайды. Медиадискурста мәтіндердің жалпы ерекшелігі басты орынға қойылады [9].
Ұлттық стиль – белгілі бір мәдени құндылықтарды, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұстану, шешім қабылдаудың нақты тетіктеріне назар аудару, сондай-ақ ұлттық мәдениетте терең қалыптасқан мінез-құлық ережелерін сақтау.
Медиалингвистика – медиа ортадағы тілдің қызметін немесе баспа, аудиовизуалды және желілік медиамен ұсынылған қазіргі заманғы бұқаралық коммуникацияны зерттейтін тіл білімінің бағыты.
Дискурс (лат. discursus «талқылау, ойлау, пайымдау») – жалпы мағынада сөйлеуді, тілдік қызмет үдерістерін және олардың тұжырымдамалар жүйесін білдіретін көп мағыналы термин.
Медиамәтін (лат. media textus «құрал, делдал + өнім; үйлесу, байланыс, ықпалдасу») – хабарлама, кез-келген медиа түрі мен жанрының мәтіні. Медиамәтін ұғымы ХХ ғасырда бұқаралық ақпарат құралдарының қарқынды дамуына байланысты пайда болып, баспа мәтінін дәстүрлі БАҚ және жаңа медиаға байланысты мәтіндердің жаңа түрлері орнын алмастырды.
Медиадискурс – бұқаралық коммуникациядағы тілдік қызмет пен сөйлеудің үдерістері және медиа өнімдерінің жиынтығы, олардың өзара әрекеттесуіндегі күрделі сипаты.
Телематика – компьютер мен телекоммуникацияның бірлігін білдіретін термин.
Детерминизм (лат. determinare «белгілеу, анықтау») – барлық құбылыстар мен үдерістердің өзара үйлесімділігі мен сенімділігі, ортақ себеп-салдары туралы ілім [10, 631-632 б.б.].
Аннексия – (лат. annexio, annexus «біріктірілген, қосылған») белгілі бір мемлекеттің басқа елдің аумағының барлығын немесе бір бөлігін біржақты тәртіппен біріктіруі, күшпен өз құрамына қосу [11].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет