Байгожина дана онирбековна



бет5/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Детерриториализация (ағылш. deterritorialization) әлеуметтік, мәдени және саяси тәжірибені (мысалы адамдар, заттар, тілдер немесе дәстүрлер) орналасқан жерінен бөлу.
Интерпретация (лат. interpretation «ұғындыру, түсіндіру») – мәліметтерді, алгоритмдік мәнін автоматты түрде табу мен талдауды орындау, нақты тілде ұсынылған кейбір синтаксистік аяқталған мәтіннің мағынасына түсініктеме беру [12].
Консенсус (лат. consensus «келісім, жанашырлық, бірауыздылық») – егер мүдделі тұлғалардың көпшілігінде қағидаттық қарсылықтар болмаса, шешім қабылдау кезіндегі жанжалдарды шешу тәсілі.
Медиацентризм коммуникация, мәдениет және қоғамның өзара іс-қимылын түсінуге біржақты көзқарас, іс-әрекеттегі әртүрлі қиылысатын әлеуметтік күштерді тұтас түсінуді білдіреді [13].
Медиатизацияланған әлем – эмпирикалық күнделікті тәжірибені зерттеу, белгілі бір аумақпен шектелмеген коммуникация желісінің өзара әрекеттесуі, әлеуметтік шындық деңгейлерін айқындау, «әлемдердің» қиылысу ерекшеліктерін сипаттау болып табылады.
Технотронды революция – мәдени, психологиялық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарда технология мен электрониканың әсерінен қалыптасатын қоғам.
Дегуманизацияланған қоғам – субъектінің адамзат баласына тиістілігін жоққа шығаруға және оны адам құқықтарынан айыруға бағытталған іс-әрекеттері.
Өнер дегуманизациясы (исп. la deshumanización del arte) – испан философы Хосе Ортеги-и-Гассеттің эстетикасы бойынша ең танымал еңбегінде сипатталған, өнердегі модернизм теориясын, көркемдік формалардың белсенді апологиясын білдіреді.
Фасилитатор (ағылш. facilitator, лат. facilis «жеңіл, ыңғайлы») – сәтті топтық коммуникацияны қамтамасыз ететін адам [14, 235 б.].
Коммуникативті мінез-құлық – белгілі бір адамдар тобының қарым-қатынас нормалары мен дәстүрлерінің жиынтығы.
Ұлттық коммуникативтік мінез-құлық – белгілі бір лингвомәдени қоғамдастықтың қарым-қатынас нормалары мен дәстүрлерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет