Байгожина дана онирбековна



бет8/38
Дата17.01.2023
өлшемі2,17 Mb.
#61731
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Зерттеу нысаны тұрғысынан цифрлық қоғамдағы мәдениеттің медиатизациялануының қазіргі тенденциялары; қазақстандық БАҚ жүйесінде қазақ және орыс тіліндегі жарияланымдарда пайдаланылатын прецеденттік феномендер, фразеологизмдер және интермәтін негіздері; медиакеңістіктегі әлеуметтік-мәдени құндылықтар және олардың ақпараттық, мәдени, тұлғалық, рухани, идеологиялық мәні мен мазмұны; медиатизация табиғаты, медиалық қоғамның үдерісі және формасы қарастырылады.
Зерттеу пәні. «Мәдениетаралық коммуникация», «Медиапсихология», «Бұқаралық коммуникация технологиясы», «БАҚ пен өзара іс-қимыл».
Зерттеу жұмыстарының дереккөздері. Қазақстан Республикасы Орталық кітапханасы қорындағы БАҚ материалдары, қазақстандық және шетелдік ғалымдар жарияланымдары мен ғылыми еңбектері, зерттеу жұмыстары.
Зерттеу жұмыстарының әдістемелік негіздері. Ғылыми жұмысты жазу барысында мәдениеттің даму үдерісіндегі тарихи идея, әлеуметтік жүйе және коммуникативтік ықпалы, мәдени аймақ тұжырымы, қазіргі заманғы мәдениеттің медиатизациялануы және ұлттық стиль, жаңа дәуір БАҚ жүйесі дамуы эволюциясының өзекті арналары іспеттес медиа мамандық саласы тұлғаларының ерекшеліктері әр қырынан қарастырылған M. McLuhan [15], N. Luhmann [16], J. Habermas [17], Y. Masuda [18], T. Stonier [19], F. Krotz [20], S. Livingstone [21], P. Lunt [22], S. Zizek [23], D. Rushkoff [24], S. Hjarvard [25], Н.Б. Кириллова [26], Н.И. Клушина [27], Е.А. Воинова [28], Б.Г. Нуржанов және А. Ержанова [29], А.Н Нысанбаев [30], З.Н. Исмагамбетова [31], С.Ш. Тахан [32], Д.О. Байгожина [33] және т.б. зерттеушілердің еңбектеріне негізделді.
Зерттеу жұмыстарының мақсат мен міндеттері. Цифрлық қоғамдағы мәдениеттің медиатизациялануының қазіргі тенденцияларын талдау, мұндағы қазақи ұлттық ұстынның мазмұндық маңызын, ғылыми-әдістемелік және идеологиялық концепциясын кешенді тұрғыда зерттеу. Диссертацияның ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұтастығын, өзектілігі мен маңыздылығын ескере отырып, зерттеудің мақсатына қарай мынадай міндеттер айқындалды:
– жаһанданған ақпараттық қоғамдағы медиамәдениеттің ғылыми-теориялық тұжырымдарын айқындау;
– медиамәдениеттегі әлеуметтік-психологиялық аспектілері және олардың қажеттілік қағидасын анықтау;
– медиатизация феномені туралы теориялық тұжырымдарды талдау;
– мәдениеттің медиатизациялану үдерісіндегі мәдени код және парадигма мәселелерін зерттеу;
– мәдениеттің медиатизациялануындағы лингвостилистік талдаудың маңыздылығын саралау;
– цифрлық ұрпақ портретіндегі қоғамдық мәдениеттің модернизациясын айқындап, ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет