Байланыстырып сөйлеу



Дата06.04.2023
өлшемі85,34 Kb.
#79906
Байланысты:
Байланыстырып сөйлеу

Байланыстырып сөйлеу

Кез келген адамзат баласы өзін қоршаған өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ал, қарым-қатынас тіл арқылы, сөз арқылы жүзеге асады. Мектеп жасына дейінгі кішкене балалар сөйлеуді ата-анасының, туған-туыстарының және тәрбиешісінің көмегімен сонымен қатар құрбыларымен тілдесу арқылы үйренеді. Міне, осы кездерде баланы дұрыс дыбыстауға, сөйлемді дұрыс құрастыруға, яғни, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйрету керек. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз айтылған сөздерді игеріп – оның компоненттерін – сөйлемдерді, сөздерді бір бірімен дұрыс байланыстырып сөйлеуді айтамыз, яғни, бұл қатесіз дұрыс сөйлей білу. Балалар, ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін түсінуден, естілген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдердің сөз тіркестерін, сөздерді, морфермаларды үйренеді, яғни оларды айтылып жатқан әңгіме ағынынан бөліп ұғынады.

Байланыстыра айтылған сөздерді игертіп үйрету үшін алдымен жекелеген сөздерді дұрыс түсінуге үйреткен жөн, содан соң сол сөздерден сөйлемдер құратқызу керек. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізгі бөлігі болып табылады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген- білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын содан байқауға болады.

Сонымен, балалар бақшасының тәрбиешісінің жауапты міндеті – балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін, мақсатқа сәйкес дидактикалық материалдар табуға күш салуы керек, яғни, тәрбиеші баланың байланыстыра сөйлеуін дамыту үшін көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғаны жөн. Ал, әдіс-тәсілдерді дұрыс, тиімді пайдалану үшін тәрбиеші шебер, сонымен қатар, ізденгіш болуы керек. Көп ізденген тәрбиеші көптеген жаңа әдіс-тәсілдер ойлап табу арқылы баланың тілін жетілдіреді, олардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын биікке көтере алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстыра сөйлеуге үйрету барысында олардың психологиясы әр түрлі болып келеді. Мектепке дейінгі ұйымда балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне сай топқа бөлінеді. Байланыстыра сөйлеуге үйретуде жиі қолданылатын диалог осы әр топтағы балаларға әр түрлі әдістермен жүргізіледі. Балаларды байланыстырып сөйлеуге кез келген уақытта үйретуге болады, яғни ойын кезінде, немесе бос уақытты пайдаланып картиналар көрсету, ертегі немесе балаларға таныс әңгімені оқып беріп, сұрақтар қоя отырып балалардан жауап алу арқылы да жүзеге асыра білу тәрбиешінің тәжірибелілігіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет