Байланыстырып сөйлеуді оқытудың міндеттері мен мазмұНЫ



бет3/4
Дата29.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#121192
1   2   3   4
Байланысты:
сауаттылыққа үйрету

Сипаттау– статикалық жағдайдағы (қвлыпты) затты сипаттау. Сипаттауды затқа деген бағалы қарым-қатынасты білдіретін, қорытынды фразамен аяқтайды. Балабақшада балалар суреттерді, ойыншықтарды, заттарды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.


Баяндау– кез-келген жағдайға байланысты әңгімелеу, яғни фактілерді, көңіл-күйді, болған жағдайды баяндау. Ол белгілі бір бірізділікті талап етеді. (жағдайдың басы, оның дамуы, аяқталуы).


Талқылау– бұл дәлелдеу формасында материалды логикалық баяндау. Талқылауда түсіндіріледі және дәлелденеді.


Балабақшада балалар монологтың 2 негізгі типін оқиды: өз бетімен әңгімелеу және қайталап айту.

Қайталап айту – бұл әдеби образды ауызша түрде мазмұнды қайталау. Бұл кезде бала дайын автордың мазмұнын жеткізеді және сөйлеу формаларын пайдаланады (сөздік қор, мәтін ішіндегі байланыстар).


Әңгімелеу– баланың мазмұнды өзбетімен кең түрде жеткізеді.

Сөйлеу көздеріне байланысты монологты былай бөлуге болады:

1. ойыншық және зат бойынша;

2. сурет бойынша;

3. өз шығармашылығынан;

4. творчествалық әңгімелер.

Монологтық сөйлеуді дамыту бойынша сабақ түрлері: әдеби шығармаларды мазмұндау, ойыншық, сурет бойынша, өз тәжірибесінен әңгімелеу.
Кіші топта балаларды шығарманы дұрыс тыңдап қабылдауға, сұрақтарға жауап беруге үйретеді. 3 жастағы бала үлкендермен бірігіп әңгімелейді, фразаның соңғы қойылған оның сұрағына жауапты бөлек сөздер қойылады. («Ата не отырғызды?», «Шалғыны» - «Шалғы қалай болып өсті? ...»). Баланы бірігіп жауап беруге тарта отырып, алғашында бұл сұрақтарға тәрбиеші өзі жауап береді. Біртіндеп балалар қойылған сұрақтарға өздері тұтас сөйлеммен жауап бере бастайды. («Баяғы өткен заманда кімдер өмір сүріпті?», «Ата мен апа ма?» - «Ата мен апа өмір сүріпті»). 4 жастағы балалар тәрбиешінің көмегімен, қайталай отырып өздеріне таныс ертегілер мен әңгімелерді әңгімелейді. («Бауырсақ», «Репка»). Педагог балаларды ертегіні қабылдауға, мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйретеді, осылай біртіндеп оны еске түсіруге әкеледі. Әдеби шығармаларды есте сақтауға оны қуыршақтар тетарының, жылжымалы суреттердің, ойыншықтардың көмегімен драматизациялау көмектеседі. Естиярлар тобында балаларды сабақтарда алғаш оқылған қысқа ертегілер мен әңгімелерді мазмұндауға, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі жеткізуге үйретеді. Мазмұндауға «Қасқыр және жеті лақ», «Шалғы» т.б.ертегілерді қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет