Байланыстырып сөйлеуді оқытудың міндеттері мен мазмұНЫ


Әртүрлі жас ерекшелік топтарында диалогты және монологты сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны



бет2/4
Дата29.10.2023
өлшемі0,58 Mb.
#121192
1   2   3   4
Байланысты:
сауаттылыққа үйрету

Әртүрлі жас ерекшелік топтарында диалогты және монологты сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың мазмұны.

Бұл мақсатта балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек сөздер жиынтығын бекіткен соң өзара тілдік қатысымға түсіру, тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар ойындарын ойнату, әр түрлі тақырыптық әңгіме-сұқбат, саяхат, мұражай қызметкерлері туралы сахналық қойылымдар сияқты әңгіме әдістері арқылы балалардың сол нысандарға деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме - диалог сөйлеудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.

3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде дамып келе жатқан балалардың өзінде бір-бірінен айырмашылықтар байқалады. Себебі балаларға берілетін дидактикалық материал балалардың психикасының осы құпия кезеңінде өте әсерлі болуы керек.
Сөйлеудің анағұрлым күрделі түрі – монологтік сөйлеу. Монологті сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме ұзақ сөйлеу формасында көрінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтың сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көмегімен ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізіледі, яғни монологты сөйлеуді туғызады. Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты сөйлеу болып екіге бөлінеді. Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алыпотырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.

Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды пайдаланып отырған жөн. Ал арнайы ұйымдастырылатын қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде балалардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын арттыру мақсаты іске асырылады.


Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктер:

монолог алдын-ала даярлықты тілейді.Белгілі жоспар құрып, сөйлеуші өз сөзін басшылыққа алып, ой-пікірін жүйелі баяндауға тырысады. Монолог ой жүйесінің бұзылғанын көтермейді;

монологтың мағыналы жағы мен оны тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығы жағынан қатаң талаптар қойылады;

монолог сөз адамға әсер ететін сөздің мәнерлілігін (сөзді мәнісіне келтіріп айту) көбірек қажет етеді;

монлогты құрайтын сөйлемдер грамматикалық талаптардан ауытқымайды.


Монологты сөйлеу диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағын сапалық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырайды. Монологты сөйлеу – байланысты, тұжырымды болып, логикалық ойға қойылатын дәйектілік сияқты талаптарға бағынады.


Монолог сөйлеудің қарқыны мен үніне бірқатар талаптар қойылады. Диалогта аңғарылмайтын шапшаң сөйлеу, міңгірлеу, бірсарындылық монологта аса айқын байқалып тұрады. Монологтың мағыналық жағы оның иыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасу қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуын қалайды.


Мектеп табалдырығын енді аттаған бала монологты сөйлей алғанмен, монологты сөйлеуге күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында үйренеді.Мектепте түрлі бағдарламалар жасау, сыныпта газет шығару, мазмұндама, шығарма жаздыру, сахнада өнер көрсету, оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасу, мектеп жиынына дайындалу, мектеп радиосында сөйлеу т.б. жұмыстарды орындау барысында монологтысөйлеу машықтары қалыптасып, беки береді.
Монологтық сөйлеу – байланысқан логикалық бірізді сөйлеу. Бір адамның ойын білдіреді. Монологтық сөйлеудің міндеті мен мазмұны балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту және монологтық сөйлеудің ерекшеліктерімен анықталады.


Монологтық сөйлеу бірнеше белгілермен сипатталады. Олар: тұтастық (тақырыптың бірізділігі), құрылымы (басы, ортасы, аяғы), байланыстылығы (сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстар).

Қызметіне байланысты монологтың түрі бар: сипаттау (описание), баяндау (повествование), талқылау (рассуждение), контоминация (аралас мәтіндер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет