Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет13/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117
Табиғат  пен  шаруашылық.  Қалыптасып  келе  жатқан  адам  ӛмірі 

ӛрістеген  табиғат  жағдайлары  ӛзгермелі  болды.  Бҧл  кез  мҧз  дәуірінің  аяғы 

еді.  Қазақстанның  кӛптеген  таулы  аудандарын  соңғы  мҧздану  басты.  Оның 

іздері  таулардың  етегі  мен  белдеулеріндегі  қҧлама  тастар  тҥрінде  осы 




 

69 


уақытқа  дейін  сақталған.  Ресейдің  еуропалық  бӛлігінің  солтҥстігінде  мҧз 

қабатының кейін еруі және Кавказ жотасының солтҥстік тарамдарының жаңа 

тектоникалық кӛтерілуі Каспий теңізінің деңгейін жоғарылатты, сӛйтіп, бҥкіл 

Каспий  тӛңірегі  ойпатын  қайтадан  теңіз  суы  басты.  Жоғарғы  антропоген 

басталған  кезде  тау  жоталары  едәуір  кӛтерілді  (жоңғар  кезеңі)  және  жалпы 

климат  ылғалдана  тҥсті.  Мҧздықтар  ерігенде  судың  молаюы,  Сырдария  мен 

Әмудария арналарының ӛзгеруі нәтижесінде Арал теңізі пайда болды. 

Климаттың  бірсыпыра  суып,  жалпы  ылғалдануына  қарамастан,  ол 

замандағы  ӛсімдіктер  мен  жануарлар  дҥниесі  осы  заманғыдан  бай  болды. 

Тянь-Шяньда, Орталық және Солтҥстік Казақстанда емен, қайың ормандары 

әлі де ӛсетін, дегенмен, бҧл кезде жалпы алғанда орман азайып, оның орнына 

мол бҧталы, кӛделі жайылым кебейді. 

Еуразияның  ҧланғайыр  жазығында  мамонттық  кешен  деп  аталатын 

ӛзінше  бір  ҥлгідегі  фауналық  кешен  қалыптасты.  Бҧл  кешеннің  кӛп 

ӛкілдерінің  қазынды  қалдықтары  Қазақстанның  әр  тҥрлі  аудандарында  да 

табылды.  Оның  негізгі  тҥрлері мамонт,  жҥндес  мҥйізтҧмсық,  тур-бҧқа,  ҧсақ 

бизон,  ҥңгір  аюы  және  жолбарысқа  да,  арыстанға  да  ҧқсас  жыртқыш  аң 

болды.  Олармен  бірге  жазық  далада,  тау  шалғынында  киік,  арқар,  бҧғы-

марал,  елік  және  басқа  ірілі-уақты  хайуандар  жайылып  жҥрді.  Сол  дәуірдің 

аяғында  Алтай  тауларында  мамонттық  кешеннің  ӛзгеше  бір  нҧсқасы 

қалыптасты.  Мҧнда  негізгі  хайуандармен  қатар  байкалдық  қодас  пен 

бҧрғымҥйіз  бӛкен  тарды;  мҧның  ӛзі  осы  ауданның  фаунасының  Байкалдың 

сыртқы  жағын  қоса  есептегендегі  Орталық  Азияның  хайуанат  дҥниесімен 

ҧқсастығын кӛрсетеді. 

Жоғарғы  антропогеннің  екінші  жартысында  елеулі-елеулі  табиғи-

климаттық  ӛзгерістер  болды.  Азияның  басқа  жерлеріндегі  сияқты, 

Қазақстанның аумағында да климат  қҧрғап, жылына бастады. Ӛсімдіктердің 

азаюы, шӛлдің ҧлғаюы бәрінен бҧрын шӛп қоректі ірі жануарлардың тіршілік 

жағдайларына  әсерін  тигізді.  Мамонттар  мен  жҥндес  мҥйізтҧмсықтар 

қырылып  бітуге  тиіс  болды,  олар  біздің  заманымыздан  он  мың  жылдай 

бҧрын  ӛліп  бітті.  Жайық  ӛзенінің  сол  жағасындағы  ең  соңғы  мамонттардың 

бірі шамасы бҧдан 8000 жыл бҧрын ӛлді. 

Палеолит  дәуірінде  ірі  жануарларды  аулау  адам  қорегінің  басты  негізі 

болды;  ал  ірі  жануарлардың  қҧруы  адамның  тҧрмыс  жағдайларын  ӛзгертті. 

Енді  орташа  және  ҧсақ  андарды  аулау  ҥшін  неғҧрлым  жетілдірілген  жаңа 

қҧралдар  қажет  еді.  Аңшылар  топтары  кейде  тамақ  іздеп  ҧзақ  сапар  шекті. 

Кезіп жҥрген топ-топ аңшылар тҧрақтарының негізгі тҥрі жеңіл кҥркелер мен 

ашық далада от жағылған уақытша қостар бола бастады. 

Ӛзектастардан  тас  тіліктерін  жарып  алу  техникасы  жетілдірілді;  мҧның 

ӛзі  тасты  дәл  ӛндеуге  алып  келді.  Мустье  дәуіріндегі  дӛңгелек  және  ҥшкіл 

ӛзектастарды  призма  секілді  ӛзектастар  алмастыра  бастады.  Осындай  бір 

ӛзектастан  бҧрынғы  уақыттағыдай  екі-ҥш  тас  тіліктерін  емес,  ондаған  жҧқа 

тас тіліктері алынды, олар жҥзі қайта ӛңделмей-ақ іске жаратылды; ал кейбір 

қҧралдар  қысып  тҥзету  арқылы  ӛңделді.  Осындай  техника  арқылы, 




 

70 


сынықтың  жҥзін  қатты  нәрсемен  (таспен,  сҥйекпен,  мҥйізбен)  басу  арқылы 

кӛне замандағы шеберлер бітімі әр қилы қҧралдар жасай білді. 

Қҧралдарды жасағанда адам отты шебер пайдаланды. Тасты бірте-бірте 

қыздырып,  кейін  суыту  оның  қҧрылымын  ӛзгертті;  мҧның  ӛзі  қҧралдарды 

қысып тҥзету техникасы арқылы ӛңдеуді жеңілдетті. 

Әр  тҥрлі  іске  қолданылатын  еңбек  қҧралдары  пайда  болды.  Кейінгі 

палеолитте  жонғыштар,  сҥйір  және  доғал  шетті  қырғыштар,  екі  шеті 

жҧқартылған тас тіліктері, бҥйірлі және ортаңғы жҥзді кескіштер,  найза мен 

сҥңгінің  ҧштары,  шҧңқырлы  тас  тіліктері,  тескіштер  секілді  әр  қилы 

қҧралдардың саны оннан асып кетті.  Әсіресе тас тіліктері мен жаңқаларынан 

дайындалған  кескіш  қҧралдар  кӛп  еді,  олардың  ҥшкір  бҧрыштары  кесе-

кӛлденең  келетін  шетіндегі  тас  тілігінің  жазықтығына  орналасып,    кесетін 

жҥз  жасап  омырылды  да.  Трассолог  мамандардың  есептеуінші  кейінгі 

палеолитте  пайдаланылған  қҧралдардың  (ӛзектастың  бірнеше  тҥрлері, 

қырғыштардың бірнеше тҥрлері, т.б.) жалпы саны жҥзге жақындап қалған. 

Кескіштердің кӛп болуы сҥйек ӛңдеудің рӛлі ӛсе тҥскенін кӛрсетеді. Бҧл 

материалдан  шақпақ  жҥзді  және  сҥйек  сапты  қҧрама  қҧралдар,  қилы 

бҧрғылар,  тескіштер,  ауланған  жануарлардың  терісін  ӛңдейтін  қырғыштар, 

найзалар  мен  сҥңгілердің  сҥйек  ҧштары,  шанышқылар,  лақтырылатын 

найзалар  жасалды.  Сҥйек  инелер  пайда  болып,  адам  теріден  киім  тігуді 

ҥйренді. 

Аң  аулау  шаруашылықта  бҧрынғыдай  жетекші  рӛл  атқара  берді.  Бірақ 

аңшылық  қҧралдарының  әр  қилы  болуы,  аң  аулаудың,  жаңа  әдістері  (отты 

қолданып  аңды  қамау,  оны  ҧстау  ҥшін  қамба  қазу,  арқанға  байлап  тас 

лақтыру,  аран  жасау)  шаруашылық  кәсіптің  бҧл  тҥрінің  ӛнімділігін 

арттырды. Алғашқы адамдар ыңғайлы жерлерде шанышқыларды, қысқа істік 

сҥйектен жасалған долбарлы қармақтарды пайдаланып, балық аулады. 

Адам  бҧрынғыша  әр  тҥрлі  ӛсімдік  тағамдарын:  жабайы  жаңғақ,  жидек, 

жабайы  сәбіз,  қымыздық,  жуа  және  кейбір  ӛсімдіктердің  тҥйнектерін теруді 

кәсіп етті. 

Кейінгі  палеолитте,  әсіресе,  оның  климат  суыған  бірінші  жартысында, 

адамдардың  қоныстары  кішігірім  қырдың  тӛбесіне  жақсылап  салынған 

баспаналар  болды;  бҧлардың  орнынан  археологтар  баспаналардың 

тіреуіштері  қазылып  орнатылған  кӛптеген  шҧңқырларды  және  кӛп  от 

жағылған жерлерді тауып жҥр. 

Жоғарғы  палеолиттік  адамның  материалдық  мәдениеті  жер  жҥзінің  әр 

тҥрлі  аудандарында  әр  уақытта  қалыптасты,  сондықтан  оның  тарихи  даму 

жолдары бірдей болған жоқ. Сірә, кӛбінесе тас қҧралдарды ӛңдеу техникасы 

жағынан айырмасы бар екі ҥлкен аймақ болды. Еуропа мен Алдыңғы Азияда 

ежелгі адам призмалық ӛзектасты ӛңдеудің жаңа техникасын ӛте ерте игерді. 

Африкада  және  Қазақстанның,  Орта  Азияның  іргелес  аудандарын  қоса 

Орталық Азияда индустрияның негізгі формасы әлі кӛп уақытқа дейін тасты 

бӛлшектеудің  ескі  леваллуалық  техникасы  болып  қала  берді.  Мҧнда  тек 

кейінгі  палеолиттің  соңғы  кезеңдерінде,  мезолитке  жуықтағанда  ғана  жаңа 

призмалық техникаға кӛшу басталады. 



 

71 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет