Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Орталық  және  Батыс  Қазақстанның  ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет20/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117
Орталық  және  Батыс  Қазақстанның  ескерткіштері.  Орталық 

Қазақстанның  аумағы  неолит  пен  энеолит  дәуіріне  жататын  тҧрақтарға  ӛте 

бай.  Олар  Қарағанды  облысында  және  Қараторғай  ӛзенінің  аңғарында 

неғҧрлым кӛп. 

Орталық Қазақстанның  неолиттік  тҧрақтарын  мекендеушілер  садақ  пен 

жебені  қолданып,  тағы  жануарларды  аулаумен  кҥн  кӛрді.  Жебелер  бітімі 

жапырақ  немесе  ҥшкіл  тәрізді,  сағасы  ойық  болды.  Аңшылар  садақ  пен 

жебелерден басқа найзалардың ҧштарын кӛптен пайдаланды. Қалған барлық 

саймандар  —  қыстырмалар  мен  тас  тілікшелер  тҥріндегі  микролиттер. 

Қоныстардың  денінде  қырғыштар  кӛп  кездеседі.  Мҧнда  мезолиттік 

техниканың  дәстҥрлері  айқын  бейнеленген  микролиттік  кешендер  ҥстем 

болды.  


Батыс  Қазақстан  мен  Орталық  Қазақстанның  шекарасында  орналасқан 

Қараторғай  тҧрақтар  тобы  Батыс  Қазақстандағы  тҧрақтарға  ҧқсас.  Сонымен 

бірге  оның  материалы  одан  әрі  шығысқа  қарай  таралатын  және  Орталық 

Қазақстанды тҥгел дерлік қамтитын жана техникалық тәсілдерді бейнелейді. 

Балқаштың  солтҥстік-шығыс  тӛңірегіндегі  неолиттік  ескертіштердің 

дені  бҧлақтық  қоныстар  болып  табылады.  Мҧнда  қҧралдар  дайындау  ҥшін 

пайдаланылған негізгі шикізат  — яшма, кварцит және  тҥсі әр  тҥрлі яшмалы 



 

84 


кварциттер болған; жылтыр сары опал және анда-санда порфирит пен қоңыр 

тҥсті порфирлер кездеседі. 

Жардың  жайпақ  тӛбесіндегі  кварцитті  тас  қашалған  орын  ӛзіне  қатты 

назар  аудартады;  жардың  етегінде  бҧлақ  орналасқан,  онда  аздаған  шақпақ 

сайман  шықты.  Бҧлардың  кӛбі  (1000  данадан  аса)  тас  қазылған  жерден 

табылды.  Мҧнда  тас  жаңқалар,  ӛзектас  тәрізді  сынықшалар,  долбарлы 

жарықшақтар  жиналды;  бҧлар  алғашқы  ӛңдеудің  осы  жерде  жҥргізілгенін 

қӛрсетеді. 

Жезқазған  маңайынан  табылған  заттар  соңғы  неолит  пен  энеолитке 

жатады. Мҧнда тастан жасалған кӛптеген балғалар, балталар табылды. Басқа 

саймандар топтамасы ірі кӛлемді тас жаңқаларынан тҧрады. 

Иманборлық тҧрағы (бҧрынғы Кӛкшетау облысы) осы аттас ӛзенінің сол 

жағасында  орналасқан.  Оның  жарынан  сҥйектер,  кӛмір,  ҧсақ  шақпақ 

бҧйымдар, ірі қҧралдар және керамика жатқан қабаты айқын кӛрінеді. Мҧнда 

қырғыштар  мен  сыдырғыштар,  балталар  мен  шоттар,  тақтатастан  жасалған 

қҧралдар  мен  тоқпақшалар,  найзалар  мен  сҥңгілердің  ҧштары  табылды. 

Пышақтардың,  оның  ішінде  орақ  тәрізді  пышақтардың  кӛптігі  шаруа-

шылықтың негізін аңғартады. Жебелердің ҧштары қысып тҥзету арқылы екі 

жағынан  жҧқартылған.  Ірі  шапқы  қҧралдардың  ішінен  кӛзге  тҥсетіндері  — 

сланец тастан жасалған балталар; бҧлар ірі сынықшалар арқылы екі жағынан 

жҧқартылған.  Бҧл  жерден  кҥрзі  тәрізді  жалтырата  тегістелген  және 

бҧрғыланған  бҧйымның  фрагменті  де  табылды;  мҧның  ӛзі  тас  ӛңдеудің 

ерекше  техникалық  тәсілдері  қолданылғанын  керсетеді.  Бҧның  бітімі  бір-

біріне  қосылған  екі  жарты  шар  сияқты.  Қосылған  жерінде  ені  1,5  см-дей 

жайпақ  белдік  бар,  ал  бҧйымның  ӛзінің  диметрі  10,5  см.  Сондай-ақ  ара 

тәрізді,  ірі  қабырғалардан  жасалған  ҥш  бҧйым  табылды;  бҧлар  қисық 

пышаққа немесе ораққа ҧқсас

 

ішкі имегінде кӛптеген тістері бар. 



Қыш  ыдысты  Иманборлық-2  тҧрағының  тҧрғындары  таспа  әдісімен 

жапсырып жасаған. Сірә, жасалған ыдыстар отқа кҥйдірілсе керек. Ыдыстар 

әр  тҥрлі:  параболоид  тҧрпатты;  ернеуі  иілген  және  бҥйірі  шығыңқы;  жиегі 

тік,  мойны  біраз  ҧзын  және  бірте-бірте  кеңи  беретін  бҥйіріне  жалғасады. 

Ӛрнек  салудың  негізгі  техникалық  тәсілдері:  әр  тҥрлі  тарақ  тәрізді 

қалыптармен  жасалған  ойықтар  және  сызықшалар.  Бҧған  қоса  ыдыстардың 

беті  кертпешелермен  және  шҧңқыршалармен  сәнделетін  болған.  Ӛрнек  салу 

әдісі  мен  сурет  композициясы  жағынан  алғанда  бҧл  қыш  кешен  Орал 

ескерткіштерінің тобына ӛте ҧқсас. 

Иманборлық-2  тҧрағының  қыш  ыдыстары  мен  Батыс  Қазақстандағы 

тҧрақтардың  қыш  ыдыстарының  техникалық  тәсілдері  мен  ӛрнек 

композициясының  ортақтығы  бҧл  ӛңірлерде  шығыс  шекарасына  Наурызым 

қорығы  енетін  біртҧтас  этникалық-мәдени  ареалдың  болуы  ықтимал  екенін 

кӛрсетеді.  Иманборлық-2  тҧрағында,  Солтҥстік  Қазақстандағы  тҧрақтар  мен 

Оңтҥстік  Оралдағы  қоныстарда  нақ  бір  қҧрамдағы  жануарлардың 

(жылқының, сиыр мен қой-ешкінің) сҥйектері табылды. 




 

85 


Орталық  Қазақстандағы  Жезді  тӛңірегінен  бірнеше  неолиттік  тҧрақтар 

зерттелген.  Олардың  арасындағы  ең  кӛрнектілері  Талдысай  елді  мекені 

жанындағы Талдысай-2-3, Сарыбҧлақ, Аяқбҧлақ, т.б.  

Батыс  Қазақстан  аумағында  негізінен  ӛзендік  және  кӛлдік  типтегі 

тҧрақтар кӛп тараған. 

Ҥстірт  қыратындағы  қысқа  мерзімді  тҧрақтар  ерте  заманға  жатады. 

Мҧнда  табылған  саймандар  әр  алуандығымен  ерекшеленбейді:  трапеция 

тәрізді қҧралдар, кескіштер ғана; қыш ыдыстар жоқ. 

Батыс  Қазақстанда  келтеминар  мәдениетінің  кезінде  С.П.  Толстов 

ҧсынған  бір  ғана  нҧсқасы  бар.  Бҧл  аталып  отырған  келтеминар  мәдениеті 

Қазақстан  мен  Орта  Азияның  ҥлкен  аумағы  қамтиды.  Тас  индустриясы 

орташа  және  шағын  кӛлемдегі  тас  тілікшелер  тҥріндегі  дайындамалармен, 

тас  тіліктері  сынықтары  мен  жаңқаларымен    сипатталынады.  1989-1990 

жылдары  Гурьев  облысынан  (қазіргі  Атырау  облысы  –  ред.)  Шатпакӛл, 

Қҧлсары-1-5,  Шаңдыауыл,  Қыземшек,  Қайнар,  Жыланқабақ,  Қойқара, 

Сарықамыс,  Шаянды,  т.  б.  тҧрақтар  мен  жҧрт-орындар  табылған.  Шатпакӛл 

жҧрт-орны  Ембі  ауданындағы  Шоқпартоғай  ауылынан  12  км  солтҥстікке 

қарай  орналасқан.  Тас  бҧйымдарынан  пышақ  тәрізді  тас  тіліктері  мен 

жаңқалары  бар.  Қыш  ыдыстар  сынықтары  бҧлақ  жанындағы  шағын 

баурайдан  табылған.  Қҧлсары-1-5  тҧрақтары  Қҧлсары  ауылы  маңында 

шоғырланған.  Олардың  барлығы  жол  қҧрылысы  мен  газ  қҧбырларын  салу 

жҧмыстарының  нәтижесінде  бҥлінген.  Кӛптеген  тас  заттар  арасынан 

тҥзетілген  немесе  тҥзетілмеген  пышақ  тәрізді  тас  тіліктері,  тас  жаңқа  мен 

тіліктерден  даярланған  қырғыштар,  кескіштер,  екі  жағы  ӛңделген  сапты 

жебелер, бҥйірі ойықты (анкош) қҧралы, ӛзектас пішіндес жарықшақтар және 

призма  бітімді  ӛзектастар  айқын  байқалады.  Қыш  ыдыстардың  кӛпшілігі 

ӛрнексіз, тек кейбірінде ғана кӛлденеңінен тҥскен сызықтар бар, бҧлардан тік 

немесе жоғары қарай сызықтар тартылған.  

Шаңдыауыл Қҧлсары ауылынан солтҥстік-шығысқа  қарай 22 км жерде. 

Тас  бҧйымдары  кейінгі  уақыттағы  Аққызтоғай  моласынан  онша  ҧзақ  емес 

жерден  табылған.  Бҧлар  -  тас  тілікті  қырғыштар,  екі  шетті  қырғыштар,  тас 

жаңқалары мен қыш ыдыстары. 

Қыземшек жҧрт-орны Иманқара таулары маңынан, Жантерек темір жол 

станциясынан оңтҥстікке – оңтҥстік-шығысқа қарай 37 км жерден табылған. 

Тау  ҥстінен  призма  тәрізді  тҧрпаттағы  ӛзектастар,  ҥстіндегі  қырлары 

тҥзетілген  тас  тіліктері  және  қыш  ыдыстар  сынықтары  жинастырылған. 

Осындай артефактілер Қайнар ӛзенінің биік жарларынан да табылған. 

Жыланқабақ  пен  Қойқара  жҧрт-орындарына  «шырша»  және  майда 

«тарақ»  ӛрнектер  салынған  қыш  ыдыстар  тән.  Тас  бҧйымдары  жоғарыда 

аталған индустрияларға ҧқсас.  

Сарықамыс және Шаянды тҧрақтары Гурев (Атырау – ред.) облысы Ембі 

ауданындағы  Сарықамыс  ауылынан  оңтҥстікке  қарай  3  км  жердегі  қҧм 

тӛбелерінен  табылған.  Бҧдан  пайдаға  асырылғандықтың  ізі  байқалмайтын 

пышақ  тәрізді  тас  тіліктерінің  ҥлкен  бӛлігі,  ҥсті  тҥзетілген  бірнеше  тас 

тіліктері,  тас  тіліктері  мен  жаңқаларына  негізделген  ойықты  қҧралдар 



 

86 


жинастырылған.  Қыш  ыдыстар  бӛлшектерінде  басылған  қиғаш  оюлар, 

кӛлденең сызық пен ҥш бҧрыш тәрізді  геометриялық фигуралар анықталды. 

Боялған қыш ыдыстар жоқ.  

Жалпы алғанда, тҧрақтар мен жҧрт-орындардағы индустрия ӛңделуі мен 

жарықшақтануы  бойынша  жақын,  олар:  шеттері  тҥзетілген,  бір  және  екі 

шетті,  ҥсті  моқал  және  омырылған  немесе  шеті  бір  не  екі  жағынан  тік  тас 

тіліктері  кеңінен  тараған,  шетті  қырғыштар,  тас  жаңқа  мен  тіліктерге 

негізделген ойығы бар қырғыштар. 

Шақпақ  тас  саймандары  кей  жағдайда  Қараҥңгір  (Оңтҥстік  Қазақстан) 

ҥңгір  мен  Ӛзбекстан  жер  ӛңдеуші  неолиті  тас  бҧйымдарымен  ҥндеседі. 

Мҧның 

негізінде 



келтеминар 

мәдениетінің 

жергілікті 

нҧсқасын 

батысқазақстандық ретінде бӛлу заңды да.             

Солтҥстік-Батыс  Қазақстанның  тҧрақтары  уақыты  жағынан  неғҧрлым 

бертініректегі  тҧрақтар  болып  табылады;  оларды  мекендеушілер  пышақ 

тәрізді  тас  тіліктерді  кеңінен  пайдаланды,  бҧлардан  қыстырма  қҧралдардың 

жҥздерін,  жебелердің  ҧштарын,  қырғыштарды  жасады.  Қыш  ыдыстар  бітімі 

жағынан  да,  ӛрнектелуі  жағынан  да  ерекше;  ирек  сызықты  немесе 

геометриялық  тарақ  тәрізді  ӛрнек,  не  болмаса  осы  екеуінің  қиюласуы  тән 

болып келеді. 

Бҧл  ауданның  неолиттік  тайпаларының  мәдениеті  Оңтҥстік  Оралдың, 

Солтҥстік  Қазақстанның  және  Арал  маңының  неолит  мәдениетіне  ҧқсас; 

мҧның  ӛзі,  сірә,  ол  дәуірде  Солтҥстік-Батыс  Қазақстанда  кҥрделі  тарихи 

ҥрдістер болғанын керсететін болса керек. 

Ырғыз  ӛзені  бойындағы  тҧрақтар  тобы  одан  да  гӛрі  соңғы  уақытқа 

жатады.  Бҧл  тҧрақтардың  тҧрғындары  бҧйымдардың  кӛпшілігін  тас 

тіліктерден жасады. 

Ырғыз  ыдыстарындагы  ӛрнектер  тарақ  тәрізді  ірі  қалыппен  тҥсірілген. 

Мҧнда ӛрнектелмеген ыдыстар да кӛп. 

Осы  белгілердің  бәрі  ырғыздық  тҧрақтар  тобын  Батыс  Қазақстанның 

басқа неолиттік ескерткіштерімен жақындастырады. 

Соңғы  жылдары  Батыс  Қазақстан  облысы  аумағынан  бірқатар 

ескерткіштер  ашылды.  Олардың  арасындағы  Сҧлукӛл-1-3,  Аққҧм-1-2, 

Сарыиван,  Майтӛбе,  Жантемір  тҧрақтарынан  тас  қҧралдары  мен  қыш 

ыдысары  кӛптеп  табылған.  Бҧл  ескерткіштердің  тас  топтамасында  тас 

тіліктері басқа еңбек қҧралдарына қарағанда жиірек ҧшырасады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет