Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет44/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117
 

 

Жетісудың сақ обалары 


 

177 


    Обалар Жетісу ландшафтындағы ең кӛркем бӛлшектер болып табылады. Олар 

кӛлемі,  биіктігі  бойынша  ӛзгешеленеді  және  тізбек,  шоғыр  мен  қорым 

алаңшаларын  қҧрайды.  Араларындағы  ең  танымалдары  –  Алматы,  Талғар, 

Новоалексеевский,  Қоғалы,  Бҧрындай,  Есік,  Тҥрген,  Шелек,  Кеген,  Мерке, 

Жетітӛбе,  Ҥштӛбе,  Берікқара  қорымдары.  Олардың  барлығы  зерттелген,  ішінара 

қазылған,  ал  Есік,  Бесшатыр  секілді  қорымдар  бҥкіл  әлемге  танылды.  Ӛкінішке 

орай,  қорымдардың  кӛпшілігі  қираған,  обалардың  бір  бӛлігі  жер  бетінен  сҥріліп 

тасталған, тегістеліп кеткен және олардың орнына қҧрылыстар салынған. 

      Жетісу  ерте  кӛшпелілерінің  тарихын  зерттеп,  алғашқы  талдап  қорыту 

М.П.Грязнов пен А.Н.Бернштамға тиесілі. 

     Жетісу  кӛшпелілерінің  археологиясын  зерделеуге  К.А.Ақышев,  Е.И.Агеева, 

Г.B.Кушаев,  И.И.Копылов,  А.Г.Максимова,  А.К.Ақышев,  Б.Н.Нҧрмҧхамедов 

қомақты ҥлес қосты.  

    Әсіресе Іле алқабындағы сақтар мен усуньдердің мәдениетін талдап қорытқан 

еңбектің  маңызы  ерекше  (К.А.Ақышев,  Г.B.Кушаев).  Онда  ӛткен  ғасырдың  60-

жылдарының  бас  кезіндегі  барлық  белгілі  материалдар  жҥйеленген,  мәдениет 

тарихының кезеңдестірілуі нақтыланған, шаруашылық, қоғамдық қатынастар және 

де осы халықтардың шығу тегінің сауалдары зерттелген. 

     Ӛткен ғасырдың 50-60-жылдары Талас ӛзені алқабында ерте кӛшпенділердің 

обаларын зерттеу кеңінен қанат жайды (А.К.Абетеков, Ю.Д.Баруздин). 

    Талас алқабымен ҧштасып жатқан Қырғыз жотасының солтҥстік беткейіндегі 

ескерткіштер  зерттелінді  (А.Г.Максимова,  1970;  1972;  1975).  Шу  алқабындағы 

(А.К.Абетеков)  және  Ыстықкӛл  қазаншҧңқырындағы  қазба  жҧмыстары  қайта 

жанданады.  

     Жетісуда,  еуразиялық  далалар  белдеуінің  басқа  бӛліктері  сияқты  ерте  сақ 

ескерткіштері жеткілікті дәрежеде зерттелінбеген. Олар кӛбінесе  қабірі онша бай 

емес  және  «скиф  триадасына»  енетін  жеке  олжалары  бар  жекелеген  молалар 

тҥрінде ҧшырасады. 

    Молалар ҥш тҥрлі: әдеттегідей шҧңқырлар, ҧңғыма және тас  жәшіктер. Сірә, 

соңғыларын  қола  дәуірінен  сақталған  сарқыншақ  қҧбылысы  ретінде  қарастырған 

абзал.  Жерлеу  мҥрдені  орналастыру  бойынша  да  ерекшеленеді:  солтҥстік-батыс 

және  солтҥстік-шығыс.  Кейде  қайтыс  болған  адам  жанындағы  жеке  шҧңқырға 

жылқы да жерленді. Молаға ғҧрыптық (ақіреттік) ас – қойдың еті қойылды. Қабір 

инвентары  бай  емес  және  біртекті,  оған  тіпті  қару-жарақ  та  қойылған  жоқ. 

Қабірлерден  кейде  ат  әбзелдері  (сулық,  айылбас,  т.б.)  де  аршып  алынады.  Бҧл 

кезеңде,  әсіресе  оның  соңғы  кезінде  аң  стилінде  дайындалған  қолданбалы  ӛнер 

туындылары белгілі бола бастайды. Тҧрмыста халық қарапайым қола пышақтарды, 

ағаштан және сҥйектен жасалған тарақтарды пайдаланды. Тҥбі дӛңгелек жапсырма 

ыдыс  пішіні  бойынша  бірден  ӛзгеріп,  ішінара  мата  қалыпта,  ою-ӛрнек  салынбай 

дайындалды.  Кӛбелек  тәрізді  ҧштығы  бар  қола  және  темір  ақинақтар,  ҧңғымасы 

бар  ромб  пішінді  тҧрпаттағы  жебе  ҧштары  және  кездейсоқ  табылған  ӛзге  де 

бҧйымдарды  ерте  скиф  мерзіміне  сай  келетін  ерте  сақ  уақытына  жатқызылады. 

Сӛйтіп, «скиф триадасына» енетін барлық ҥш қҧрауыш (қару-жарақ, жҥген-ноқта 

жиынтығы, аң стилі) Жетісу сақтарының ерте кездегі мәдениетінен кӛрініс тапты 

деуге болады. 



 

178 


    Ерте сақ кезеңіне бірқатар  қоладан және темірден  жасалған ҧштығы кӛбелек 

тәрізді  және  зооморфты  қанжарлар  да  жатқызылады.  Мҧндай  қанжарлар 

Текеліден,  Биже  қоймасынан  табылған.  Бҧлар  туралы  тӛменде  азды-кемді  сӛз 

болады.  

     Б.з.б.  Ү-ІІІ  ғасырлар.  Ерте  сақ  кезеңіне  қарағанда  сақ  заманының 

ескерткіштері бірнеше есе кӛбейе тҥседі, мҧның ӛзі ӛлкедегі тҧрғындар саны едәуір 

ҧлғайғандығын аңғартады. Жетісу мен Тянь-Шаньның барлық негізгі аудандарын 

осы  уақытта  сақтар  мекендеген  болатын.  Байлықтың  шоғырлануы  нәтижесінде 

Есік  пен  Бесшатыр  секілді  кӛлемді  жерлеу  қҧрылыстарын  тҧрғызуға  жағдай 

жасалды. 



      Қорымдардың  бірнеше  тобын  бӛліп  кӛрсетуге  болады,  материалдардың 

шоғырлануы барысында олардың әрқайсысы дербес археологиялық мәдениеттерді 

қҧрауы ықтимал. 

      Шу  мен  Талас  аңғарындағы  сақ  ескерткіштерінің  тобы  патша  обаларынан 

(Жетітӛбе)  және  Іле  ӛзені  бойындағы  қатардағы  қауым  мҥшелерінің  молаларына 

ҧқсас  қарапайым  халықтың  бейіттерінен  тҧрады.  Мҥрде  жанына  бір-екі  дана 

ыдыстар,  әшекейлер,  қола  жебе  ҧштары  қойылған,  олардың  арасында  сапты  ҥш 

қауырсынды және ҥш қырлы тӛлкелі жебе ҧштары да кездеседі.  

    Шу аңғарының тҥрлі орындарынан сақ заманының жҥзі тік, ҧштығы кӛбелек 

тәрізді және кеспелтек секілді немесе антенна сияқты келген қанжарлар, тҥбі конус 

тәріздес қҧйма қола қазандар сияқты сан алуан қола бҧйымдар кездейсоқ табылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет