Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Кӛшпелілердің археологиялық ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет67/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117
Байланысты:
Казакстан археологиясы 334 бет Түркістан

Кӛшпелілердің археологиялық ескерткіштері  

 

        Жетісу  ескерткіштері.  Жетісудың  Қазақстан  жағындағы  аумағынан 

ортағасырлық  кӛшпенділерінің  бірен-саран  ғана  обалары  қазылған,  ал  бҧл 

уақыттың  мәдениеті  кездейсоқ  табылған  олжалар  бойынша  ғана  белгілі 

болып отыр. 

       Моңғол  заманына  жататын  ыдыстар,  ІХ-Х  ғасырлармен  мерзімделген 

нефрит  қапсырмалар,  белдікті  әшекейлеп  тҧрған  қола  қапсырмалар  мен 

жапсырмалар ерекше қызығушылықтуғызады.  

       Ат  қоса  жерленген  тҥркі  замандағы  қабірдің  бірі  Алматыдан  шығысқа 

қарай  20  км  жердегі  Алатау  кентінен  қазылған,  ол  VІ-VІІ  ғасырлармен 

мерзімделінген. 

       Мола шҧңқыры 1,2-1,4 м тереңдіктен анықталған, оның ҧзындығы 2,3 м, 

ені 1,3 м. Шҧңқырдың оңтҥстік бӛлігінен аяғы бҥгілген, бас сҥйегі солтҥстік-

батысқа қаратылған жылқы қаңқасы аршылған. 

       Шҧңқырдың  солтҥстік  бӛлігінде  адам  қаңқасы  орналасқан.  Жерленген 

адам шалқасынан жатқызылған, басы оңтҥстік-шығысқа қаратылған. Моланы 

тазалау  барысында  садақтың  сҥйек  жапсырмасы  алынған.  Тілі  қозғалмалы, 

қалқаншасында  адам  бейнеленген  қола  айылбас  табылған.  Белбеу 

жапсырмалары  нәзік  торлы  қапсырмалардан  тҧрады.  Сонымен  бірге  кҥміс 

қаңылтыршамен қапталған ағаш тҥйме, ілгекті темір ҥзеңгі алынған. 

       VІІІ  ғасырмен  мерзімделінген  тағы  бір  оба  Тараз  қаласынан  шығысқа 

қарай 40 км жердегі Қызыл-Қайнар қойнауынан аршылған. 

       Оба диаметрі 7 м, биіктігі 0,3 м. Тас ҥйінді астынан ҧзындығы 2,1 м, ені 

1,2  м  қабір  шҧңқыры  аршылған.  1,3  м  тереңдіктегі  текпішектен 

қабырғаларының  астында  темір  ҥзеңгі  жатқан  жылқы  қаңқасы  аршып 

алынған. 

        Адам сҥйектерінің орналасуына қарағанда, ол ҧзынынан басы солтҥстік-

шығысқа  қаратылып  жатқызылған.  Онымен  бірге  қабірге  садақ  (сҥйек 

жапсырмалары  ғана  сақталған),  ағаш  қабығынан  істелінген  қорамсақ,  ҥш 

қалақты  жебе  қойылған.  Белбеу  тҧсынан  рама  және  жҥрек  тәрізді  қола 

қапсырма, сілеусін басымен аяқталатын сҥйек алқа алынған. 

      Обаны  зерттеген  автор  Жетісуды  сол  замандарда  мекендеген  қарлҧқ 

тайпаларымен байланыстырады.  

       Кейінгі уақыттағы қабірлерге Талдықорған қаласы маңындағы Қадырбай, 

Алматы  қаласынан  батысқа  қарай  160  км  жерде  орналасқан  Қарақҧдық 

қойнауларындағы қоршаулар мен обалар жатқызылған. 

        Қарақҧдық 

қорымындағы 

қоршауларға 

жерленгендер 

топырақ 


қабатында  жасалынған  шҧңқырға  басы  солтҥстік-батысқа  бағытталып, 

ҧзынынан  шалқая  қойылған;  Қадырбай  қорымындағы  қоршаулар  –  шикі 

кірпішпен  жабылған  ҧңғыма  қуыстан  тҧрады,  оларға  да  осы  жерлеу  ғҧрпы 

тән.  Бҧл  молалардың  қабірінен  ислам  ықпалы  (бағыты,  қҧрал-сайманның 

болмауы) аңғарылады. Олар ХІІІ-ХVІ ғасырлармен мерзімделінеді. 

        Тянь-Шань,  Қырғызстан  аумағындағы  ортағасырлық  кӛшпенділер 

жерлеу ескерткіштері (оба, қоршау, т.б.) біршама жақсы зертелінген. 



 

281 


        Тянь-Шань  кӛшпелілерінің  обалары  мен  ғҧрыптық  ескерткіштері  екі 

хронологиялық кезеңді қамтиды. 

        Ерте  кезеңге  (VІ-Х  ғасырлар)  жеке  немесе  топты  обалар  тән.  Қорымға 

тән  негізгі  белгі  олардың  аумағында  тас  плиталарынан  жерге  қазылып, 

кӛмілген  шаршы  немесе  тікбҧрышты  тҧрпаттағы  ғҧрыптық  қоршаулардың 

болуы.  Ғҧрыптық  қоршаулардың  батыс  не  болмаса  шығыс  жағында  тас 

мҥсіні немесе қҧлпытас орналасады. Сӛйтіп, обалар мен ғҧрыптық (еске алу) 

қҧрылыстар  біртҧтас  кешенді  қҧрады.  Оба  ҥйінділері  топырақтан,  тастан 

тҧрғызылған;  тас  пен  топырақ  араластырып  ҥйілгендері  де  бар;  топырақпен 

кӛтеріліп,  тас  сауытпен  жабылғандары  да  ҧшырасады.  Ҥйінділер  әдетте 

ҥлкен,  жоспары  бойынша  сопақша  болып  келеді,  шаршы  секілділері  сирек. 

Обалардың  диаметрі  3-6,5  м,  тікбҧрышты  обалар  4х4  м-ге  дейін  жетеді 

немесе  8х5,6-5,5  м.  Кейде  оба  ҥйіндісінен  кҥл,  керамика,  мал  сҥйектері 

секілді берілген астың қалдықтары да табылып жатады. 

       Мҥрде  қабір  шҧңқырына,  ҥңгімелерге,  катакомбаларға  қойылды.  Адам 

мен жылқы арасына тастан далда жасалған ескерткіштер де ҧшырасады.  

       Ӛлікті жерлеу ғҧрпы жҥзеге асырылған. Қайтыс болған адам шалқасынан 

жатқызылған. 

       ҤІ-Х  ғасырлардағы  қабірлердің  басты  айырмашылық  белгісі  жылқының 

адаммен бірге жерленуі болып табылады, екеуінің басы қарама-қарсы жаққа 

немесе бір жаққа бағытталуы мҥмкін. Жылқының денесін адам денесімен бір 

деңгейге қойды не болмаса бір саты тӛмен немесе жоғары қойды. 

       Атсыз жерленген адам қабірі де кездескен. Жерленгендердің бағытталуы 

да әркелкі. Тек жылқы ғана жерленген молалар да ҧшырасқан. 

       Аттар  бҥкіл  әбзелдерімен  бірге  жерленген.  Молаға  кейде  жылқы 

жҥгендерінің  бӛлшектерімен  бірге  қой  да  қойылды.  Мҥрдемен  бірге  қабірге 

керамика,  пышақ,  айна,  белдік,  қару-жарақтар  –  жебе  ҧштары,  сҥйек 

жапсырмалы  садақ,  қорамсақ,  қылыш  қойылған  болатын.  Айылбастар,  жебе 

ҧштары,  белбеу  жиынтығынан  алынған  қапсырмалар  ерекше  қызығушылық 

туғызады.  Олар  біртегіс  болып  жасалды  не  болмаса  жан-жануарлардың, 

балықтың бейнелерімен, ӛсімдік суреттерімен сәнделді. Жиынтық белбеулер 

(кісе белдіктер) әскери және әлеуметтік рәміздік қасиеттерге ие болды.  

       Қабірлерден  әшекей  бҧйымдар  арасынан  қола  сырғалар,  сақиналар, 

жҥзіктер  табылған.  Сырғалар  кӛбіне  жҥзік  секілді  пішінде  жасалынды. 

Сондай-ақ  қабірлерден  керамика,  ағаш  ыдыстар  алынған.  Әйел  адамдардың 

қабірінен қола айналар шығып отырады. 

       Металдан жасалған қыруар заттар қалалық орталықтарда, отырықшылық 

аумақтарда дайындалғандығы анық. 

       Ал  ХІ-ХІҤ  ғасырлардағы  кӛшпелі  тҥркі  мәдениетіндегі  жерлеу  дәстҥрі 

біршама ӛзгереді. 

      Молаларға  биіктеу  жерлер,  тау  баурайлары  таңдап  алынды.  Қорымдар 

обалардың  шағын  бӛлігінен  (25-ке  дейін  ғана)  тҧрды,  жекелеген  обалар  да 

ҧшырасады,  оба  ҥйінділері  тастан,  топырақтан  кӛтерілді.  Ҥйінділері 

дӛңгелек,  сопақ,  тікбҧрышты.  Сопақ  ҥйінділі  обалар  астында  ислами 

дәстҥрде жерленген қабірлер болады. 



 

282 


        Обалардың  диаметрі  4,5  м-ге,  биіктігі  0,20  м-ге  жетеді.  Ҥйінділерден 

берілген астың қалдықтары (кҥл, сҥйек) да аршылып алынып жатады. 

        Оба  астына  иықшалы  қабір  шҧңқырлары  салынды,  оларға  ағаштан 

немесе  тас  плитадан  жасалынған  жабынды  тіреліп  тҧрды.  Иықшасыз 

шҧңқырлар  мен  тас  жәшіктер  де  кездеседі.  Мҥрделердің  басы  солтҥстікке 

және солтҥстік-батысқа қарай бағытталған. Мҥрделер қабір тҥбіне ҧзынынан 

арқасымен қойылды. Жандарына қой сҥйектері қойылды.  

       Жетісу  қабірлерінен  қой  сҥйектерінің  табылуы  Байкалдың  сыртқы 

жағындағы, Моңғолиядағы қабірлермен жақындастырады. Бәлкім, бҧл ғҧрып 

моңғол  мәдениетінің  ықпалымен  байланысты  да  шығар.  Мҥмкін,  ежелгі 

моңғолдар бҧл дәстҥрді тҥркілерден алған да болар. 

        Ат  әбзелдерінен  ер,  жҥген,  ҥзеңгі,  сҥйек  және  темір  айылбастар,  жҥген 

әшекейлері, сәндік қола тоғалар кӛп ҧшырасады. 

       Ҥзеңгілер темірден жасалынған, дӛңгелек, арка және сопақ пішінде. 

        Ерді еркек, әйел және жас балалар пайдаланғандығын да археологиялық 

материалдар растайды. Жҥгендердің сақиналы тҥбі мен ауыздықтары болды. 

       Жебе ҧштары жалпақ және линза тәрізді, барлығы темірден дайындалды, 

алайда сҥйектен істелінгендері де кездесіп қалады. 

        Садаққа сҥйек жапсырма салынды. 

        Негізі  ағаш  қабығынан  жасалып,  терімен  қапталған  қорамсақ  қалдығы 

табылған.  Қорамсақтың  ҧзындығы  72  см-ге,  мойын  тҧсындағы  ені  12  см-ге 

жеткен.  

        Жебе ағаштарының ҧзындығы 55-56 см. 

        Әшекейлер  арасында  сырғалардың  бірнеше  тҥрі  (ҧштары  қосыла 

қоймаған жҥзік тҥріндегі, сҧрақ белгісі немесе сегіз секілді) анықталған. 

        Балық  бейнесі  салынған,  арабша  тілектер  жазылған  қола  айналар  да 

ҧшырасқан. 

       Тҧрмыстық  заттар  арасында  «моңғол  типіндегі»  ӛсімдік  ӛрнекпен 

әшекейленген  сабы  кӛлденең  орнатылған  қола  тостағандар  кездескен.  Тері 

боқша қалдықтары, қайшы, пышақ ҧшырасқан. 

       Киім  қалдықтарынан  «боқа»  деп  аталған  биік  бас  киімдер  белгілі, 

олардың  негізі  ағаш  қабығынан  жасалынды.  Мҧндай  бас  киімдер  моңғол 

заманында кеңінен таралған болатын. 

        Бірқатар 

археологтар  бҧл  кездердегі  қабірлерді  қыпшақтармен 

байланыстырады. 

        Осы  кездері  ислам  дінінің  жосын-жоралғылары  бойынша  жерленгендер 

кӛбірек  тарай  бастайды.  Кесене-кҥмбездерде  жерлеу  де  орын  алады. 

Ақсҥйектер мен бақуатты адамдардың қабірінің ҥстіне кҥйдірілген кірпіштен 

кесенелер  тҧрғызылды.  Олар  ӛсімдік  және  эпиграфикалық  ӛрнектермен 

әшекейленді. 

        Қимақтар мен қыпшақтардың археологиялық мәселелері. Қимақтар. 

Бҧл  халықтың  атауы  мҧсылман  авторларына  белгілі  болған  мемлекеттің 

атына  (қимақтар  мемлекеті,  қимақтар  елі)  айналған.  Бірлестіктің  негізін 

Батыс  тҥрік  қағанаты  қҧрамына  енген  тҥркі  тілді  яньмо  тайпасы  қалаған 

деген де топшылау бар. Келесі бір зерттеушілер қимақтар атауын шығыстан 




 

283 


келген  кумоси  тайпасымен  байланыстырады.  Қимақтар  туралы  мағлҧматтар 

шығыстанушы  Б.Е.Кӛмековтың  еңбектерінде  арнайы  қарастырылған. 

Қимақтар  арасынан  бҧрын  олардың  бір  тайпасы  болған  қыпшақ  халқы 

(Еуропада  коман,  орыс  жылнамаларында  половцы  аталған)  келіп  шықты. 

Соңғы  жылдары  бірқатар  шығыстанушы-мамандар  (Б.Еженханҧлы) 

қыпшақтар  б.з.  ІІІ  ғасырларындағы  дереккӛздерінде  пайда  бола  бастаған 

деген пайымдау да айтып жҥр. 

       Қыпшақтар  тҥркі  халықтарының  –  қазақ,  ӛзбек,  қырғыз,  қарақалпақ, 

тҥрікмен,  татар,  башқҧрт,  алтай  және  Солтҥстік  Кавказдың  кейбір 

халықтарының  ҧлт  ретінде  қалыптасуына  қатысқан.  Қыпшақ  этникалық 

бӛлшектері  османлы  тҥрік,  мысыр,  венгр  қҧрамына  да  енген.  Қыпшақтар 

тарихы,  олардың  мәдениетінің  ерте  кезеңдері  Қазақстанмен  тығыз 

байланысты.  Қимақтардың  (йемек,  кимек)  Қазақстандағы  Ертіс  бойында 

алғаш  рет  пайда  болуы  VІІ  ғасыр  орта  кезінде  орын  алған  болуы  ықтимал, 

алайда  олардың  ІХ  ғасыр  ортасына  дейін  ӛмір  сҥргендігі жайлы  мәліметтер 

әлі мардымсыз болып отыр. 

       ІХ ғасырда қимақ федерациясы қалыптасады, оның қҧрамына деректерде 

«қимақтарға  қарағанда,  жабайы.  Патшасын  қимақтар  тағайындайды»  деген 

қыпшақтар  да  болды.  Келтірілген  материалдар  қимақ-қыпшақ  бірлестігі 

тарихындағы  (федерацияның  қалыптасуы)  екінші  кезеңді  –  ІХ  ғасырдың 

ортасы мен екінші жартысына жатқызуға мҥмкіндік береді. 

       Ҥшінші  кезең  қимақ-қыпшақ  тайпаларының  кең  аймаққа  таралуымен, 

Еуразияның  ҥлкен  ӛңірлерін  игеруімен  байланысты,  бҧл  ӛз  кезегінде  Х-ХІІІ 

ғасырларда  олар  қҧрған  белгілі  бір  мәдени  қауымдастықтың  қалыптасуына 

алып келді. 

        Ертіс  өңіріндегі  қимақтардың  археологиялық  ескерткіштері.  Шығыс 

Қазақстан  (Ертістің  жоғарғы  ағысы)  аумағындағы  біздің  заманымыздың  І-

мыңжылдығы  соңына  жататын  бірқатар  ескерткіштердің  қимақтарға 

жататындығын  осы  сауалмен  айналысқан  зерттеушілердің  (С.С.Черников, 

Ф.Х.Арсланова,  Е.И.Агеева,  А.Г.Максимова,  т.б.)  барлығы  қҧптайды.  1973 

жылы  Д.Г.Савинов  Солтҥстік  Алтай  мен  Оңтҥстік-Батыс  Сібір  маңындағы 

аудандарды  қамтыған  сросткин  мәдениетінің  ескерткіштерін  қимақтармен 

салғастыруды ҧсынды. 

        Шығыс  Қазақстан  мен  Солтҥстік  Алтай  материалдарының  ӛзара  жақын 

екендігі  Батыс  Сібірдегі  дәл  сондай  ескерткіштер  қазбаларынан  кейін 

нақтыланды,  алынған  мағлҧматтар  осы  аймақта  біртҧтас  мәдени  дәстҥр 

таралғандығын кӛрсетіп берді, оның негізгі  ӛзегі Ертіс ӛңірінде болғандығы 

байқала бастады. 

        Ертіс  алабында  мейлінше  ірі  археологиялық  зерттеулерді  С.С.Черников 

(Пчела,  Қызыл-Ту,  Славянка,  Юпитер  қорымдары),  Е.И.Агеева  мен 

А.Г.Максимова  (Трофимовка,  Подстепное,  Совхоз  499,  т.б.  қорымдар), 

Ф.Х.Арсланова (Зевакино, Орлов, Бобров қорымдары, т.б.) жҥргізген. Ӛткен 

ғасырдың соңына қарай Шҥлбі ГЭС-ы салынуына орай С.М.Ақынжанов пен 

Ю.И.Трифонов осындағы ортағасырлық молаларды қазған болатын. Жартас, 

Измайловка,  Ақши-2,  Қарашат  қорымдарынан  алынған  материалдар 



 

284 


толығымен  жарияланған.  Бҧл  ескерткіштерден  ІХ-Х  ғасырлармен  (ішінара 

ІХ-ХІ  ғасырларға  жататындары  да  бар)  мерзімделінетін  жҥзден  астам 

молалар  зерттелген.  Қолдағы  материалдар  Жоғарғы  Ертіс  маңындағы 

аудандарға  ескерткіштердің  біршама  бӛлігі  шоғырланғандығын  кӛрсетеді, 

бәлкім, бҧл ӛңір қимақ мемлекетінің орталығы да болған шығар. 

       Қимақтарға жататын археологиялық мәдениеттің ерте кезеңі, қалыптасуы 

әзірге  мардымсыз  қарастырылған.  Бҧл  кезеңге  Шіліктіде  (С.С.Черников) 

жылқы  жерленген  қазба  (ҥңгімелі)  қабірді,  Подстепное  ауылы  маңындағы 

қираған қабірді жатқызуға болады. Подстепное қабірінен ҥсті тегіс қапсырма, 

ал  Шілікті  қабірінен  ҥш  қанатты  жебе  ҧштары,  садақтың  ортаңғы 

жапсырмалары, айылбас, жҥген мен тҥйіндерді шешуге арналған зат шыққан. 

       Жылқы  қосып  жерлеу  қимақ  қабірлерін  VІ-VІІІ  ғасырлардағы  алтайлық 

тҥркілердің молаларымен жақындастырады. 

        VІІІ-ІХ  ғасырларға  Орлов-І  қорымындағы  оба  жатады,  одан  діңгек-

табытқа  (колодаға)  жерленген  жас  ӛспірімнің  мҥрдесі  шыққан,  мҥрденің 

басы  шығысқа  бағытталған  және  жанына  бай  қабір-саймандары  қойылған. 

Діңгек-табыттың жоғары жағынан шашырап жатқан ер адамның қаңқасы, ал 

қасындағы оңтҥстік жақтағы текпішекшеден ҥш аттың сҥйегі мен ит қаңқасы 

шыққан.  Жерлеу  ғҧрпына  қарағанда  Орлов  обасы  Таулы  Алтайдағы  Курай 

қорымындағы  бай  молаларды  еске  тҥсіреді.  Алайда  бҧл  уақытқа  жататын 

ескерткіштер Ертіс ӛңірінде ӛте аз ҧшырасады. 

       Екінші (ІХ ғасырдың ортасы мен екінші жартысы) және ҥшінші (Х ғасыр 

– ХІ ғасыр бас кезі) кезеңдерге Ертіс аңғарындағы қимақ қабірлерінің басым 

бӛлігі жатады. Ертіс алабында олардың кеңінен таралуын ескерсек әрі қазіргі 

кҥнгі  зерттеулерді  бағамдасақ,  онда  қимақтардың  археологиялық 

мәдениетінің  бҧл  ӛңірден  кем  дегенде  екі  жергілікті  нҧсқаларын  бӛліп 

қарастыруға  болады.  Олар  –  Жоғарғы  Ертіс  пен  Павлодар  нҧсқалары. 

Болашақта сросткин мәдениетінің новосібірлік нҧсқасымен жалғасып жатқан 

омбылық нҧсқаны да бӛлуге мҥмкіндік туатындығы анық. 

       Жоғарғы  Ертіс  нұсқасы.  Шығыс  Қазақстан  аумағындағы  ІХ  ғасыр 

ортасы  мен  ХІ  ғасыр  бас  кезіне  жататын  ескерткіштер  қимақ-қыпшақтар 

қҧрған  бірлестіктің  орталық  ауданындағы  олардың  мәдениетін  айғақтайды. 

Молалар  жерлеу  ғҧрпы  мен  қойылған  бай  қҧрал-саймандары  бойынша 

ерекшелінеді.  Мәселен,  С.Черников  қазған  обалар  былайша  сипатталынады: 

мҥрде жалғыз жерленген, қасына ат, жылқы терісі немесе жҥген-ноқта асай-

мҥсейлері  қойылған;  кенотафтар  да  ҧшырасады;  мҥрде  ағаш  табытқа 

салынып,  жерден  қазылған  (ҥңгімелі)  қабірге    жерленген,  қасына  жылқы 

немесе ноқта-жҥгендер қойылған. Ф.Х.Арсланова қазған Зевакино қорымына 

текпішекшесіне  ат  қойылған  (ит  сирек)  жеке  адам  қабірі;  кейде  бір  оба 

ҥйіндісінің  астында  бірнеше  қабірлердің  болуы  тән.  Шҥлбі  ГЭС-ы 

аймағындағы  қазба  жҧмыстарының  барысында  да  мол  материалдар 

жинақталған.  Мҧндағы  ерекшеліктер  былайша  сипатталынады:  жалпағынан 

қойылған плиталардан тҧрғызылған тӛрт бҧрышты қоршаулар, кейде тігінен 

қҧлпытастар  орнатылады;  жер  қабатынан  (топырақтан)  қазылған  сопақ  

шҧңқырлар, текпішекшелі немесе ҥңгімелеп қазылған шҧңқырлар; жеке-дара, 



 

285 


қос  адамдық,  ҧжымдық  қабірлер;  ат  қосып  жерленген,  жылқы  терісі  немесе 

мҥрденің аяқ жағына ат әбзелдері қойылған қабірлер; қабірхана ішінде ағаш 

рама,  діңгек-табыт,  тас  жәшік  секілді  қҧрылыстары  бар  молалар.  «Ҧзын 

обалар» деп аталынатын ескерткіштер тобы да дараланады. Олар адамдардың 

бір-біріне  жалғасқан  (ҥлкен-кіші)  2-8  қоршауларынан  тҧрады.  Барлық 

мҥрделер шығысқа және солтҥстік-шығысқа қарай бағытталған. 

       Сайып  келгенде,  Шығыс  Қазақстандық  қимақтардың  жерлеу  ғҧрпының 

ӛзіндік  келбеті  бар,  ол  қимақ-қыпшақ  қауымдастығының  қалыптасуындағы 

кҥрделі  процестер  аясына  сай  келеді.  Сонымен  бірге,  Шығыс  Қазақстан 

қабірлеріндегі  ерекшеліктермен  қатар,  қимақтардың  археологиялық 

мәдениетінің  Жоғарғы  Ертістік  нҧсқасын  ӛзара  байланыстыратын  заттар 

кешені де анықталған, олар: айқыштамасы тік келген екі жҥзді ауыр қылыш; 

сегіз  саны  секілді  бӛліктері  мен  ҥлкен  сыртқы  сақиналардан  тҧратын 

ауыздықтар;  S-тәрізді  («етікшелі»  темір  және  «балық  қҧйрығы»  сияқты 

аяқталынатын  сҥйек)  сулықтар.  Жебе  ҧштары  ҥш  қанатты,  жалпақ  және 

ланцет  (қияқ)  тәрізді;  садақтың  ортаңғы  жапсырмалары  мен  қорамсақтың 

сҥйек қапсырмаларына циркуль ӛрнек тҥсірілген; ҥзеңгілер ілгек секілді, т.б. 

Заттардың  (белдік,  кісе,  жҥген,  т.б.)  кӛпшілігіне  алтын  жалатылған  және 

ӛсімдік  (геометриялық  ою-ӛрнектер  сирек)  ӛрнектері  салынған.  Бағалы 

металдардан жасалынған фантастикалық  хайуанаттардың  (самҧрық, қанатты 

арыстан,  т.б.)  бейнелері  қимақтардың  Қазақстан  мен  Орта  Азия  отырықшы 

орталықтарымен тығыз байланыс орнатқандығын кӛрсетеді.  

        Жоғарғы  Ертіс  ӛңіріндегі  қимақ  археологиялық  ескерткіштеріндегі 

кҥрделі  этникалық  «стратиграфия»  мҧндағы  мәдениеттер  тоғысымен 

тҥсіндіріледі. 

       Павлодар  нұсқа.  Археолог  Ф.Х.Арсланова  зерттеген  Бобров  қорымы 

Павлодарлық  Ертіс  маңындағы  ҤІІ-ІХ  ғасырларға  жататын  ең  ірі  ескерткіш 

болып  табылады.  Оған  жеке  қабірлер,  жанына  ат  қойылған  ӛртелген  мҥрде, 

ҥңгіп қазылған қабір шҧңқыры, мола ішіндегі қҧрылыстарға ағаш рамаларды, 

ағаш  қабықтарын  кеңінен  қолдану  тән  болып  келеді.  Павлодарлық  Ертіс 

маңындағы басқа қорымдардан жылқының бас сҥйегі мен қҧйымшағы, қайың 

бӛренелерімен  беті  жабылған  сопақша  қабір  шҧңқыры,  «ағаш  жәшікке» 

мҥрде  қойылған  қабір,  бір  оба  ҥйіндісі  астында  бірнеше  молалар,  ҥйіндіден 

керамика мен мал сҥйектері шыққан. Павлодарлық Ертіс маңында плиталары 

кӛлденеңінен  орнатылған,  қҧлпытастары  тігінен  қойылған  шаршы 

қоршаулар, «ҧзын обалар» мен тас жәшікке жерлеу ғҧрпы байқалмайды. 

       Молалардан алынған қҧрал-саймандар Жоғарғы  Ертіс маңындағы заттар 

жиынтығына  жақын.  Бірақ,  бҧл  жерден  жоғарыда  айтылған  қылыштар 

кездеспейді. Әшекейлер арасында торлы қола алқалар ҧшырасады. Керамика 

олжалары да кездесіп отырады. Мәселен, Бобров қорымындағы обалардан 44 

дана  ыдыс  алынған.  Кейбір  материалдар  (керамикадағы  ромб  ӛрнектер  мен 

ланцет  тҥріндегі  жебе  ҥштары)  Тува  аумағындағы  материалдарға  ҧқсайды 

(Л.Р.Кызласов). Мҧндай тҥрлі мәдени бӛлшектердің ҧшырасуы Павлодарлық 

Ертіс  маңы  аумағында  этникалық  және  мәдени  ассимилиация  процестері 

кҥрделі  жағдайда  ӛткендігін,  тҧрғындардың  Шығыс  Қазақстан,  Саян-Алтай 



 

286 


мен Батыс Сібір ӛңірлеріндегі  халықтармен тығыз байланыс орнатқандығын 

кӛрсетеді. 

       Қимақ  мәдениетінің  іздері  Орал  маңына  дейінгі  аймақтарға  таралған. 

Мҧндағы  Синеглазово  кӛлі  жанындағы  обалар  кешені  азар  аударуға 

тҧрарлық.  Синеглазово  материалдарын  жариялаған  С.Г.Павлов  пікірінше: 

«Синеглазово  типіндегі екешендер қимақ-қыпшақ кӛшпенділерінің Оңтҥстік 

Орал маңы мен Кама ӛңіріне ішкерілеп ену динамикасын кӛрсетуі ықтимал». 

       Осындай келбеттегі жекелеген олжалар Жетісудан да ҧшырасады, бҧл ӛз 

кезегінде  мҧнда  қимақтардың  жылжығандығын  сипаттаған  жазба 

дереккӛздеріндегі  мәліметтермен  де  сәйкес  келеді.  Әсіресе  мҧны  Жоңғар 

Алатауының  беткейлеріндегі  Текелі  қаласы  маңынан  зерттелеген  қираған 

қабір материалдары да нақты кӛрсетеді. Сонымен қатар ат қосып жерлеу мен 

заттық  кешендер  ҧқсастығы  Қызыл-Қайнар,  Айнабҧлақ  қорымдарынан  да 

байқалады. Бҧл қабірлердің кейбір материалдарын зерттеушілер қарлҧқтарға 

балайды.  Жоғарғы  Ертіс  пен  Жетісуда  қолдарында  ыдыс  ҧстаған 

антропоморфты қҧлпытастар тҥріндегі тас мҥсіндеркеңінен таралған. 

       Қимақтар  мәдениеті  таралған  басқа  аудандарда,  соның  ішінде  Солтҥстік 

Алтай  мен  Батыс  Сібірдің  оңтҥстігінде  сросткин  мәдениетінің  аумағында 

мҧндай мҥсіндер жоқ.  

       Сросткин  мәдениетінің  жіктелген  нҧсқаларынан  (солтҥстік-алтай, 

кемерово,  новосібір,  батыс-алтай)  Ертіс  алабындағы  қимақ  мәдениетіне  ең 

жақыны батыс-алтай нҧсқасы болып табылады. 

       Қыпшақтардың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет