Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет78/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117
Есік  пен  Түрген,  Шелек  ортағасырлық  қалаларының  ҥстімен  жҥріп,  Іленің 

Борохудзир  маңындағы  ӛткелінен  ӛтіп,  оның  оң  жағалауын  қуалап,  Хоргос 

арқылы  Алмалыққа  жетеді  де,  осындағы  Ыстық  кӛл  жақтан  келген  жол 

тармағымен  қосылады.  Жолдың  осы  бӛлігінен  археологтар  Есік,  Түрген, 



Лауар  сияқты  кішкене  қалалардың,  ҥлкен  қала  Шелектің  тӛбешіктеніп 

қалған  орындарын  тапты,  Іленің  оң  жағымен  жол  қазіргі  заман  қыстағы 

Кӛктал  мен  Жаркент  арқылы  ӛтеді.  Кӛктал  маңында  Ілебалық  қаласының 

орны болуы ықтимал. 

       Алматыдан  немесе  Тальхирден  басталатын  теріскей  жолы  (солтҥстік 

жолы)  Талғар  ӛзенін  қуалай  жҥріп,  Іленің  Қапшағай  шатқалы  маңындағы 

ӛткеліне дейін жеткен. Одан әрі жол Шеңгелді ҥстімен Алтын Емел белесінен 

асып,  Кӛксу  алқабына  тҥседі  де,  Екі-Оғыз  қаласына  жетеді.  Ол  қазіргі 



Дүнгене (Дунгановка) ауылының орнында болған. Гильом Рубрук бҧл қаланы 

Эквиус  деп  атаған.  Іле  алқабының  ең  ҥлкен  қала  жҧртының  бірі  тап  осы 

жерден  табылған.  Онда  1253  жылы  болған  Гильом  Рубрук  осынау  қалада 

Персиядан  алыс  жатқанына  қарамастан  парсы  тілінде  сӛйлейтін 

«сарациндер»  тҧрушы  еді  деп  жазады.  Екі-Оғыз  қазіргі  Қапал  маңында 

орналасқан деген пікірді ҧстанатын зерттеушілер де болды. 

        Мҧны  археологиялық  зерттеулер  нақтылап  берді.  Егер  Шеңгелді  Екі-

Оғыз  дейтіндер  болса,  оларға  Шеңгелдінің  керуен-сарай  екендігін  еске 

салған жӛн. Яғни, оның аумағы (75х75 м) қала деуге келмейді. Дүнгене болса 

(Балпық ауылы аумағында) барлық ӛлшемдері бойынша ірі қала.  

       Қаланың солтҥстік-шығыс жағы 675 м, ал оңтҥстік-шығыс жағы 565 м. 

        Бҧл қалада зерттеу жҧмыстарын ӛз уақытында А.Н.Бернштам басқарған 

Жетісу  археологиялық  экспедициясы  жҥргізген.  Тҥсірілген  шурфтан  тҥрлі 

кезеңдерді  қамтитын  ҥш  мәдени  қабат  анықталған.  Бҧл  мәдени  қабаттар 

бірін-бірі  алмастырған.  Зерттеу  нәтижелеріне  қарағанда,  бҧл  жерде  ІХ-Х 




 

328 


ғасырларда  қоныс  болған,  оның  тҧрғындары  ауыл  шаруашылығымен  және 

қолӛнер  салаларымен  айналысқан.  Кейіннен  Х-ХІ  ғасырларда  қоныс  қалаға 

айналған.  

       ХІ  ғасырда  Махмҧд  Қашқари  «Екі-Оғызды»  ӛз  картасында  кӛрсеткен. 

ХІІІ ғасырда бҧл қалада Гильом Рубрук болған.  

        Ӛз  жолында  Гильом  Рубрук  екі  қаланың  қирандыларын  кӛрген,  олар 

қазіргі Қапал мен Арасан маңында. Одан кейін таудан ӛтіп, ол Ақсу ӛзенінің 

аңғарына  келеді  және  одан  кейін  лепсі  ӛзеніне  қарай  жҥреді.  Ол  бҧл 

жазықтықты тәппіштеп жазып кеткен.  

        Жалпы 

алғанда  Жібек  жолы  Екі-Оғыздан  шығып,  қарлҧқтар 

жабғысының  астанасы  Қаялыққа  (Койлақ,  Қойлық)  барады  екен.  Бҧл 

шаһардың  базарларымен  аты  шыққан.  Онда  мҧсылмандармен  бірге,  басқа 

дінді тҧтынатындар да тҧрған. Ол жӛнінде моңғол ханы Мӛңкеге бара жатып, 

осы  қалаға  соғып  кеткен,  Людовик  IX  елшісі,  монах-сопы  Гильом  Рубрук 

хабарлайды.  Каялық  –  қарлҧқтар  астанасы  болған,  IX  ғасыр  мен  XIII  ғасыр 

бас  кезінде  Іле  алқабының  солтҥстік-шығыс  бӛлегі  қарлҧқтар  қоластына 

қараған.  Рубруктың  жазбаларына  қарағанда,  Каялыққа  жақын-жуық  жерде 

христиандар селосы болған, Жібек жолы сол арқылы да ӛткен.  

       Рубрук  қалада  12  кҥн  тҧрған.  Осы  кезде  қала  базарларын,  т.б.  аралап 

шыққан.  Ол  христиан  шіркеулерін  іздеп,  екі  храмға  кіріп  шыққан.  Бірақ 

христиан шіркеулерімен ҧқсастық таппаған. 

       Ол  кумиренді  жан-жақты  сипаттап  қалдырған.  Оның  жазғандары 

храмның  буддалық  сипатын  байқатады.  Әсіресе  будда  қҧрбандық  ҥстелі 

«ширэ» дәл сипатталған. 

        Жалпы  алғанда,  Қаялық  (Қиялық,  Қойлық)  Солтҥстік-Шығыс  Жетісуда, 

Талдықорған  қаласынан  солтҥстік-шығысқа  қарай  190  шақырымда,  қазіргі 

Қойлық  ауылының  шығыс  жағында  (Сарқанд  ауданы)  орналасқан.  Бҧл 

ескерткіш Іле алқабындағы ең ҥлкен қала. Ол Ащыбҧлақ ӛзенінің жағасында 

орналасқан.  Қаланың  аумағы  биіктігі  3,5-4  метр  биіктіктегі  қабырғамен 

қоршалған,  қаланың  жобасы  дҥниенің  тӛрт  жағына  қаратылған  сопақша 

тӛртбҧрыш  пішінді.  Солтҥстік-шығыс  қабырғаның  ҧзындығы  1200  м, 

оңтҥстік-шығыс  жағы  750  м,  ал  қаланың  оңтҥстік-батыс  жағы  тауға  келіп 

тіреледі. Шамамен алғанда, әрбір 30-40 м сайын қабырғаға дӛңгелек пішінді 

мҧнара  орнатылған.  Батыс  бҧрышына  жақын  жерде  кӛлемі  70x80  м  және 

биіктігі  4,5  м  пішіндегі  шаршы  дӛң  орналасқан.  Қалаға  кіретін  қақпа 

солтҥстік-батыс,  солтҥстік-шығыс  және  оңтҥстік-шығыс  жақтарында. 

Қаланың ішкі барлық аумағы кӛптеген дӛң (тӛбешік), ойпат секілді бҧрынғы 

қҧрылыстардың ізіменен жабылған. 

        Қала  тарихи  әдебиеттер  арқылы  XI  ғасыр  мен  XIII  ғасыр  бас  кезіндегі 

қарлҧқ  жабғысы  (жабғуы)  мемлекетінің,  қараханидтер  қағанатындағы  тҥркі 

қарлҧқтарының  дербес  иелігінің  астанасы  ретінде  белгілі,  ал  ол  XIII 

ғасырдың ортасында моңғол империясының қаласы болған. Қарлҧқ жабғысы 

Арслан  моңғолдар  билігін  ерте  кездері-ақ  мойындаған.  Сӛйтіп,  ӛзі 

моңғолдарға қосылып, батысқа жорыққа қатысқан.  



 

329 


      Қалада жҥргізілген археологиялық зерттеулер аталған ескерткіштің ІХ-Х-

ХІІІ-ХІҤ ғасырлар кезеңіне жататындығын анықтауға мҥмкіндік берді. Оның 

іргесі ҤІІІ ғасырда қаланған. 

       Қаланы  археологиялық  зерттеу  1964  жылы  басталды,  онда  бірқатар 

шурфтар  тҥсіріліп,  қаланың  жоспары  анықталған  болатын.  Одан  кейінгі 

жҧмыс  1998  жылы  Оңтҥстік  Қазақстан  кешенді  археологиялық 

эспедициясының  шеңберінде  қайтадан  қолға  алынды,  оның  барысында 

«Будда  храмы»  ретінде  айқындалған  нысан  қазылды,  сондай-ақ  қаланың 

қамалындағы  тҧрғын  ҥй-жайы  зерттелді.  1999-2000  жылдары  қаланың 

оңтҥстік-шығыс бӛлігінде орналасқан «ауқатты адам ҥй-жайында» жҧмыстар 

жҥргізілді.  2001   жылы  кҥйдірілген  кірпіштен қаланған «хаммам» типіндегі 

монша  аршылды,  сондай-ақ  оның  қҧлдырау  кезеңінде  салынған  қала 

аумағында  тҧрғызылған  кесене  де  зерттелді.  2002-2003  жылдары 

ескерткіштің  стратиграфиясын  зерттеу,  сандық  екі  ӛлшемді  топографиялық 

негізін  қҧру  жҥзеге  асты,  сондай-ақ  «будда  храмында»  консервациялық 

шаралар мен мониторинг негізінде жҧмыстар атқарылды. 

       2004-2005  жылдардың  қазба  жҧмыстарын  жҥргізу  маусымы  жҧма 

мешітінің  қҧрылысын,  «манихей»  храмының,  кесенелердің  қҧрылыстары 

ашылуымен маңызды, олардың қасбеті ойылған терракотамен безендірілген, 

сондай-ақ  кесенелерге  жақын  орналасқан  ханака  зерделенді.  2006  жылы 

қаланың  шахристаны  оңтҥстік-батыс  бӛлігінің  аумағындағы  ҥй-жай  ішінара 

қазылды,  сондай-ақ  монша-хаммамға  келіп  тірелетін  аумақ  зерттелді, 

шахристан тӛрткҥлін қазу басталды. 2007-2009 жылдары қаланының бірқатар 

бӛліктерін қазу барысында да мол мағлҧматтар жинақталды.   

        2006  жылы  жоғары  қабаттағы  қазба  жҧмыстары  кезінде  бҧзылған 

қҧрылыс      қҧрылымдары      анықталды,      оның      бірқатар      белгілеріне 

қарағанда  тҧрғын  ҥй  деуге  болады.  2007  жылы  қазба  жҧмысының  аумағы 

кеңейтіліп, оның кӛлемі 400 шаршы метрге жетті. 

        Зерттелген  телімде  әртҥрлі  мақсатқа  арналып  салынған  бірнеше  бӛлме-

жайлар аршылды. 

        Қаланың  солтҥстік  жағынан  ХІ-ХІІ  ғасырларға  жататын  кесенелер 

қазылды. Олардың қабырғаларының кірпіштері оймышталған (геометриялық, 

ӛсімдік, т.б.). 

        Қала қазу кезінде аршылған мешіт  те қызықты. Оның мӛлшері 34х28 м. 

Шикі кірпіштен  тҧрғызылған.  Оңтҥстік-батыс қабырғасында михраб болған, 

ол Меккеге бағытталған. 

        Мешіт шатыры жалпақ болған, бірақ сыртқа  қарай еңістетілген  және ол 

ағаш  колонналарға  тіреліп  тҧрған.  Колонналар  саны  –  54.  мешіт  қабырғасы 

сыланып,  ақталған.  Қыста  мешіт  жылу  әкелетін  каналдар  арқылы 

жылытылған.  Қазба  барысында  ХІІ-ХІІІ  ғасырларға  жататын  керамика 

жинастырылған. 

        Қаялықтан  Гильом  Рубрук  қасиетті  Андрей  кҥні,  яғни  30  қарашада 

шығып  кеткен.  Қаладан  ҥш  лье  жҥргеннен  кейін  несториандық  қоныс 

кездестірген.  Оның  шіркеуіне  кірген.  Археологтар  бҧл  қоныстың  орнын 



Лепсі қаласы деп есептейді. 


 

330 


       Содан  әрі  қарай  жол  Тентек  алқабымен  жҥріп,  Алакӛлді  айналып  ӛтіп, 

Жоңғар  қақпасын  басып  Шихо  алқабына  жетеді,  сосын  Бесбатықты  басып, 

Дунхуанға барады да, Ішкі Қытай жаққа кеткен. 

        Алакӛлдің  оңтҥстік-батыс  шетінде  бір  қала  болған,  оны  XIII  ғасыр 

саяхатшылары  «Облыстың  астанасы»  деп  атаған.  Мҧны  зерттеушілер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет