Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қауыншы мәдениетінің ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет53/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117
Қауыншы мәдениетінің ескерткіштері 

 

      Бҧл мәдениет қоныстар мен некропольдар, жерлеу ғҧрпы, қыш ыдыстары 

бойынша  бӛлінген.  Ӛз  атауын  Ташкент  қаласы  маңындағы  Қауыншы 

қаласының  атынан  алған,  мҧнда  1933,  1935  және  1937  жылдары  археолог 

Г.В.Григорьев  алғаш  кең  кӛлемде  қазба  жҥргізген  болатын,  ол  алынған 

керамикалық  материалдарды  даму  бойынша  Қауыншы-1  және  Қауыншы-2 

деп  екі  кезеңге  бӛлген  еді.  Бірінші кезеңді ол  б.з.б.  ІІ-мыңжылдық  соңынан 

б.з.б.  І-мыңжылдыққа  дейін,  екіншісін  сақ  заманымен  –  б.з.б.  VІ  ғасырмен 

мерзімдеді.  Кейіннен  С.И.Тереножкин  Қауыншы-1  кезеңін  б.з.б.  ІІ-І 

ғасырларға  жатқызды,  ал  Қауыншы-2  кезеңін  б.з.  шебімен  белгіледі.  Ал 

белгілі  ғалым  С.П.Толстов  ӛз  кезегінде  Қауыншы-1  кезеңін  б.з.  І-ІІ 

ғасырларымен мерзімдеген еді.  

       Жаңа ескерткіштердің ашылуына орай біртіндеп Қауыншы мәдениетінің 

шекарасы 

анықталды: 

оңтҥстік-шығыста 

– 

Ангрен-Шыршық-Келес 



алаптарынан  Қҧрам  жотасына  дейін  кіретін  Ташкент  жазирасы,  батыста  – 

Сырдария  ӛзенінің  сол  жақ  жағалауы.  Солтҥстік-шығыста  бҧл  ауданға 

піскем, Шатқал мен Талас аңғарларындағы аудандар кіреді. Зерттеушілердің 

пікірінше, қауыншы мәдениеті Келес ӛңірінде кеңінен таралған. 

        Қауыншы  мәдениетінің  керамикасын  зерделеген  Л.М.Левина  оның 

дамуындағы ҥш кезеңді бӛліп кӛрсетеді: б.з. І-мыңжылдық шебінен ІV ғасыр 

бас кезі; ІV-VІ ғасырлар және VІІ-ІХ ғасырлар.  

       Шардараға жақын жердегі Ақтӛбе қонысы қауыншы мәдениетінің жақсы 

зерттелген  ескерткішінің  бірі  болып  табылады.  Ол  Сырдарияның  сол  жақ 

жағалауында  орналасқан.  Қала  орны  ҥш  жағынан  дуалмен  (жалмен),  ал 

Сырдария  жағынан  пахса  қабырғамен  қоршалған.  Қала  орнының 

орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық сопақша тӛбе ерекше кӛзге 

тҥседі.  Тӛбе  аумағында  және  Ақтӛбе-2-нің  басқа  бӛліктерінде  қазба 

жҧмыстары  жҥргізілген.  Қазбалардың  біреуінен  Сарай  ҥйі  толық  аршылды. 

Ол  тікбҧрышты,  кӛлемі  28х18,5  м  болып  шықты.  Сарай  шаршылап  жатқан 

бес жайдан, кіру кешені мен қҧрылысты батыстан шығысқа қарай орап ӛтетін 

екі дәлізден тҧрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6х3,6 м) бар, ол басқа 

жайлардың  барлығымен  арка  арқылы  ӛтетін  жолдармен  байланысқан.  Бір 

кездерде  оның  тӛбесі  жалпақ  етіп  жабылған.  Зал  қабырғаларының  биіктігі 

қазіргі  кезде  6  метрге  жетеді.  Зал  еденінің  ортасында  қҧдық  бар.  Ҥй 

солтҥстік-батыс  бҧрышқа  салынған,  мҧржасыз  камин  ҥлгісіндегі  ошақпен 

жылытылған.  

       Залдың айналасына орналасқан жайлар доғалана иіліп, ал олардың біреуі 

кҥмбезделіп  жабылған,  бҧл  кҥмбез  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  ертедегі 




 

221 


ҥлгімен  жабылған  кҥмбездердің  бірі  болып  табылады.  Ғимарат 

конструкциясында  шатыр  маңызды  рӛл  атқарады,  оған  баспалдақ  және 

тӛбедегі тесік арқылы шығуға болатын еді. 

      Қазба  барысында  б.з.  І-мыңжылдық  бас  кезіндегі  ескерткіштерге  ҧқсас 

керамиканың бай жиынтығы: кӛзелер, саптыаяқтар, табалар, хумдар, шҥмекті 

қҧмыралар  жиналды.  Керамикалық  ыдыстардан  басқа  І-ІV  ғасырларға 

жататын  ҧршықбастар,  жебелердің  ҥш  қыры  бар  ҧңғылы  ҧштары,  алтын 

сырға,  бір  жҥзді  пышақтар,  сҥйек  ҧршықтар,  қола  сақина,  қызыл  шыныдан 

кӛз салынған алтын қапсырма табылды.  

      Сарай  кешенінің  мерзімін  белгілеу  ҥшін  кҥмбезді  жайға  жерленген 

адамның табылуының ерекше маңызы бар. Мҥрде батыс қабырғаны бойлата 

қойылған, ағаштан жасалған торлы табытқа жерленген. Мҥрде басы батысқа 

қаратылып,  шалқасынан  жатыр.  Керек-жарақтары  да  ерекше:  ағаштан 

жасалған  екі  ыдыс,  кӛз  салып,  қара  тас  орнатылған,  кҥміс  пен  алтын 

қҧймасынан  жасалған  сырға,  қорамсық  пен  садаққа  арнап  жасалған  қап 

(футляр),  сҥйекпен  әрленген  ағаш  садақ,  темір  қанжар,  екі  темір  айылбас 

жатты.  Қҧрал-саймандарға  қарағанда,  адамды  ІV-V  ғасырларда  жерленген 

деп айтуға әбден болады, демек қоныс ӛмірінің жоғарғы хронологиялық шегі 

б.з. ІV ғасырдың бас кезіне жатады. 

       Қауыншы  мәдениетінің  бірінші  кезеңіне  топырақ  ҥйіндісінен  тҧратын 

обалар  мен  олардың  астындағы  дәлізді  катакомбалар  тән.  Катакомбалар 

ішіне бір немесе ҧжымдық қабірлер қойылды. Қару-жарақ болмайды. 

      Екінші  кезеңіне  тән  нәрсе  –  қоыстар  санының  артуы.  Катакомбалар  мен 

олардың  ҧзын  ӛсімен  перпендикулярлы  дәліздермен  (дромостармен)  қатар 

бҥйірлі  және  топырақ  шҧңқырға  жерленген  қабірлер  пайда  бола  бастайды. 

Жеке  адам  жерленген  қабірлер  саны  едәуір  арта  тҥседі.  Қабір  қҧрал-

саймандар арасында қару-жарақ пайда бола бастайды. 

       Ыдыс-аяқ  жиынтығы  бірінші  кезеңдегі  тҧрпатты  (пішінді)  қайталайды. 

Бҧл сол баяғы ҧстағышты науа еді, алайда «ӛгіз басы» қойылған тҧғырларды 

қой  бастары  бейнеленген  тҧғырлар  алмастырады.  Осы  уақытта  керамикада 

жетіасар  мәдениетінің  белгілері  байқала  тҥседі:  мойын  тҧсына  кедір-бҧдыр 

салу, денесін жалтырату, ернеуіне шҥмек орнату.  

       Ҥшінші  кезеңге  оның  соғдылық  мәдениетке  жақын  болуы  тән.  Мәселен, 

керамикаға штампты ою-ӛрнек салына бастады.  

       Біздің  заманымыздың  алғашқы  ғасырларындағы  қауыншы  мәдениетін 

зерделеуде  Сырдарияның  оң  жағалауында,  Шардара  аймағында  орналасқан 

қорымдардың  мол  материалдары  кӛп  септігін  тигізеді.  Шәушіқҧмнан 

мейлінше кӛп (57 дана) обалар зерттелінген. Мҧнда негізгі жерлеу тҥрлерінің 

бәрі  ҧшырасады:  камерасы  дәлізге  (дромосқа)  перпендикуляр  орналасқан  І-

типтегі катакомба; ІІ-типтегі катакомба – дәліздің жалғасы болып табылатын 

камералар;  бҥйірі  қазылған  молалар;  қарапайым  топырақ  молалар.  Бір 

аумақта  тҥрлі  қҧрылысты  молалар  болуы  осы  дәуірдің  ӛзіндік  ерекшелігі 

болып табылады және ол барлық аудандардан ҧшырасады. 

      Қорымдарды  қалдырған  тҧрғындардың  іргелес  аймақта  орналасқан 

қоныстармен орнатқан тығыз байланыстары айқын байқалады. 



 

222 


      Қорымдарды  қазу.  Катакомбалы  жерлеу  Шардара  ауданындағы  ҥш 

пункттен  анықталған.  Жаман-Тоғай  қорымындағы  тӛрт  обадан  текпішекті 

дәлізі  бар  катакомбалар  табылған.  Әсіресе  қираған  №9  оба  олажалары 

қызықты.  Камерадан  тік  бҧрышты  ҧстағышы  бар  тҧғырлы  ысталған  мыс 

қазан  табылған.  Қазан  тҧрпаты  бойынша  біздің  заманымыздың  шебіндегі 

хунну  қазандарына  қатты  ҧқсайды.  Келесі  бір  катакомбадан  мойыны  тар 

және  спираль  тәрізді  ӛрнегі  бар  қыш  қҧмыра  шықты,  ол  да  хунну 

ыдыстарына  тән.  Сол  жерден  аң  бейнелерімен  нақышталған  сҥйек  айылбас 

шыққан. 

       №14  обадағы  мҥрде  катакомбадағы  қамыс  тӛсеніш  ҥстінде  жатты,  сол 

жағына  металл  ҧштығы  мен  айқыштығы  жоқ  ҧзын  темір  семсер  қойылған. 

№14 обадан басқа ҥш оба біздің заманымыздың шебімен мерзімделген.  

       Ақтӛбе  қорымынан  қазылған  барлық  обалар  І-типтегі  катакомбалардан 

тҧрады.  Басқа  қорымдардан  ӛзгешелігі  катакомбаға  кірер  есік  шикі 

кірпіштермен  (40х40х12;  35х35х12  см)  ӛрілген.  Молаларда  екі  және  тӛрт 

қаңқа  болған.  Қайтыс  болған  адамдар  шалқасынан,  басы  шығысқа 

қаратылып,  аздап  солтҥстікке  немесе  солтҥстік-шығысқа  қарай  ауытқи 

жатқызылған. Сірә, катакомбалар отбасылардың қабірханасы болған. Обалар 

тоналған.  Ирек  (толқынды)  сызықтармен  ӛрнектелген  кӛзелер  мен 

қҧмыралардың ҧстағыштары болды немесе болмады да. Сыр бояу араласқан 

жҧғындыны  жағу  тәсілі  де  кеңінен  қолданылған.  Банка  тәрізді,  қҧмыра 

секілді және конус сияқты ҧстағышты саптыаяқтар да сан алуан. 

      Мола  қҧрылысы,  жерлеу  ғҧрпы  мен  ішінара  қҧрал-саймандарына  қарай 

катакомбалық қабірлер біздің заманымыздың алғашқы ғасырларына жатады. 

Ақтӛбе қорымындағы материалдар онымен кӛрші тҧрған және сол  уақытпен 

сай  келетін  Ақтӛбе-2  қонысының  қыш  ыдыстары  мен  бҧйымдарына  ҧқсас 

болғандықтан,  қорым  І-ІІІ  ғасырлардағы  осы  қоныстың  отырықшы  халқына 

тиесілі болған деген пайымдау жасалды. 

      Катакомбалардың  кӛпшілігі  Ақтӛбе  қорымынан  15  км  солтҥстік-батысқа 

қарай  жердегі  Шәушіқҧм  қонысы  жанында  орналасқан  Шәушіқҧм 

қорымынан  табылған.  Сопақша  тҧрпаттағы  катакомбалар  батыс-шығыс 

сызығы бойынша созылып жатыр. Дәліздер тік бҧрышты, тар әрі ҧзын. Олар, 

әдетте,  текпешекті  (сатылы)  болып  келеді  және  камераға  оңтҥстік  жақтан 

жақындайды.  Молаларда  тҥгелдей  бір  адамнан  жерленді.  Мҥрделер 

шалқасынан  жатқызылып,  бастары  шығысқа  қаратылған  (аздап  солтҥстікке 

немесе  оңтҥстікке  ауытқыған).  Қайтыс  болған  адамның  жанына  бай  қҧрал-

саймандар  мен  ғҧрыптық  ас  (қой  еті)  қойылды.  Молалардың  бірінен  лақа 

балықтың қылтанағы да табылған. 

       Қабірден  алынған  қҧрал-саймандарына  қарай  әйел  және  ер  адам 

молалары  ажыратылады.  Ер  адамдардың  қабірінен  металл  ҧштығы  мен 

айқыштығы  жоқ  темірден  жасалған  екі  жҥзді  семсер  мен  қанжарлар 

табылған.  Тек  бір семсерде  ғана  тік  қола  айқыштық болған.  Жҥздерінде  іші 

матамен  оралған  ағаш  қынапқалдықтары  сақталған.  «Ғҧн  типіндегі»  деп 

аталатын  кҥрделі  садақтан  тек  сҥйек  жапсырмалары  ғана  сақталған.  Темір 

жебе  ҧштары  ҥш  қалақты.  Тҧрмыс  заттары  қарапайым  пышақ  пен  тілі 



 

223 


жылдам  қозғалатын  темір  айылбастардан  тҧрады.  Ат  әбзелдерінен 

ауыздықтар  сақталған.  Кейбірі  алтын  қаңылтырмен  жабылған.  Әйел 

адамдардың  қабірінен  сапты  жалпақ  қола  айналар,  жануарлар  сҥйектерінен 

жасалған бойтҧмарлар, темір сақианалар, жҥзіктер, сан алуан моншақтар мен 

саз  балшықтан  жасалған  ҧршықбастар  секілді  сәндік  заттар  мен  әшекейлер 

табылған.  Қыш  кӛзелер  ер  адамның  да,  әйел  адамның  да  қабірлерінен 

шығады.  Камера  дәліздің  жалғасы  болған  катакомбаларда  кірер  есік  таспен 

немесе  қамыспен  жабылған  (ІІ-тип).  Мҧндағы  керамика  І-типтегі 

катакомбалардан  табылған  ыдыстардан  сәл  ӛзгешелеу.  Ӛзіндік  қҧты  сауыт 

(фляга)  ерекшеленеді.  Жекелген  заттардың  кейбірі  де  ерекше.  Ҥшінші 

типтегі жерлеу ескерткіштері бҥйірлі молалардан тҧрады. Олардың барлығы 

аздап  батысқа  немесе  шығысқа  қарай  ауытқи  меридиан  бағытта  созылып 

жатыр.  Бҥйірлі  қазбаның  қуысы  батыс  және  шығыс  қабырғаны  бойлай 

қазылған.  Оған  кірер  ауызға  тас  немесе  шикі  кірпіш  (39х39х12-15  см) 

қаланған. Молалардан қару-жарақтар –  темір қанжар мен ҥш  қалақты сапты 

жебе ҧштары, садақтың сҥйек жапсырмалары табылған. Тҥбі жалпақ кӛзелер, 

ҧстағышты  саптыаяқтар,  т.б.  да  аршып  алынған.  Шәушіқҧм  қорымындағы 

бҥйірлі  қабірлердің  ІІ-ІҤ  ғасырлардағы  Тӛменгі  Еділ  маңындағы  кейінгі 

сармат  және  де  Ферғана,  Ташкент  пен  Бҧхара  жазираларындағы 

ескерткіштермен ҧқсастығы байқалады. 

       Мҧндай молалар Ташкент жазирасынан, Ахангаран ӛзені алабынан, Кҥл-

Ата қаласының маңынан да анықталған. 

       Қарапайым  топырақ  молалар  қарастырылған  қорымдарда  кӛп  кездесе 

қоймайды.  Шәушіқҧм  қорымындағы  екі  обадан  сары  топырақ  ҥйіндісі 

астындағы  бҧрынғы  жер  бетіне  салынған  тас  қоршау  табылған.  Ер  адам 

жерленген  қабірдің  бірінен  темір  семсер  бӛлшектері,  қола  сырға  мен  екі 

ыдыс  –  қҧмыра  мен  тҥбі  дӛңгелек  тостаған  алынған.  Керамика  ӛзге  жерлеу 

типтеріндегі ыдыстардан ӛзгеше, бірақ кейбір ыдыстар сол типтерге жататын 

қҧмыралардай сырланған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет