Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қалалар мен ауылдық қоныстар. VІ-ІХ ғасыр алғашқы жартысы



Pdf көрінісі
бет81/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117
Қалалар мен ауылдық қоныстар. VІ-ІХ ғасыр алғашқы жартысы 

  

      Қалалық  және  отырықшылық  тҧрмыс  географиясы.    Қазақстанның 

кең байтақ аумағында ежелден  отырықшылықпен, орта ғасырларда  қалалық 

ӛмір  сҥру  салтымен  сипатталатын  ірі  тарихи-мәдени  ӛңірлер  болды. 

Солардың бірі Оңтҥсті Қазақтан мен Жетісу еді. Оңтҥстік Қазақстан немесе 

географиялық  атаумен  айтсақ  Сырдария  маңы    географиялық  провинциясы  

солтҥстікте Орталық Қазақстан далаларымен, оңтҥстікте  Талас  Алатауымен, 

шығыста  Жуалы қырқасымен, батыста Қызылқҧм қҧмдарымен  шектеседі. 

      Оңтҥстік  Қазақстанда  әсіресе  Сырдария  алабы  ерекше  орын  алды. 

Сырдарияның  гректер атаған кӛне атауы  VІІ ғасырға дейін сақталды. Одан 

кейін  ол  Сейхун,  Қанғар,  Гюль-Зарриун,  Инчу-Огуз  деп  аталынды,  тек  ХVІ 

ғасырда ғана  алғашқы «Сыр» атауын қайтадан алған еді. 

      Жетісуда    Шу  мен  Талас    ӛзендері  алабын    ӛзіне    біріктіретін  оңтҥстік-

батыс Жетісу мен негізгі   су артериясы  Іле   ӛзені болған   солтҥстік-шығыс 

Жетісу    секілді    екі  тарихи-мәдени  ӛңірлер  ерекшеленді.  Алғашқы  ӛңірдің 

солтҥстік  шекарасы    Мойынқҧм  қҧмдары,  шығыстағы    шекаралары  Шу-Іле 

таулары, ал батыста ол Жуалы ҥстірті  арқылы ӛтті. Талас алабы ҥш жағынан 

Талас,  Қырғыз  және  Қаратау    секілді  тау    жоталарымен    қоршалған.  Талас 

алабы  таулы  және  жазықтық  бӛліктерге  бӛлінеді.  Шу  алқабынң  солтҥстік  

жағалауы    егін  егуге  ӛте  қолайлы,  оны  Қырғыз  жотасынан  ағып  келетін 

кӛптеген  ӛзендер кесіп ӛтеді. 

       Солтҥстік  шығыс  Жетісу    оңтҥстікте    және  оңтҥстік-шығыста  Іле  мен 

Жоңғар  Алатауымен,    солтҥстікте  Балқаш  жағалауымен  шектесетін  алып 

жалпақ  ыдыс  секілді.  Мҧнда  тау  беткейіндегі    кӛптеген  ӛзендер  және 

бҧлақтармен  суғарылатын  Шу  алқабы,  сондай-ақ  Іле,  Қаратал,  Лепсі 

алабтары егіншілік ҥшін ең қҧнарлы да қолайлы жерлер еді. 

       Егіншіліктің  дамуы    отырықшылық  ӛмір  ҥшін  қолайлы  аудандар 

Қазақстанның    басқа  ӛңірлерінде  де    болды.  Мысалы,  Ертіс  алабы, 

Тарбағатай  беткейлері,  Ҧлытау,  Орталық  және  Батыс  Қазақстан  жерлері, 

бірақ  егіншілік  пен  қалалық  тҧрмыс  Қазақстанның  оңтҥстігі  мен    Жетісуда 

кеңінен дамыған еді. 

        Қала  мен  дала.  Отырықшы  және  кӛшпелі  халықтардың  ӛзара 

байланысы  ғылымдағы  кҥрделі  теориялық  проблемалардың  бірі  болып 

табылады.  Егіншілікпен  айналысатын  облыстар,  қала  мәдениеті  тағдыры 

ҥшін  кӛшпелілердің  теріс,  қиратушы  рӛлі  туралы  пікір  бар.  Мәселен,   

кӛшпелілердің ерекше  «психологиялық қоймасы» оларды ҥнемі егіншілерге  

шабуылдауға,  қалаларды  қиратуға    мәжбҥрлеп  отырды-мыс.  Мҧндай 

кӛзқарасты жақтаушылар  ӛз  еңбектерінде  кӛшпелілердің  жауларына деген 

қатыгездігін,  сыйлыққа    деген  ашкӛздігі  мен    бопсалаушылығын  бӛліп 

кӛрсетті,  ал  ежелгі  аңыз-әпсаналар    далалықтармен  фантастикалық    адам-

жылқы  кентавр  сынды  кейіпкерлерді  тығыз  байланыстырды.  Жабайы 

кӛшпендінің, варвардың бҧл бейнесі  ӛркениетті қоныстар  мен қалалықтарға 

қарсы қойылды. 




 

347 


      Зертеушілердің  кӛпшілігі    бҧл  кӛзқарасқа    қарама-қарсы    пікірді 

ҧстанады,  кӛшпенділерді  аздап  ҧлықтап,  олардың  жосын-жоралғыларын, 

ҥлкендерге  деген  қҧрметін,  қонақжайлығын,  ағайынгершілігін,  еркіндік 

сҥйгіштігін баса кӛрсетеді.  Олар тіпті  ҧлы дала хандарын  халық сыйлаған,  

қҧрылтайларды  тек  ауқатты  ру  ӛкілдері  мен  тайпа    ақсҥйектері  ғана  емес, 

қарапайым  сарбаздар,    батырлар  маңызды  рӛл  атқарғандығын  қайран  қала 

сипаттап жазады. 

      Бірақ-та  «кӛшпелі  әлемді»    онымен    кӛршілес    отырықшы    және  қала  

мәдениетінен  бӛліп  қараған  дҧрыс  емес.  Олардың  арасында  экономикалық 

және  мәдени  байланыстар  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  тығыз  дамып 

отырды.  Сауда,  мал  шаруашылығы  ӛнімдеріне  деген    сҧраныс  мал  

шаруашылығының  дамуына  әсер еткен  маңызды  факторлар болған еді.  

      Саудаға,  қолӛнер  мен  ауыл  шаруашылығы  ӛнімдерін  ӛткізуге  қала  мен 

дала тҧрғындары  ӛзара мҥдделі болған. 

      Әлбетте,  кӛшпенділер мен  жер ӛңдеушілер  қатынасы ҥнемі бейбіт тҥрде  

бола  қойған  жоқ.  Кӛшпенділердің  жойқын  шапқыншылықтары  мен 

шабуылдары  туралы  кӛптеген  тарихи  дерек  кӛздері  сақталған,  бірақ 

отырықшы  халықтардың  билеушілері  де  далалықтарға  қарсы  олардан  кем 

емес қатал жорыққа шыққандығы жӛнінде  мәліметтер де бар. 

      Тарихта  кӛшпенділер  мен  отырықшы  халық  бірлесіп  сыртқы  жауларға 

қарсы    кҥрескендігі  жайлы  мысалдар  да  жеткілікті.  Айталық,  VІІІ  ғ.  бас 

кезінде  тҥріктермен    бірлескен  Соғды,  Шаш  және  Ферғана  тҧрғындарының 

коалициясы  Орта  Азияға  басып  кірген  араб  экспансиясына  қарсы  тҧрды. 

Жалпы  алғанда,  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  отырықшы  облыстарының 

дала кӛшпенділерімен тарихи заңдылықтағы  қарым-қатынастарының дамуы 

тығыз  экономикалық  байланыстармен  анықталды.  Бейбіт  қарым-қатынастар 

кӛбіне  бір  мемлекет,  бір  экономикалық    қҧрылымдағы  олардың  қарқынды 

дамуына жағдай жасады. 

      Ежелгі 

және  ортағасырлық  тарихта  тҥрлі  факторлар  әсерінен 

кӛшпенділердің отырқшылық  пен қалалық тҧрмысқа ӛтуі жиі болып тҧрды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет