Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата15.03.2017
өлшемі8,81 Mb.
#9866
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56

 
Сонымен қатар, сатушы клиентке тауары үшін қажет қосалқы бөлшектерді ұсына алады. Қызмет 
көрсетуді  аяқтай  отырып,  тұтынушыға  осы  сервистік  орталықтың  қызметімен  пайдаланғанына  алғыс 
білдіріп,  оның  келешекте  тұрақты  клиенті  болатынын  күтетінін  айту  керек.  Жұмысшы  әрдайым 
тұтынушымен  сөйлесу  кезінде  өзін  сыпайы,  күлімдеп,  жарқын  болып  ұстау  керек.  Егер  ол  тауарды 
немесе  қызметті  сатып  алуға  шешім  қабылдай  алмаса,  оған  асығушылық  пен  қаталдығыңызды 
көрсетпеңіз.  Егер  клиент  ештеңе  сатып  алмаса,  фирманың  қызметкерлері  оған  потенциалды 
тұтынушы ретінде қарап, келешекте қайта фирмаға келуге шақыру қажет.[6, 10б.]. 
Қорыта  айтқанда,  сервистік  қызмет  көрсетудің  маңызын түсіне  келе,  әр  мемлекетте  және 
Қазақстанда да көп кәсіпорындар сервистік қызметті дамытуға ат салысуда. Ірі өндіруші компаниялар 
оған қоса өз фирмалық сервистік орталықтарын ашуды көбейтіп отыр. Яғни тұтынушылардың сенімін 
ақтау үшін, оларды әрдайым арнайы шаралармен қызықтыру үшін және жалпы фирманың басқаларға 
қарағанда  ерекшелігін  көрсету  үшін  қызмет  көрсетудің  оңтайлы  және  тиімді  жақтарын  ойластырады. 
Осыдан байқайтынымыз, Қазақстан үшін де, халқы үшін де сервистік қызмет көрсетудің мәні жылдан-
жылға өсіп келеді. 
Тұтынушылармен жұмыс 
істеуіне әсер ететін 
факторлар 
қызмет көрсететін кәсіпорын мен оның 
тұтынушысының қызығушылығының арасындағы 
қарама-қайшылықтар 
тұтынушының сервистік кәсіпорынға баруына 
кедергі келтіретін себептер 
тұтынушымен жұмыс істеуде тікелей қарыс-
қатынас орнату 
қызмет көрсету сапасына тұтынушының 
субъективті талаптарының әртүрлілігі 
сервистік кәсіпорынның мүмкіндіктері мен 
масштабымен байланысты болып келеді 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
149 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zhol-
dauy -2015 -zhylgy-30-karasha 
2.www.bauka.kz/.../920-2010-05-13-11-2...  
3.Байшоланова Қ.С. Сервистік қызмет: оқу құралы / Алматы, 2013. – 143 бет. 
4.Барлықов Е.К., Онаева Б.Т. Сервистік қызмет: оқу құралы // Алматы, Экономика. 2013 ж., 226 
бет.  
5.Жолдасбеков  А.А.,  Арапова  Г.М.  Әлеуметтік-мәдени  қызмет  көрсету  менеджменті.  Шымкент, 
2011. -165 бет.  
6.http://stud24.ru/turism/servis-yzmetn-mdeniet-zhne-ony/131196-384914-page3.html 
http://freepapers.ru/68/servistk-yzmet/267099.1755666.list11.html 
 
 
 
ӘОЖ 338.488:640.4(574) 
 
 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ТУРИЗМ  ЖӘНЕ  СЕРВИСТІК   
ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ  МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ  ДАҒДАРЫС  
КЕЗЕҢІНЕН  ШЫҒУ  ЖОЛДАРЫ 
 
Исаева  А.  Т.  -  «ТҰРАН»  университеті  «Маркетинг  және  логистика»  кафедрасының  э.ғ.к., 
доцент, Алматы қ. 
Доспаева  Ұ.Б - «ТҰРАН» университеті, «Маркетинг және логистика» кафедрасы 
 
Қазақстан  Республикасындағы  туризм  және  сервистік  қызмет саласындағы  мейрамхана 
бизнесінің  дағдарыс кезеңінен шығу жолдары бойынша туризм дамуына өзара әсер етеді. Сондық-
танда туризмнің дамуындағы тағы бір маңызды тенденция ол – жаңа ақпараттық технологиялар-
ды  енгізу,  олар  туристік  және  мейрамхана  бизнесіндегі  есептілікті  жүргізуді  түбімен  өзгертті. 
Еліміздегі туризм индустриясын дамыту мақсатында мейрамхана қызметін, оның ішінде  ұлттық 
мейрамханалардың деңгейін  жетілдіру және ұлттық  мейрамханаларды жетілдірудің мемлекеттік 
стандарттарын  енгізу  бойынша  жоғары  деңгейге  өтуге  мүмкіндік  береді.  Ал  шетелдік  турис-
терге  келетін  болсақ,  олардың  келуіне  заң  шығарушы  және  басқа  да  басқарушы  органдардың 
ықпалын тигізеді деген ойдамын. 
 
Туризм, сервис, дағдарыс, индустрия, мейрамхана. 
«Бүгінде  бүкіл  әлем  жаңа  сындармен  және  қатерлермен  бетпе-бет  келіп  отыр.  Әлемдік 
экономика  әлі  де  жаһандық  қаржы-экономикалық  дағдарыс  салдарынан  айыға  қойған  жоқ.  Қалпына 
келу  өте  баяу  және  сенімсіз  қадамдармен  жүруде,  ал  кейбір  жерлерде  әлі  құлдырау  жалғасуда. 
Геосаяси  дағдарыс  пен  жетекші  державалардың  санкциялық  саясаты  әлемдік  экономиканы  қалпына 
келтіруде қосымша кедергілер туындатуда»-, деді Елбасымыз «Қазақстан-2050» жолдауында.[2, 5 б.]. 
Дағдарыс  жағдайларында,  әлемдік  тәжірибе  көрсетіп  отырғанындай,  экономикалық  саясатты 
қайта  бағдарлаулар  жүріп  жатыр.  Қолдауды  экономикалық  өсім  мен  жұмыспен  қамтуда  аса  үлкен 
мультипликативті  тиімділік  беретін  салалар  алуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
жолдауы  бойынша  басталған  жобаларды  аяқтау  және  аса  өткір  мәселелерді  шешу  үшін  Үкіметке 
Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын мына мақсаттарға бағыттауды 
тапсырыс  бойынша  дайындаған  болатын.  Ол  мақсаттардың  ішінде  бірінші  кезекте  шағын  және  орта 
бизнесті, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу қажет. 
Бұл  тамақ  және  химия  өнеркәсібіндегі,  машина  жасаудағы,  сондай-ақ,  туризм  және    қызмет  көр-
сетулер саласындағы жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
Әлемдегі қаржылық дағдарыс еліміздің туризм саласына айтарлықтай әсер етуде. Оған отандық 
саяхатшылардың  саны  10  пайызға  азайып  кеткендігі  дәлел.  Тіпті,  қалтасы  жұқарған  жұртты 
туроператорлардың ұсынған тиімді шарттары да қызықтырмапты. Өйткені азаматтар бұрынғыдай өзге 
елдің  қонақжайлылығына  емес,  бастысы  бағаның  тиімділігін  бірінші  орынға  қоюға  көшкен.  Ескере 
кетерлігі, егер апта сайын елімізден 100 турист шетелге қатынаған болса, қазір оның саны 10-ға әрең 
дегенде жетеді. 
Мемлекеттік бағдарламада жасалған шаралар ішкі және сыртқы нарықтағы туристердің артуына 
ықпал  жасайды,  нәтижесінде  ұлттық  тур  өнімдердің  халықаралық  кәсіпкерлік  және  кәсіби  серіктестік 
ретіндегі тартымдылығын арттырады. 
Дағдарыс - мәселенің 
 
аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға 
шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі болып табылады. Ал оның жағымсыз (ұнамсыз) салдарының 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
150 
 
орнын  толтыру  оңайға  түспейді.  Мысалы,
 
саяси,  экономикалық,  экологиялық  және  т.б.  дағдарыстар. 
"Дағдарыс"  құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға 
қабілетсіздігі,  онда  өзінің  сапаларын,  қасиеттерін  сақтау  мен  өсіруге  және  өзінің  негізгі  мәнді  сипат-
тамаларын  сақтай  отырып  дамудың  мейлінше  жоғары  сатысына  көтерілу  мүмкіндіктерінің  болмауы. 
Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.[1, 12 б.]. 
Қазақстан    Республикасындағы    туризм    және    сервистік    қызмет  саласындағы    мейрамхана 
бизнесінің    дағдарыс  кезеңінен  шығу  жолдары  мен  туристік  қызметті  мемлекеттік  реттеудің  негіз-
гі принциптері: 
 Қазақстан  Республикасының  Дүниежүзілік Туристік Ұйымға қосылуын ескере отырып,туристік  
қызметтердің  халықаралық саудасын мемлекеттік  реттеуді қамтамсыз ету және нормативтік құқықтық 
актілерін жасау; 
 Ұлттық туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
 Туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау; 
 Туризмді  Қазақстан  Республикасы  экономикасының  жоғары  рентабельді  саласы  ретінде 
қалыптастыру; 
 Туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін 
ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау; 
 Туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
 Қазақстан  Республикасының  аумағында  келу  туризмімен  және  ішкі  туризммен  айналысатын 
туристік ұйымдарды қолдау және дамыту; 
 Туризм саласындағы мамандардың білімін жоғарылату және дайындау жүйесін дамыту; 
 Туристік  саладағы  сұрақтар  бойынша  Қазақстан    Республикасының    субъектілерімен  келісім 
және шет елдермен халықаралық келісімдер жобасын жасау; 
 Туризмдегі халықаралық сақтандыру нарығын дамыту; 
 
Азаматтардың  туристік  қызмет  саласында  демалу,  еркін  жүріп  тұру  құқықтарын  қамтамасыз 
етуі

 Туристік  объектілердің  қызметтерін  стандарттау  және  лицензиялау,  сертификаттау  негізінде 
туристерге қызмет көрсету сапасын арттыруға жағдай жасау
 Туристік  индустрияны  дамыту  есебінен  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  мемлекеттің  және 
Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайтуы;[3, 18 б.]. 
Біз ішкі және сырттан келетін келетін туристердің санын келесі 1-сызбада қарастырамыз: 
 
1-сызба. Ішкі және сырттан келетін келетін туристердің саны. 

  Мемлекетік  бағдарламаны  жүзеге  асыру  барысында  ішкі  және  сырттан  келетін  туристер 
санының тұрақты түрде артуы көзделіп отыр, 2011 жылы 120000 адамнан 2015 жылы 200000 адамға 
дейін, осы ретте жыл сайынғы өсім 19500 адам деп жоспарланып отыр. 
Мемлекеттік бағдарламада жүзеге асыру барысында сырттан келетін туристер санын 2-сызбада 
түсіндіріледі: 
 
0
50000
100000
150000
200000
20…
20…

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
151 
 
 
    2-сызба. Сырттан келетін туристер.  
 

  Сырттан  келетін  туристер  санын  ұлғайту  да  көзделіп  отыр,  2012  жылы  50  мыңнан  2015 
жылы  120  мыңға  дейін,ішкі  туризмнің  де  көлемі  ұлғаяды,  2010  жылы  56  мың  болса,  2014  жылы  90 
мыңға дейін, ішкі бағыттағы туристердің жыл сайынғы өсімі 15500 адамды құрайды.  
Шетелдік  туристке  қызмет  көрсету  9  жұмыс  орнын    ашатынын  ескерсек,  онда  3-сызбада 
беріледі: 
 
 
  3-сызба. Шетелдік туристке қызмет көрсету бойынша 9 жұмыс орындары.   
 

 
Әлемдік тәжірибедегі бір шетелдік туристке қызмет көрсету 9 жұмыс орнын  ашатынын 
ескерсек,  онда  2011  жылы  сырттан  келетін  туристер  есебінен  потенциалды  жұмысбастылықты  216 
мың адам деңгейінде ұстауға болады, 2012 жылы 351 мың жұмыс орны, 2013 жылы 414 мың жұмыс 
орны, 2014 жылы 477 мың, 2015 жылы 540 мың жұмыс орнын ашуға болады. 
Мейрамхана  бизнесі  –  халықты  сапалы  тамақтандыру  қажеттіліктерін  ғана  қанағаттандырып 
қоймай,  сонымен  қатар  бос  уақытты  өткізуге  жақсы  жағдай  жасай  отырып  тұтынушылардың 
эмоциялық  және  эстетикалық  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын,  тұтынушыларға  сапалы  қызмет 
көрсететін кәсіптің айрықша түрі болып табылады.[3, 8 б.]. 
Мейрамхана бизнесінің халықаралық стандарттары негізінде АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің, 
сонымен қатар Қазақстанның осы саладағы ерекшеліктері мен даму үрдістерін қарастырамыз: 
 Қонақты  қарсы  алу.  Жалпы  мейрамханаларда  қонақты  қарсы  алу  ережелері  ортақ  болып 
келеді.  Яғни,  амандасу  және  орынға  орналастыру.  Сонымен  қоса  әлемде  әр  елдің  өз  менталитетіне 
сәйкес  амандасу  ерекшеліктері  байқалады.  Қонақтарды  қарсы  алу  уақытында  мейрамхана 
қызметкерінің мәдениеті аса маңызды. Бұл сол мейрамхананың ұйымдық мәдениетін көрсетеді. АҚШ, 
Еуропа мемлекеттерінде қалыптасқандай киім кию үлгісі ерекшеленеді. Әр мейрамхананың ас әзірлеу 
мәдениетіне байланысты киім үлгісі де соған сәйкес келеді.  
 Қонақты  жайғастыру.  Мысалы,  АҚШ-та  қонақты  жайғастыру  Еуропаға  қарағанда  ерекше, 
өйткені  АҚШ-тағы  мейрамханаларда  әйел  адам  ер  адамның  оң  жағына  отыруы  тиіс.  Еуропада 
0
20000
40000
60000
80000
100000
120000
140000
2010 жылы 
2012 жылы 
2014 жылы 
2015 жылы 
Сырттан келетін туристер … 
0
100000
200000
300000
400000
500000
600000
201
1
201
2

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
152 
 
әдеттегідей  қонақтардың  жайғасуына  мейрамхана  қызметкері  көмектеседі.  Ал  Қазақстанда,  қонақты 
жайғастырмас бұрын олардың саны сұралады. 
 Тапсырыс  қабылдау.  Мейрамханаларда  тапсырыс  алу  уақытында  даяшы  белгілі  бір 
арақашықтықты  сақтап,  мүмкіндігінше  қонақтың  оң  жағында  тұруы  қажет  және  мәзірді  ашық  күйінде 
сол қолымен ұсынуы тиіс. Егер үстел басында бірнеше адам отырса, мәзір жасы үлкен кісіге бірінші 
ұсынылады.   АҚШ-та  тапсырыс  қабылдаудың  бір  ерекшелігі:  қонақтарға  электронды  ас  мәзірі  ұсы-
нылады. Бұл әдіс АҚШ-та бастау алғанымен, қазіргі уақытта басқа елдерде де кеңінен қолданылуда. 
Осы  әдісті  біздің  еліміздегі  тамақтандыру  орындарында  (мейрамхана,  студенттік  асхана  және  т.б.) 
ұсынса, тұтынушылар уақытты тиімді пайдаланып, сонымен қатар тамақтанудың сапасы артар еді. 
 Тапсырысты  орындау  және  ағымдық  қызмет.  Тапсырысты  орындау  тапсырысты  беру 
ерекшелігіне қарай іске асырылады. Алайда, халықаралық стандарттарға сәйкес тапсырыс уақытысы 
15-20  минуттан  аспау  керек.  Тапсырысты  орындаудың  сапасын  арттыру  көптеген  мейрамханаларда 
жеткіліксіз. Ол мына факторларға байланысты: кәсіби мамандар, техника, азық-түлік және т.б. 
 Есептесу  және  қонақты  шығарып  салу.  Мейрамханаларда  есептесу  қолма-қол  және  есеп 
айырысу  карталары  арқылы  жүреді.  Әлемдік  мейрамханаларда  визитка  ұсынумен  қатар  бонустық 
жеңілдіктер  қоса  ұсынылады.  Қонақтармен  қоштасу  кезінде  ілтипат  көрсетіліп,  шығарып  салынады. 
[6,14 б.]. 
Мейрамханалық  кешеннің  ерекшелігіне  тоқталатын  болсақ,  ұсынылып  отырған  ұлттық  нақыш-
тағы  мейрамхана  тек  тамақтандырумен  шектеліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  келген  туристердің 
ұлттық  салт-дәстүрімізбен,  мәдениетімізбен,  ұлттық  ойындарымызбен  және  бұйымдарымызбен 
танысуларына жағдай жасайды. 
Мейрамхана  бизнесінің  дамуын  ұлттық  нақышта  ұйымдастырудың  мәні  зор.  Себебі,  жоғарыда 
айтып  кеткендей,  қазіргі  таңда  біздің  елімізде  туристер  үшін  туризмнің  барлық  салаларында,  соның 
ішінде  туристік  қызмет  көрсету  саласының  бір  тармағына  жататын  мейрамхана  бизнесінде  сапалы 
қызметтің қажеттілігі күннен-күнге артуда.[4, 9 б.]. 
 Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындары,  яғни  мейрамханалар    дәстүрлі  түрде  мемлекеттің 
шағын  бизнесіне  (әлемнің  әр  түрлі  елдерінде  78%-91%  аралығында)  және  олардың  шамалы  ғана 
бөлігі  -  орта  бизнеске  жатады.  Осы  саладағы  ірі  бизнестің  үлесі  мардымсыз,  алайда  ол  тіпті  кейбір 
жерлерде  жұмыс  істеген  жағдайда  да  (вокзалдарда,  әуежайларда,  ірі  қонақүйлерде,  адамдар  көңіл 
көтеретін жерлерде, ірі өнеркәсіптік ұйым, мейрамхана бизнесінің маркетингі және т.б.), ол жанындағы 
әрбір  қызмет,  филиал  немесе  бөлімше  шаруашылық  жағынан  оқшауланған  және  дербес  жұмыс 
істейтін  корпоративтік  басқару  жүйесі  түрінде  ұйымдастырылған.  Мейрамханалар    және  қоғамдық 
тамақтандыру кәсіпорындары мемлекет солардың көмегімен өзінің шағын бизнесіне көмек көрсететін 
немесе  оның  экономикалық  және  ұйымдастыру  қызметін  реттейтін  тәсілдерге  өте  сезімтал.  Ұлттық 
менталитет  пен  қалыптасқан  қызмет  көрсету  мәдениетінің  де  сол  немесе  басқа  елде  тамақтандыру 
кәсіпорындарын  ұйымдастыру  нысандарына  әсер  ететінін  ескеру  қажет.  Мысал  ретінде,  бұл 
көрсеткіштер 4-сызбада көрсетіледі.  
 
 
          4-сызба.Бірнеше елдегі тамақтандыру кәсіпорындары.  
 
4-cызба  деректерінен  АҚШ-та  мейрамхана,  кафе мен «фаст-фуд» кәсіпорындары, Италияда - 
барлар, «пицца» кәсіпорындары мен отбасылық шағын кәсіпорындар басым екені көрінеді. Норвегия 
мен  Германияда  қоғамдық  асханалар  (кәсіпорындарда,  халыққа  әлеуметгік  көмек  ретінде  және  т.б.), 
ал Францияда мейрамханалар мен кафелер көп, бұл елде қалыптасқан дәстүрлермен де, сондай-ақ 
тамақтандыру  кәсіпорыңдарының  дамуымен,  сондай-ақ  халықтың  төлем  қабілеттілігіне  орай  сол 
немесе  басқа  кәсіпорындар  оған  көрсете  алатын  қызмет  түрлерімен  байланысты.  Қоғамдық 
0
20
40
60
80
100
120
АҚШ  Франция Германия  Италия  Норвегия 
Отбасылық 
шағын 
кәсіпорындар 
"Фаст-фуд" 
Асхана 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
153 
 
тамақтандыру қызметі деп заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің халықтың тамақтандыру мен бос 
уақытты өткізу қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі қызметінің нәтижесі аталады. 
Мейрамхана  дербес  шаруашылық  бірлік  немесе  қонақүйдің  бөлігі  ретінде  клиенттердің  гастро-
номиялық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында оларға тамақтануды ұсынады. Осы қызмет түрінің 
сервистік  мақсаты  тек  мейрамхана  бизнесімен  (арнайы  таңдалған  жерлердегі  жеке  мейрамханалар) 
немесе  басқа  мекеменің  құрамдас  бөлігі  ретіндегі  мейрамханамен  (мысалы,  іскерлік  орталықта, 
қонақүйде,  кәсіпорында  және  т.б.)  айналысқан  кезде  қажетті  көлемдегі  пайда  алуды  қамтамасыз 
ететін сату көлеміне жету болып табылады. 
Еліміздегі туризм индустриясын дамыту мақсатында мейрамхана қызметін, оның ішінде ұлттық 
мейрамханалардың  деңгейін  жетілдіру  және  ұлттық  мейрамханаларды  жетілдірудің  мемлекеттік 
стандарттарын  енгізу  маңызды.  Мейрамхана  бизнесі  экономиканың  бір  бөлігі  ретінде  халықты 
тамақтандырып  қана  қоймай,  сонымен  қатар,  жаңа  жұмыс  орындарын  құрып,  халықты  жұмыспен 
қамтиды.  Бұл  елімізде  шағын  және  орта  бизнестің  дамуына  өз  үлесін  қосады.  Туризм  индустриясын 
дамыту  бағытында  шағын  және  орта  бизнесті  жандандыруымыз  қажет,  оның  ішінде,  туризм  саласы 
үшін  қызмет  жасайтын  кәсіпорындардың  (мейрамхана,  ойын-сауық,  экскурсия  және  т.б.)  бизнес-
жобаларын  ынталандырып,  қолдау  көрсетілсе,  еліміздің  туризм  индустриясы  дамып,  ұлттық  салт-
дәстүріміз әлемге танылады.[5, 13 б.]. 
Қорыта айтқанда, Қазақстан  Республикасындағы  туризм  және  сервистік  қызмет саласындағы  
мейрамхана  бизнесінің    дағдарыс    кезеңінен    шығу    жолдары  бойынша  туризм  дамуына  өзара  әсер 
етеді. Сондықтанда туризмнің дамуындағы тағы бір маңызды тенденция ол – жаңа ақпараттық техно-
логияларды енгізу, олар туристік және мейрамхана бизнесіндегі есептілікті жүргізуді түбімен өзгертті. 
Еліміздегі  туризм  индустриясын  дамыту  мақсатында  мейрамхана  қызметін,  оның  ішінде  ұлттық 
мейрамханалардың  деңгейін  жетілдіру  және  ұлттық  мейрамханаларды  жетілдірудің  мемлекеттік 
стандарттарын  енгізу  бойынша  жоғары  деңгейге  өтуге  мүмкіндік  береді.  Ал  шетелдік  туристерге 
келетін  болсақ,  олардың  келуіне  заң  шығарушы  және  басқа  да  басқарушы  органдардың  ықпалын 
тигізеді деген ойдамын. 
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Қазақстан  Республикасы Президентінің 1998 жылы 27 ақпандағы үкімі және Қазақстан  Рес-
публикасының Мемлекеттік бағдарламасы Указ Президента Республики Казакстан о Государственной 
прграмме развития туризма в Республике Казакстан на 2013-2015годы. 
2.http://www.akorda.kz/kz/addresses/memleket-basshysy-nnazarbaevtyn-kazakstan-halkyna-zhol-
dauy-2015-zhylgy-30-karash 
3. Гостиничный и ресторанный бизнес\ под.ред. проф. Чудновского А.Д.-М.:ЭКМОС,2009.-С.137 
4. Уокер Дж.Р.Қонақжайлылыққа кіріспе:Учебник/ Пер. с анг.-М.:ЮНИТИ,2010.-463с. 
5.  Кабушкин  Н.И.,  Бондаренко  ГА.  Мейрамхана  және  қонақ  үй  менеджменті,туризмі:Учебное 
пособие.-Мн.:ООО «Новое знание»,2011.-216с.  
6. Пособия для работников общественного питания/ пер.с нем.-М.Экономика,2010: 
 
 
 
УДК 339.94 
 
ОСНОВЫ  ИНТЕГРАЦИОННЫХ ПРОЦЕССОВ В УСЛОВИЯХ  
МИРОВОЙ ГЛОБАЛИЗАЦИИ 
 
   Исмагулов М.К. – магистрант 1 года обучения специальности 6М050600-Экономика Коста-
найского государственного университета им. А. Байтурсынова 
   Горелов  А.Н.  –  к.э.н,  доцент,  зав.  кафедрой  экономики  Костанайского  государственного 
университета им. А. Байтурсынова 
 
В статье рассматриваются подходы к изучению интеграционных процессов в условиях ми-
ровой глобализации 
 
В настоящее время международная экономическая интеграция представляет собой одно из ос-
новных проявлений глобализации экономики. И одной из значащих составляющих мирового интегра-
ционного  потенциала  является  евразийская  интеграция,  которая  сформировалась  на  постсоветском 
пространстве.  
Интеграционный процесс также можно считать социальным явлением,  которое характеризует-
ся  множеством различных факторов, тенденций и направлений. Он   по  существу означает возмож-
ность выделения нескольких уровней интеграции, объединяющих как интеграционные, так и дезинтег-

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
СОВРЕМЕННЫЕ ТЕНДЕНЦИИ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА 
 
154 
 
рационные факторы в зависимости от сферы их функционирования. Вместе с тем все факторы, опре-
деляющие  интеграционный  процесс,  распределяются  в  основном  по  глобальному  и  региональному 
уровням. 
В переводе с латыни интеграция (integratio) означает сращивание, объединение частей в еди-
ное  целое.  Следовательно,  под  международной    экономической  интеграцией  понимается  высокая 
степень интернационализации производства на основе развития глубоких устойчивых взаимосвязей и 
разделения  труда  между  национальными  хозяйствами,  ведущая  к  постепенному  сращиванию  вос-
производственных структур. Процесс интеграции обычно начинается с либерализации взаимной тор-
говли,  устранения  ограничений  в  движении  товаров,  затем  услуг,  капиталов  и  постепенно  при  соот-
ветствующих условиях и заинтересованности стран-партнеров ведет к единому экономическому, пра-
вовому,  информационному  пространству  в  рамках  региона.  В  итоге  формируется  новое  качество 
международных экономических отношений. При этом интеграция не является стихийным процессом. 
Он предполагает соответствующую политику стран и заключение между ними соглашений о создании 
региональной интеграционной группы (РИГ) того или иного типа. Создается и соответствующая пра-
вовая база хозяйственного взаимодействия. Проводится сознательное целенаправленное регулиро-
вание взаимных торгово-экономических связей [2].
 
Анализ показывает, что интеграционный процесс охватывает отдельные звенья целостной си-
стемы: 
1)  рыночное  обращение  (благодаря  либерализации  торговли),  включая  обращение  товаров, 
услуг, денежной массы, ценных бумаг. Это так называемая «поверхностная» (или «мягкая») интегра-
ция (shallow integration); 
2) собственно производство (глубокая интеграция - deep integration); 
3)  сфера  принятия  решений  (на  уровне  фирм,  предпринимательских  союзов,  национальных 
правительств, международных межправительственных и национальных организаций).  
При этом, необходимо отметить, что интеграция – сложный и противоречивый процесс. Проти-
воречивость  интеграции  в  значительной  степени  базируется  на  различиях  интересов  сторон,  на  не-
одинаковой  способности  отдельных  звеньев  воспроизводственных  структур  к  участию  в  самом  про-
цессе. Легко она протекает в сферах рыночного (особенно товарного) обращения,  менее поддается 
интегрированию непосредственно производственная сфера, наиболее сложная  - это валютная инте-
грация. 
Развитие  мировой  экономики  показывает,  что  процессы  глобализации  тесно  взаимоувязаны  с 
международной интеграцией. Взаимодействие  глобализации и интеграции состоит в том, что эконо-
мическая интеграция ряда государств в том или ином регионе мировой экономики, с одной стороны, 
является  конкретным  проявлением  объективной  тенденции  к  созданию  глобальной  экономической 
системы равноправного партнерства, а с другой  стороны – средством борьбы  за такое равноправие.   
С этой точки зрения, на наш взгляд, обоснованным можно считать мнение одного из первых ис-
следователей проблем интеграции Г. Мюрдаля о том, что международная экономическая интеграция 
является «в своей основе моральной проблемой», предусматривая  «осуществление старого идеала 
равенства возможностей, провозглашенных Западом» [3].
 
 Как известно, термин «интеграция» был впервые применен в 30-х годах XX века шведскими  и 
немецкими  учеными.  Понятие  «интеграции»  применяемое  к  социальной  жизни,  определение  доста-
точно емкое и включает целую группу процессов, протекающих в экономической, культурной, полити-
ческой и других сферах [4]. 
Существует  и  другое  мнение:  В.  Барановский  понимает  под  интеграцией  «состояние  связан-
ности отдельных  дифференцированных частей  в  целое, а также процесс, ведущий к такому состоя-
нию» [5].  Такое определение отражает популярный в настоящее время системный подход. Историче-
ски сложилось, что первые теоретические разработки и анализ процессов интеграции касались стран 
Западной Европы и Северной Америки. 
В  целом,  методологической  базой  различных  концепций  межгосударственной  интеграции  яв-
ляются    положения  общей  теории  международной  экономической  интеграции,  сформированные  в 
Западной Европе. Поэтому закономерно то, что созданные концепции были ориентированы в основ-
ном на условия высокоразвитого индустриального общества. Так как, на тот период не существовало 
других примеров мировой практики. 
Анализ  показывает,  что  одними  из  первых  теоретиков,  проанализировавших  в  1950-х  годах 
процессы  региональной  интеграции,  являются  ученые  А.  Предоль  и  В.  Репке,  работавшие  в  русле 
неолиберального направления. 
Неолиберализм  возник  почти  одновременно  с  кейнсианством  в  30-е  годы  прошлого  столетия 
как  самостоятельная  система  взглядов  на  проблему  государственного  регулирования  экономики. 
Неолиберальная  концепция  и  в  теоретических  разработках  и  в  практическом  применении  основы-
вается на идее приоритета условий для неограниченной свободной конкуренции. Если кейнсианство 
изначальным считает осуществление мер активного государственного вмешательства в экономику, то 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет