Бакалавр, магистр, философия докторын (PhD) даярлау бойынша білім беру



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата07.01.2022
өлшемі125,72 Kb.
#20521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
5. Білім алушы құқылы:

1) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен академик Е.А.Бөкетов

атындағы Қарағанды университетінің Академиялық саясаты белгілеген тәртіпте білім беру

ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір білім беру

бағдарламасынан екіншісіне ауысуға;

2)  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  23  қаңтардағы  №  58  қаулысымен

бекітілген «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу

орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелерінде

белгіленген  тәртіппен,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  бұйрығы

негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ақылы оқуға ауысуға;

3) Шарт жасасу кезінде оқудың барлық кезеңі үшін біржолғы алдын ала төлем алуға, бұл

ретте шарт сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз қалады;

4)  оқу  үшін  кезең-кезеңмен  ақы  төлеуге,  бұл  ретте  еңбекақы  төлеу  шығыстары  мен

инфляция  индексі  ұлғайған  жағдайда  тараптардың  келісімі  бойынша  төлем  мөлшері

өзгертілуі  мүмкін,  бірақ  жылына  бір  реттен  артық  емес;

5) қосымша төлем үшін мемлекеттік стандарттан тыс қосымша білім беру қызметтерін

алуға;

6) кітапхана мен оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол



жеткізуге және пайдалануға;

7) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;

8) жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы Шартқа қосымша келісіммен бекіте отырып, білім

беру ұйымының шешімі бойынша жеке оқу жоспарлары мен жеделдетілген бағдарламалар

бойынша оқуға;

9)  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативтік-құқықтық  актілерінде  көзделген

тәртіппен  және  шарттарда  бар  болған  жағдайда  жатақханадан  орын  алуға;

10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен академик Е.А. Бөкетов

атындағы Қарағанды университетінің Академиялық саясаты белгілеген тәртіппен білім беру

ұйымдарына қайта қабылдануға.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет